170
171
партиясын сатып алуға, сол арқылы сан жағынан барынша көп
жеңілдіктер алуға жəне көлік шығындарын азайтуға мүмкіндік
береді. Екіншіден, олар жақсы басқарушыларды жалдап,
өткізуді болжау, тауарлы-материалдық қорларды басқару, бағаны
қалыптастыру, ынталандыру саласында арнайы əдістемелерді
əзірлеу арқылы əрекетшіл ұйымдық құрылымдарды құруға қабілетті.
Үшіншіден, тораптар көтерме жəне бөлшек сауда функцияларын
біріктіре алады. Ал тəуелсіз бөлшек саудагерлерге көптеген
көтерме сатушылармен жұмыс істеуге тура келетіні жасырын
емес. Төртіншіден, тораптар өз дүкендері үшін тиімді жарнаманы
сатып алып, оған жұмсалатын шығындарды тауарлардың үлкен
партияларына жатқызу арқылы, өткізуді ынталандыру бойынша
шығындарды азайтады. Бесіншіден, тораптар өз дүкендеріне
белгілі көлемде еркіндік береді. Бұл дүкендердің жергілікті жердегі
тұтынушылық талғамды ескеруіне жəне жергілікті нарықтағы
бəсекелестік күресті нəтижелі жүргізуіне мүмкіндік береді.
Корпоративтік тораптармен қатар, ерікті тораптар да болады.
Олар «көтерме саудагерлер» туының астына біріккен тəуелсіз
бөлшек саудагерлердің жиынтығын жəне өз күштерін біріктірген
тəуелсіз бөлшек саудагерлер кооперативтері түрінде болады.
Достарыңызбен бөлісу: