А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет133/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   165
Байланысты:
Маркетинг

8.3.3. сурет«Бостон консалтинг груп» матрицасы
«Жұлдыз» дамушы саладағы жетекші орынға ие (нарықтағы 
үлесі үлкен). Негізгі мақсаты — өсіп келе жатқан бəсекелестік 
жағдайында фирманың ерекше басымдығын ұстап тұру.
«Сауын сиыр» (нарықтағы үлесі үлкен) салыстырмалы түрде 
жетілген немесе қысқарған салада жетекші орынға ие (баяу даму), 
бұрын дамып кеткен немесе қысқарушы салада бос орынды 
алады. 
«Сауын сиыр» оның нарықтағы үлесін сақтауға қажеттіден көп 
қолма-қол қаржы (табыс) береді. Бұл ақша компанияның басқа 
СШБ-сының өсуіне көмектеседі.
«Қиын бала» немесе «Сұрақ белгісі» (нарықтағы үлесі шағын) 
дамушы саладағы нарыққа елеусіз əсер етеді (жылдам даму). 
Компания жылжытуға шығындарды кеңейту қажет пе, өткізу 
каналдарын белсенді түрде іздеу керек пе, сипаттаманы жақсартып, 
бағаны төмендету, əлде нарықтан кету қажет пе деген мəселелерді 
шешуге тиісті. 
«Ит» — бұл жетілген немесе қысқару үстіндегі (баяу даму) 
саладағы өткізу көлемі шектеулі (нарықтағы үлесі шағын) СШБ.
Нарық стратегиясының табысқа əсер ету бағдарламасы (PIMS) 
түрлі экономикалық параметрлердің жəне ұйым қызметінің 


210
211
екі сипатының (инвестициядан түсетін табыс жəне қолма-қол 
қаржының қозғалысы) арасындағы өзара қатынасты орнату үшін 
бірқатар корпорациялардан мəліметтер жинауды қарастырады. 
Мұндай СШБ-сы бар компания мамандандырылған нарыққа шыға 
алады, қызмет көрсетуді барынша азайту арқылы табыс таба алады 
немесе нарықтан кете алады.
Дамушы нарықтар компаниялардан қаражат талап етеді, 
нарықтағы салыстырмалы жоғары үлес ақша түсімін көбейтеді, ал 
инвестицияның жоғары дəрежесі ақшаны жұтады. 
Портердің жалпы стратегиялық үлгісі маркетингті жос-
парлаудың екі негізгі тұжырымдамасын жəне олардың əрбі-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет