146
147
жаппай өндірудің артуы; 2) нақты тапсырыс бойынша емес,
артығымен өндіру көлемінің артуы; 3) аралық өндірушілер мен
тұтынушылар санының өсуі; 4) тауарларды сан, орауыш жəне
əралуандық тұрғысынан аралық жəне соңғы тұтынушылардың
мұқтаждықтарына бейімдеу қажеттілігінің артуы.
6.3.3. Көтерме сауда кəсіпорындарының түрлері
Көтерме саудагерлер тауарға меншік құқығын иеленеді.
Бро-
керлер мен агенттер тауарға меншік құқығын өздеріне алмайды.
Өндірушілердің көтерме сауда бөлімдері мен кеңселері көтерме
саудамен айналысатын өндірушілердің бөлімшелері болып та-
былады.
Көтерме саудагерлер — бұл өздері жұмыс істейтін барлық
тауарларға меншік құқығын иеленетін тəуелсіз коммерциялық
кəсіпорындар. Оларды əртүрлі қызмет саласында түрліше атайды:
көтерме фирмалар, көтерме дистрибьюторлар, жабдықтау үйлері.
6.3.3. кесте
Көтерме сатушылардың жіктелуі
Көтерме саудагерлер
Брокерлер
мен
агенттер
Өндірушілер-
дің көтерме
сауда бөлім-
дері жəне
кеңселері
Əртүрлі
маманданған
көтерме
сатушылар
Толық қызмет көрсету циклы
бар көтерме сатушылар
Өндірістік мақсаттағы
тауарлардың
дистрибьюторлары
Шектеулі қызмет көрсететін
циклы бар көтерме сатушылар
Тауарды жеткізбестен, қолма-
қол есеп айырысатын көтерме
сатушылар
Коммивояжер көтерме
сатушылар
Консигнант көтерме
сатушылар
Ауыл шаруашылық өндірістік
кооперативтер
Көтерме сатушылар —
жіберуші саудагерлер
Брокерлер
Агенттер
Өткізу
бөлімшелері
мен
кеңселері
Сатып
алатын
кеңселер
Ауыл
шаруашылығы
өнімдерін сатып
алатын көтерме
сатушылар
Көтерме сауда
бойынша
мұнай базалары
Аукционға
қатысатын
көтерме сатып
алушылар
Достарыңызбен бөлісу: