А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы



Pdf көрінісі
бет98/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   165
Байланысты:
Маркетинг

6.4.1. сурет. Бөлшек саудагерлердің жіктелуі
Толық қызмет көрсететін бөлшек сауда кəсіпорындары
Фешенебельді универмаг секілді орындарда сатып алушыға 
тауарды іздеу, салыстыру, таңдау үрдісінің барлық кезеңдерінде 
көмектесуге əзір сатушылар болады. Өздеріне қызмет көрсетілгенін 
қалайтын тұтынушылар тап осындай дүкендерге барғанды дұрыс 
санайды. Қызметкерлерді ұстауға кететін үлкен шығындар, олардың 
ерекше сұраныстағы жəне баяу өтетін тауарлар (сəнді бұйымдар, 
зергерлік бұйымдар, кинокамералар) номенклатурасындағы едəуір 
жоғары пайызы, сатып алынған тауарларды қайтару тəжірибесіне 
ымырашылдықпен қарау, несиелеудің əртүрлі схемаларын 
пайдалану, сатып алынған тауарларды тегін жеткізіп беру, ұзақ 
мерзім қолданылатын тауарларға үйде техникалық қызмет 
көрсету, сатып алушыларға демалу бөлмесі жəне ресторан секілді 
қолайлы жағдай жасау — осының барлығы мұндай дүкендерге 
жоғары үстеме шығын əкеледі. Сондықтан болар, соңғы бірнеше 
ондаған жылдың ішінде толық қызмет көрсететін бөлшек сауда 
мекемелерінің саны қысқаруда.
6.4.2. кесте 
Кəсіпорындарды жіктеудің əртүрлі тəсілдері 
Ұсыны-
латын тауар 
ассор-
тименті
Бағаға са-
лыстырма-
лы назар 
аудару 
Сауда 
қызметінің 
сипаттамасы 
Дүкеннің 
түрі
Дүкендер 
шоғырла-
нуының 
əралуан-
дығы
Мамандан-
дырылған 
дүкен
Төмен 
бағалар 
дүкені
Тауарға по-
шта немесе 
телефон 
арқылы тап-
сырыс беру 
саудасы
Корпоративті 
торап
Орталық 
іскер аудан
Универмаг
Қойма-
дүкен
Сауда авто-
маттары
Бөлшек 
саудагер-
лердің ерікті 
торабы жəне 
бөлшек 
саудагер-
лердің 
кооперативі
Аймақтық 
сауда 
орталығы


160
161
Кестенің жалғасы
Универсам
Дүкен-
көрсету 
залы, 
каталог 
бойынша 
сататын-
дар
Жеңілдікпен 
тапсы-
рыс беру 
қызметтері
Тұтыну-
шылық коо-
ператив
Аудандық 
сауда 
орталығы
Күнделікті 
сұраныс 
тауарла-
рының 
дүкені
Үйді-үйге 
апару сау-
дасы
Артықшы-
лықтарды 
ұстайтындар 
бірлестігі
Ықшам-
ауданның 
сауда 
орталығы 
Құрамда-
стырылған 
универ-
сам, кең 
бағдардағы 
универ-
сам, сауда 
кешені
Бөлшек сау-
да конгломе-
раты
Қызмет 
көрсетудің 
бөлшек 
кəсіпорны
Бөлшек сауда кəсіпорындарын сипаттағанда оларды бірнеше 
бастапқы параметрлер негізінде жіктейміз: ұсынылған тауар 
ассортименті, бағаларға салыстырмалы назар аудару, сауда бойын-
ша қызмет көрсетудің сипаты, дүкеннің түрі жəне дүкендер 
шоғырлануының əралуандығы. Бөлшек сауда кəсіпорындарының 
түрлері 6.4.2. кестеде көрсетілген. Олардың сипаттамасы төменде 
берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет