А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы


Көтерме саудагерді немесе агентті таңдау



Pdf көрінісі
бет95/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   165
Байланысты:
Маркетинг

Көтерме саудагерді немесе агентті таңдау. Көтерме сату-
шыны немесе (жəне) агентті таңдау — жауапкершілігі мол ше-
шім. Бұл шешім аталмыш актінің көтерме сауда фирмасының 
немесе агенттің коммерциялық жұмыстың нысаны ретіндегі 
кемшіліктері мен артықшылықтарына қатысты жағымды жəне 
кері жақтарын мұқият таразылағаннан кейін қабылдануы қажет. 
Себебі, нарықтағы фирманың беделіне көтерме сатушымен немесе 
агентпен асығыс жəне аңдаусыз келісім жасалғаны үшін келісімді 
бұзу үлкен зиянын тигізеді. 
Көптеген елдерде мұндай əрекет үкімет тарапынан жаугерлік 
көзқарасты тудыруы мүмкін. 
Кей жағдайларда фирма жергілікті заңдардың ерекшелігіне 
байланысты, өтемақы ретінде қомақты соманы төлеуге мəжбүр 
болады. 
Сондықтан, кəсіпкерлік өзгерістерді олар делдал үшін де, 
жалпы іскери əлем үшін де əділетті болатындай дəрежеде жүргізу 
қажет. Олай болмаған күнде, жаман хабар теріс пікірді жылдам 
қалыптастырып, тез тарайды. 
Таңдау рəсіміне келер болсақ, оны келесі жағдайларды тара-
зылап, жүргізген абзал. 
Көтерме саудагерге қатысты: 
Сіздің тауарыңыз аталмыш көтерме саудагер айналысатын 
номенклатураны толықтыра ма? 
Оның (көтерме саудагердің) əрекет аймағы (шекарасы) қандай?
Бұл аймақ сіздің басқа да делдал көтерме саудагерлеріңіздің 
аймағымен қиылыспайды ма? Мұндай жағдай ұнамсыз бəсеке-
лестікті тудыруы мүмкін. 
Оның коммерциялық жағдайы (бұл аталмыш нарықтағы 
жұмыстың ұзақтығымен, соңғы бірнеше жылдағы есептік көрсет-
кіштердің қарқынымен, капитал құрылымымен, қызметкердің 
орташа жасы мен кəсібилігмен анықталады) сенімді ме? 
Аталмыш көтерме сатушыны оның əріптестері мен басқа да 
сатушы фирмалар (өндірушілер) қалай бағалайды? 
Көтерме саудагердің жаңа клиенттерді тартудағы ептілігі 
қандай? 
Оның қоймаларының қазіргі заманға сай жабдықталу деңгейі 
қандай? 
Бұл қоймаларға апаратын кіре беріс жолдар əралуан, əрі ың-
ғайлы ма? 
Қойма қорларының есебін жүргізу жетілдірілген бе? 
Көтерме саудагер өндіруші фирма ұстанған баға саясатын 
жүргізуге дайын ба? 
Өткізу агентіне байланысты: 
Оның əрекет ету аймағы қандай? 
Оның операцияларының көлемі жеткілікті дəрежеде ауқымды 
ма? 
Оның қызметкерлер штатының біліктілік дəрежесі қанағатта-
нарлық па? 
Агенттің іскери байланыстарының саны жеткілікті ме? 
Біздің тауарымыз болжанған агент айналысатын тауарлар тізі-
мімен үйлеседі ме? 
Барлық агенттердің əрекет ету аймақтары біздің фирманы 
қызықтыратын аумақты қамти ма?
Əдетте, біздің фирманың тауарларымен бəсекеге түсетін тауар-
ларды сатпау туралы талап қою көтерме саудагер мен агентті таңдау 
бойынша негізгі талап болып табылады: олар екі өнімді сатуға 
бірдей дəрежеде құлшыныс көрсетіп, бірдей жақсы жарнамалайды 
деп ойлау ағаттық. 
Өндіруші фирма мен делдалдың қатынастары келісім-шарт-
пен бекітіледі. Бұл құжатта тараптардың туындаған шығын 
мен келісім-шарттағы міндеттерді нақты орындамағаны үшін 


156
157
міндеттері мен жауапкершіліктері, делдалды көтермелеу тəртібі 
жəне т.б. көрсетіледі. Маркетинг бойынша шетелдік нұсқаға сəйкес, 
фирмалардың халықаралық қызметі тəжірибесінде əрекет етудің 
белгісіз мерзімі жəне əріптесін қандай да бір уақыт бұрын ескертіп, 
келісім-шартты бұзу құқығы көрсетілген келісім-шартты бекіту ең 
сенімді жол болып саналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет