84
85
барлығы бұл құжаттармен
таныс болғаны дұрыс, бұл жұмыстың
мақсатын дұрыс түсінбеуге жол бермеуге жəне осыдан туындай-
тын білместіктерден, күш пен қаржыны босқа жұмсаудан аулақ
болуға көмектеседі.
Нарықты сараптау кезінде қарастырылатын мəселелердің қата-
рына мыналарды жатқызуға болады:
— нарықтың жəне оның жеке сегменттерінің сыйымдылығын
айқындау;
— өтімді конъюнктуралық жəне болжамдық зерттеу;
— сатып алушылардың мінез-құлқын зерттеу (фирманың
тауарға қарым-қатынасы, сатып алу себептері, сатып алу əдістері,
т.б.);
— бəсекелестер қызмет тəжірибесін зерттеу;
— жаңа тауарды енгізуге байланысты
ықтимал реакцияларды
зерттеу (ықтимал өтімнің көлемі, бəсекелестердің ықтимал жауап-
тары жəне т.б.).
Импорттық тауарға байланысты нарықтың сыйымдылығын
анықтау өте маңызды, себебі осының негізінде өткізу желісі
жұмысының нəтижелілігін, сауда агенттіктерінің белсенділігін,
жарнаманың рөлін жəне оның қарқындылығына қойылатын
талаптарды бағалауға болады.
Шетелдік мамандардың айту-
ынша, «компания нарықтың көлемін білместен, өз саудасының
қарапайым түрде өсуімен оңай қанағаттана алады, бұл уақытта
аталмыш тауарлар (əңгіме өндірістік мақсаттағы тауарлар ту-
ралы болып отыр.— авт.) арналған салалар едəуір жоғары
қарқынмен өсіп жатады. Екінші жағынан, сауданың құлдырауы
жетекші қызметкерлерді қатты алаңдатуы ықтимал, алайда,
шындығында тұтастай саладағы құлдырау аталмыш фирманың
нарықтағы үлесінің өсуін қамтамасыз етіп, едəуір
қарқынды
жүруі мүмкін».
Достарыңызбен бөлісу: