А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет129/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   165
Байланысты:
Маркетинг

8.3. Фирма дамуының стратегиясы
Стратегиялық жоспарлау қазіргі өндірістерді бағалаумен қатар, 
фирмаға болашақта қандай өндірістер ашу қажеттігін, қандай 
салаларға күш салу керектігін анықтауға тиісті. 
Даму стратегиясын үш деңгейде жүргізілген саралаудың 
негізінде жасауға болады. Бірінші деңгейде фирманың қазіргі 
қызметінің аясында қолдана алатын мүмкіндіктері анықталады 
(интенсивті даму мүмкіндіктері). Екінші деңгейде саланың 
маркетингтік жүйесінің өзге элементтермен интеграциялану мүм-
кіндіктері анықталады (интеграциялық даму мүмкіндіктері). 
Үшінші деңгейде саладан тыс мүмкіндіктер анықталады (дивер-
сификациялық даму мүмкіндіктері).
8.3.1. кесте 
Даму мүмкіндіктерінің негізгі бағыттары 
Интенсивті даму
Интеграциялық даму
Диверсификациялық 
даму
Нарыққа терең ену
Регрессивті 
интеграция
Центрлес 
диверсификация
Нарық шекарасын 
кеңейту
Прогрессивті 
интеграция
Көлденең 
диверсификация
Тауарды жетілдіру
Көлденең интеграция
Конгломератты 
диверсификация
ИНТЕНСИВТІ ДАМУ. Интенсивті даму фирма өзінің қазіргі 
тауарлары мен нарықтарына тəн мүмкіндіктерді толық қолданбаған 
жағдайларда пайдаланылады.
1. Нарыққа терең ену фирманың анағұрлым агрессивті марке-
тингтің көмегімен қазіргі тауарларын нарықтарға өткізу жолдарын 
іздестіруін білдіреді.


204
205
2. Нарық шекарасын кеңейту фирманың қазіргі тауарларын жаңа 
нарықтарға шығаруы арқылы өткізуді арттыруға талпынысын 
білдіреді. 
3. Тауарды жетілдіру фирманың қазіргі нарықтар үшін жаңа 
немесе жетілдірілген тауарларды жасау арқылы өткізуді арттыру 
талпынысын білдіреді. 
ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ ДАМУ. Интеграциялық даму қызмет са-
ласының позициясы мықты болғанда немесе (жəне) фирманың 
саланың шегінде алға, артқа немесе көлденең көшу есебінен 
қосымша пайда табу мүмкіндігі туындағанда қолданылады. 
Регрессивті интеграция фирманың өз жабдықтаушыларын иелігіне 
алуға немесе қатаң бақылауда ұстауға талпынысын білдіреді. 
Прогрессивті интеграция фирманың тарату жүйесін иелігіне алу 
немесе қатаң бақылауда ұстау талпынысын білдіреді. 
Көлденең интеграция фирманың бəсекелестердің бірқатар 
кəсіпорындарын өз иелігіне алу немесе қатаң бақылауда ұстау 
талпынысын білдіреді.
ДИВЕРСИФИКАЦИЯЛЫҚ ДАМУ. Диверсификациялық даму 
сала фирмаға ары қарай даму мүмкіндігін бермегенде немесе 
осы саладан тыс даму мүмкіндіктері елеулі тартымды болған 
жағдайларда өзін-өзі ақтайды. 
Компания жинаған тəжірибесін пайдаланатын бағытты немесе 
қазіргі кемшіліктерді жоюға ықпалын тигізетін бағыттарды анық-
тауға тиісті. Диверсификацияның үш түрі бар: 
1. Центрлес диверсификация, яғни өз номенклатурасын 
техникалық немесе (жəне) маркетингтік тұрғыдан фирманың 
қазіргі тауарларына ұқсас бұйымдармен толықтыру;
2. Көлденең диверсификация, яғни өз ассортиментін фирманың 
қазіргі өнімдерімен ешбір байланысы жоқ, бірақ қазіргі клиенттердің 
қызығушылығын тудыратын өнімдермен толықтыру;
3. Конгламераттық диверсификация, яғни өз ассортиментін 
фирма қолданатын технологияға да, қазіргі тауарлары мен 
нарықтарға ешқандай қатысы жоқ өнімдермен толықтыру. 
Стратегиялық жоспарлау үрдісі өзара байланысты жеті 
кезеңнен тұрады. Оларды фирманың басшылығы мен маркетингтік 
қызметтерінің қызметкерлері бірлесіп жүзеге асырады. Ол 8.3.1. 
суретте көрсетілген. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет