А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет142/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   165
Байланысты:
Маркетинг

ЕПТІЛІК ТРЕНИНГІ 
4. № 4 ептілікке арналған тренинг тапсырмасын 
орындау мысалы
1. «Октябрь» фармацевтік кəсіпорны халықтың отандық жəне 
шетелдік қабынуға қарсы нестероидты дəрілерге деген қарым-
қатынасындағы динамиканы зерттеуге қызығушылық танытты. 
Анкетаға арналған сұрақ дұрыс құрастырылған ба, тексеріңдер. 
Қажет болса, түзетулер енгізіңдер.
«Сіз осыдан бес жыл бұрын қабынуға қарсы нестероидты 
дəрінің қайсысын сатып алуды қалайтын едіңіз: отандық па, əлде 
шетелдік пе?»
Шешімі
2. Келесі кəсіпорындардың маркетингтік қызметтерін кестенің 
сəйкес бағаналарында қандай ұстаныммен бөлген дұрыс екендігін 
анықтаңдар. Орнына қойыңдар.


224
225
Тапсырманың шарты
Маркетинг қызметін қолдану ұстанымдары
функци-
оналды
геогра-
фиялық
тауар-
лы
нарық-
тық
тауарлы-
нарықтық
«Союз-внештранс» көлік-
экспедиторлық фирмасының 
Мəскеу, Санкт-Петербург, 
Находка, Калининград 
қалаларында филиалдары 
бар. 
Сағат зауыты əйелдер, ерлер 
сағаттарын, будильниктер, 
қабырға сағаттарын, 
əуе жəне теңіз флотына 
арналған хронометрлер 
шығарады. Итальяндық 
офис жиһазын сататын 
фирма (ДК үстелдері, жұмыс 
үстелдері, орындықтар, 
креслолар)
Алгоритм 
1. Құрастырудың 
зерттеу мақсатына 
сəйкестігін тексеру.
2. Құрастырудың сұр
алушыларға
түсініктілігін 
тексеру.
3. Құрастырылған 
сөйлемнің сұралған 
адамға қатысты 
сыпайылығын 
тексеру
4. Мағыналық 
нақтылықты, 
екіұшты
мағынаның 
жоқтығын тексеру.
5. Құрастыруды 
редакциялау
Алгоритмді орындау
1. Сұрақтың құрастырылуы зерттеу мақсаттарына сай 
2.« Қабынуға қарсы нестероидты дəрілер» деген сөз 
тіркесі тұтынушыларға түсінікті емес, медициналық 
термин болып табылады. 
3. «Осыдан бес жыл бұрын» — дөрекі құрастыру. 
Сұралушының бұрынғы уақыттағы таңдауын еске 
түсіруі екіталай. Осыған орай, мұндай жолмен 
алынған ақпарат сенімсіз болады. 
4. Нақты дəріні атаған дұрыс. Себебі, осы топтағы 
əртүрлі дəрілерге өндіруші елге қатысты əртүрлі 
таңдаулар болуы мүмкін. 5. Редакциялаудан кейін 
сұрақты 2 бөлікке бөлген дұрыс.
1) Сіз қандай аспирин сатып аласыз: отандық па, əлде 
шетелдік пе?
А. отандық Ə. Шетелдік
2) Соңғы жылдары отандық аспириннің сапасына 
деген пікіріңіз өзгерді ме?
А. пікірім жақсарды Ə. пікірім өзгерген жоқ 
Б. пікірім нашарлады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет