А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы


 № 2 ептілікке арналған тренинг тапсырмасын



Pdf көрінісі
бет141/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   165
Байланысты:
Маркетинг

2. № 2 ептілікке арналған тренинг тапсырмасын 
орындау мысалы
Шешімі
1. Тауар сатудан түскен түсімдердің жалпы сомасын анықтау 
(Баға х сатылған тауар бірлігінің саны): 40 × 200 = 8 000 доллар.
2. Өндіріске кеткен шығынды анықтау (Өндіріске кеткен шы-
ғындар).
3. Тауар бірлігін өндірудің өзіндік құны х өндіріс көлемі: 30 × 
200 = 6 000 доллар. 
4. Делдалдық қызметке кеткен шығынды анықтау (өткізу 
көлемінен пайызбен есептелетін комиссиялық сыйақы): 8000 × 8 
% : 100 = 640 доллар. 
5. Жалпы шығынды анықтау: (2 + 3); 6000 + 640 = 6640 доллар.
6. (Таза) табысты есептеу: 8000 – 6640 = 1360 доллар. 
Жауабы: 1360 доллар. 
Келесі тапсырмаларды өз беттеріңше орындаңдар: 
2.1. тапсырма 
Өзіндік құны 300 у.е. тұратын 150 тігін машинасы делдал 
арқылы əрқайсысы 400 у.е.-дан сатылды. Делдал өткізу көлемінің 
10%-ы көлемінде комиссиялық сыйақы алды. Өндірушінің таза 
табысын анықтаңыз.


222
223
2.2. тапсырма
Компания тікелей таратудың тікелей жолы арқылы 20 автокөлік-
ті 10 мың доллардан сатты. Бір автокөлікке кеткен өндіріс шығыны 7 
мың долларға тең, тауардың бүкіл партиясын тасымалдау мен сақтауға 
шығын 5 мың долларды, ал маркетингтік зерттеулерге шығын 2 мың 
долларды құрады. Өндірушінің таза табысын анықтаңыз.
2.3. тапсырма
Өндіруші делдал арқылы 8 мың шарикті қаламсапты 6 у.е.-дан 
сатты. Бір қаламсапты өндірудің өзіндік құны — 4 у.е. Делдалдың 
сыйақысы 6 %-ды құрады. Өндірушінің таза табысын анықтаңыз.
3. № 3 ептілікке арналған тренинг тапсырмасын 
орындау мысалы
Тапсырма
10 км арақашықтықтың 1 км-іне кеткен көлік шығындары тауар 
бірлігіне 10 долларды, тұрақты қойма шығындары 600 долларды, 
айнымалы шығындар тауар бірлігіне 2 долларды, мерзімінде 
орындалмаған тапсырыстардың құны 300 долларды құраған 
жағдайдағы тауар қозғалысының жалпы сомасын есептеңіз. Тауар 
қозғалысына 100 тауар бірлігі қатысты.
Шешімі
1. Көлік шығындарын анықтау (Тауар бірлігін 1 км-ге 
тасымалдаудың өзіндік құны х Саны х Арақашықтық): 10 × 100 × 
10 = 10000 доллар.
2. Тұрақты қойма шығындарын анықтау: 600 доллар. 
3. Айнымалы қойма шығындарын анықтау (Қорлар бірлігіне 
айнымалы шығындар × Қоймадағы қорлар): 2 × 100 = 200 доллар.
4. Кепілдендірілген мерзімде орындалмаған тапсырыс құнын 
анықтау: 300 доллар.
5. Тауар қозғалысы шығындарының жалпы сомасы: 10000 + 600 
+ 200 + 300 = 11100 доллар. 
Жауабы: 11100 доллар.
Келесі тапсырмаларды өз беттеріңше орындаңдар: 
3.1. тапсырма
Тұтынушыға 50 км арақашықтыққа аспаптардың 200 жиын-
тығын жеткізудің өзіндік құны 50 долларды құрады. Тұрақты 
қойма шығындары 1000 долларға, тауар бірлігіне айнымалылар 
20 долларға, кепілдендірілген мерзімде орындалмаған тапсыры-
стардың құны 2000 долларға тең. Тауар қозғалысының жалпы 
сомасын анықтаңдар. 
3.2. тапсырма
Тұтынушыға 200 км арақашықтыққа 6 мың шоколад жиынтығын 
жеткізудің өзіндік құны 0,01 долларды құрады. Тұрақты қойма 
шығындары 500 долларға, тауар бірлігіне айнымалылар 0,05 
долларға тең. Барлық тапсырыстар кепілдендірілген мерзімде 
орындалды. Тауар қозғалысы шығындарының жалпы сомасын 
анықтаңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет