4.12. Сұрыптауды анықтау Тəжірибе жүзінде көптеген əңгімелесулер өткізу мен олардың
мазмұнын саралауға уақыт пен қаражат ешқашан жетіспейді.
Сұрыптаудың аз мөлшеріне байланысты кемшіліктерді жою
үшін мотивацияны зерттеу кезіндегі əңгімелесу барысында сұра-
латындардың санын арттыруға мүмкіндік беретін саралау əдісі
қолданылады.
Əңгіме не туралы болып отырғанын анықтау үшін (біздің
құзырымызда 40 əңгімелесу бар делік), біз оларды 5 топқа бөлеміз
(8-ден). Сарапшылар бір-бірінен тəуелсіз зерттелетін тақырыптар
бойынша жұмыс істейді. Олардың сараптау нəтижелерін салысты-
ру ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көрсетіп береді. Осы-
дан кейін келесі кезеңдерде пайдалануға болатын тақырыптарды
дайындауға жəне құралдарды таңдауға мүмкіндік беретін ғылыми
болжамдар туындайды, т.с.с.
4.13. Жалпы сипаттағы əңгімелесулер Сөз жоқ, тап осындай əңгімелесу сұралатын адамға ең көп
еркіндік береді, бұл əңгімелесудің формасы анағұрлым еркін бо-
лып табылады.
Бұл əдістің мəнісі сұхбат алынатын адамды түсінуге бағытталған.
Аталған əдіс сұхбат алынатын адамға өзін өзі үздіксіз зерттеуге,
өз сезімдерін, бейімділіктерін, пікірін, өз іс-əрекетінің себептерін
саралауға, өзіне ұсынылған тақырыпта ойлануға мəжбүрлеуге
тиісті.
Зерттеуші сұхбат алынатын адамға оның өзі айтқан сезімдерін,
пікірін, қабылдауын түсіндіруге тиісті. Бірақ, ол талдамастан,
бағаламастан, келіспейтіндігін айтпастан жəне мəселенің шешімін
ұсынбастан түсіндіруі қажет.
Жалпы сипаттағы əңгімелесу ережесі:
— зерттеуші сұхбат алынатын адамды сабырлықпен жəне
достық шыраймен, бірақ сынамастан тыңдау керек;
— зерттеуші ешқандай қысым көрсетпеуі қажет; ол сұхбат
алынған адаммен пікірталасқа түспеуі керек.
Ол белгілі бір жағдайларда ғана сөйлеп, сұрақ қоя алады:
— сұхбат алынатын адамға өз ойын айтуға мүмкіндік беру
үшін;
— зерттеуші мен сұхбат алынатын адамның арасында орнаған
байланысқа кедергі келтіретін сұхбат алынатын адамның күдігін
сейілту үшін;
— қалып қойған немесе жеткілікті ашылмаған мəселе бойынша
əңгімеге оралу үшін.