А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет127/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   165
Байланысты:
Маркетинг

Стратегиялық жоспарлау фирманың мақсаттары мен 
оның ықтимал мүмкіндіктерінің жəне маркетинг саласындағы 
үміттерінің арасындағы стратегиялық сəйкестілікті жасау, əрі 
сақтауға бағытталған басқарушылық үрдіс. Ол фирманың нақты 
мазмұндалған бағдарламалық мəлімдемесіне, қосымша мақсаттары 
мен міндеттерінің баяндалуына, дұрыс шаруашылық жиынға жəне 
даму стратегиясына сүйенеді. 
8.1.1. сурет. Маркетингті жоспарлау, ұйымдастыру мен бақылау 
жүйесінің арасындағы өзара байланыс
8.1.2. сурет. Стратегиялық жоспарлау кезеңдері 
Стратегиялық жоспарлау кезеңдері 8.1.2. суретте көрсетілген
ал сипаттамасы төменде беріледі. 
8.2. Фирманың бағдарламасы
Нарыққа бейімділік тұрғысынан бағдарламалық мəлімдеме 
кəсіпорынның тұтынушылардың нақты топтарына қызмет көрсетуі 
немесе нақты мұқтаждықтар мен сұранымдарды қанағаттандыруы 
бойынша қызметін анықтайды.
Нарыққа бейімделу бойынша бағдарламалық мəлімдемені жасау 
кезінде басшылық бағдарламаның өте тар немесе өте кең болуына 
жол бермеуі керек. 
8.2.1. суретте қара өрік жасайтын фирманың даму нұсқалары 
көрсетілген. Фирма өзін кептірілген жеміс-жидек өндіруші, жеміс-
жидек компаниясы, тағам компаниясы ретінде қарастыра алады. 
Осыған сəйкес, фирма өзін іш жүргізетін дəрі-дəрмек шығаратын 
немесе фармацевтикалық компания ретінде де қарастыра алады.
Қара өрік өндіретін фирма
Фармацевтикалық компания
Кептірілген жеміс-жидек 
өндіретін фирма
Жеміс-жидек компаниясы
Тағам компаниясы
8.2.1. сурет. Қара өрік өндіретін фирма туралы кеңейтілген 
түсініктердің нұсқалары
ЖОСПАРЛАУ
ҰЙЫМ
БАҚЫЛАУ
Дайындау
Маркетинг
Нəтижелерді 
саралау
Фирманың 
бағдарламасы
Фирманың 
міндеттері
Шаруашылық 
бағдарды дамыту 
жоспары
Фирманың даму 
стратегиясы


202
203


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет