А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет94/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   165
Байланысты:
Маркетинг

Баға туралы шешім. Көтерме стаушылар өз шығындарын 
жабу үшін əдетте бағаны белгілі бір дəрежеде қымбаттатады, 
айталық тауардың бастапқы бағасынан 20 % көлемінде. Шығындар 
жалпы табыстың 17 %-на дейін жетуі мүмкін, бұл кезде көтерме 
сатушының таза пайдасы бар болғаны 3 %-ды құрайды. Бакалея-
гастрономдық тауарлар бойынша көтерме саудада таза пайда 
көбіне 2 %-ға да жетпейді. Сондықтан, көтерме сатушылар баға 
қалыптастыру мəселесіне байланысты жаңа əдістерді қолданып 
көреді. Мысалы, олар өздеріне көптеген қажетті клиенттерді тарту 
үшін кейбір тауарларға таза табыс көлемін қысқартуы мүмкін. Олар 
жабдықтаушыға төмен жеңілдік бағасын белгілеу туралы ұсыныс 
жасай алады. 
Ынталандыру тəсілдері туралы шешім. Көптеген көтерме 
сатушылар ыталандыру туралы жиі ойлана бермейді. Олардың 
сауда саласында жарнама қолдануы, өткізуді ынталандыру, жеке 
сатылым əдістері, насихат жүргізуі негізінен кездейсоқ сипатқа 
ие. Əсіресе, оларда жеке сатылым техникасы артта қалып келеді. 
Өйткені, көтерме сатушылар əлі күнге өткізуді негізгі клиенттерге 
сатуды қамтамасыз ететін, сондай-ақ осы клиенттермен қатынасты 
нығайту жəне олардың қызметтерге қатысты қажеттіліктерін 
қанағаттандыруға керекті ұжымдық күш салу деп қарастырмайды. 
Олар өткізу бір комивояжердің бір клиентпен жүргізетін келіссөзі деп 
есептейді. Бұған қоса, көтерме сатушылардың бөлшек сатушылар 
қолданатын жекелік емес ынталандырудың кейбір əдістерін 
пайдаланғаны жөн. Көтерме сатушыларға ынталандырудың тегіс 
қамтитын стратегиясын жасау қажет. Оларға өз мүдделері үшін 
жабдықтаушылар қолданатын ынталандыру материалдары мен 
бағдарламаларын кеңінен пайдалану керек.


154
155
Кəсіпорынның орналасу жері туралы шешім. Көтерме 
сатушылар əдетте өз кəсіпорындарын жалдық ақы жəне салық 
көлемі арзан аудандарға орналастырып, аумақты жөнге келтіру 
мен ғимаратты жабдықтауға барынша аз шығын жұмсайды. 
Олар қолданатын жүк өңдеу жəне тапсырыстарды өткізу əдістері 
көбіне қазіргі заманғы техника мен технология деңгейінен артта 
қалған болып келеді. Алдыңғы қатарлы көтерме сатушылар 
өсіп келе жатқан шығындармен күресу үшін жаңа əдістер мен 
қызмет амалдарын жасайды. Осындай əдістердің бірі түсетін 
тапсырыстарды перфокартаға жазып, сосын электронды есептеуіш 
машинасына түсетін автоматтандырылған қоймалардың жасалуы 
болды. Тауарлар сақтау орнынан механикалық құрылғылардың 
көмегімен алынады жəне тапсырысты іріктеу жүретін тиеу 
платформасына транспортердің көмегімен біреледі. Қойманы 
механизациялау көптеген кеңсе жұмыстарын механикаландыру 
секілді, жоғары қарқынмен дамуда. Көптеген көтерме сатушылар 
компьютерлер мен мəтіндік процессорлардың көмегіне жүгініп, 
оларды бухгалтерлік операциялар, есептерді беру, тауарлы-
материалдық қорларды басқару жəне болжау үшін пайдаланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет