А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы


Келесі тапсырмаларды өз беттеріңше орындаңдар



Pdf көрінісі
бет143/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   165
Байланысты:
Маркетинг

Келесі тапсырмаларды өз беттеріңше орындаңдар
4.1. тапсырма
Сұрақ дұрыс құрастырылған ба, алгоритммен сəйкестігін тек-
серіңдер. Қажет болса, өзгертулер енгізіңдер. 
Сауда компаниясы сатып алушылардың əртүрлі маркалардың 
мониторларына қатысты талғамдарын зерттейді.
«Sony» фирмасы шығарған мониторлардың сату бойынша 
көшбасшы болып табылатыны барлығына белгілі; сіз өзіңіз 
осындай монитор сатып алдыңыз ба?
Шешімі 
4.2. тапсырма 
Сұрақ дұрыс құрастырылған ба, алгоритммен сəйкестігін тек-
серіңдер. Қажет болса, өзгертулер енгізіңдер. 
Жарнама агенттігі жаппай сауалнама жүргізу жолымен жеке 
адамдардың психологиялық мінез-құлқы мен жаңа тауардың жар-
намасын қабылдауы арасындағы байланысты зерттейді. Жаппай 
сауалнама анкетасына мынандай сұрақ енгізілген: 
Сіз иланғыш адамсыз ба немесе үстемдік құруға ұмтыласыз ба? 
 
4.3. тапсырма
Сұрақ дұрыс құрастырылған ба, алгоритммен сəйкестігін тек-
серіңдер. Қажет болса, өзгертулер енгізіңдер. 
«Экономика жəне өмір» газетінің редакциясы өз оқырманда-
рының əлеуметтік мінез-құлқы туралы, соның ішінде білім деңгейі 
жөнінде зерттеуге тапсырыс берді. 
Білім деңгейіңізді көрсетіңіз.
2. № 4 ептілікке арналған тренинг тапсырмасын 
орындау мысалы
Тапсырма
«Октябрь» фармацевтік кəсіпорны бəсекелес фирманың (неміс-
тің Bayer фирмасы) өніміне сұранысты зерттеуге қызығушылық 
танытты. 
Балама сұрақ құрастырыңыз.


226
227
Шешімі
Алгоритм
1. Сұрақ қоюдың мақсатын анықтау
2. Сұрақтың құрастырылуы
3. Жауаптар «иə», «жоқ» түрінде
4. Құрастыруды қажет болғанда 
редакциялық түзеу
Алгоритмді орындау
1. Тауарға сұраныстың, сатып алу 
актісінің болуы
2. Соңғы үш айда Bayer фирманың 
аспиринін сатып алдыңыз ба?
3. Сұрақтың құрастырылуы 
барлық талаптарға сай келеді жəне 
редакциялауды талап етпейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   139   140   141   142   143   144   145   146   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет