А. Б. Рахимбаев Маркетинг теориясы жəне практикасы Оқу құралы Алматы


Өзіне өзі қызмет көрсететін бөлшек сауда кəсіпорындары



Pdf көрінісі
бет97/165
Дата15.11.2022
өлшемі2,27 Mb.
#50338
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   165
Өзіне өзі қызмет көрсететін бөлшек сауда кəсіпорындары. 
Бүгінде бөлшек сауда дүкендерінің қызметін қоғамның барлық 
топтарының өкілдері, əсіресе күнделікті сұранысқа ие тауарларды 
жəне алдын ала таңдалатын тауарларды сатып алу кезінде 
қолданады. Өзіне өзі қызмет көрсету жеңілдікпен сатылатын кез 
келген саланың негізі болып табылады. Көптеген тұтынушылар 
үнемдеу үшін тауарды іздеумен, салыстырумен жəне таңдаумен 
дербес айналысуға əзір. 
Тауарды еркін іріктейтін бөлшек сауда кəсіпорындары. Мұн-
дай жерлерде қажет жағдайда көмек сұрауға болатын сатушылар 
болады. Клиент сатушының жанына барып, онымен сатып алған 
тауар үшін есеп айырысып, келісімді аяқтайды. Еркін іріктеу 
бойынша дүкендердің үстеме шығындары өзіне өзі қызмет көрсету 
дүкендерімен салыстырғанда, едəуір жоғары. Бұл қосымша қыз-
меткерлерді ұстау қажеттілігімен байланысты.
Шектеулі қызмет көрсететін бөлшек сауда кəсіпорындары 
сатып алушыға сауда қызметкерінің тарапынан жоғары деңгейде 
қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Себебі, мұндай дүкендерде 
алдын ала таңдауға болатын тауарларды көбірек сатады жəне 
сатып алушыларға көбірек ақпарат қажет болады. Бұған қоса, 
бұл дүкендерде тұтынушыларға несие арқылы сатып алуды жəне 
сатып алған тауарды кері қабылдау бойынша қызметтерді ұсынады. 
Əдетте, едəуір шектеулі қызмет көрсетілетін дүкендерде мұндай 
қызметтер жоқ.


158
159
ҚЫЗМЕТТЕР 
САНЫНЫҢ 
ҚЫСҚАРУЫ
Өзіне өзі 
қызмет 
көрсету
Толық қызмет 
көрсету
Тауарларды 
еркін іріктеу
ҚЫЗМЕТТЕР 
САНЫНЫҢ 
АРТУЫ
Шектеулі қызмет 
көрсету
Көрсетілетін 
қызметтердің 
минимальды 
саны
Бағаның 
тартымдылығы
Тұрақты 
сұраныстағы 
негізгі тауарлар 
саудасы 
Күнделікті 
сұраныстағы 
тауарлар 
саудасы
Көрсетілетін 
қызметтердің 
шектеулі саны 
Бағаның 
тартымдылығы 
Тұрақты 
сұраныстағы 
негізгі тауарлар 
саудасы 
Күнделікті 
сұраныстағы 
тауарлар 
саудасы
Қызметтердің 
шағын 
əралуандығы 
Алдын ала 
таңдалатын 
тауарлар 
саудасы
Қызметтердің кең 
əралуандығы 
Сəнді тауарлар 
саудасы
Ерекше 
сұраныстағы 
тауарлар саудасы
Бөлшек сауда 
дүкендері — 
қоймалар
Бакалея-
гастрономдық 
дүкендер 
Төмен бағалар 
дүкені 
Жіберу 
саудасының 
кəсіпорындары 
Сауда 
автоматтары 
Төмен бағалар 
дүкендері
Галантереялық 
дүкендер 
Жіберу 
саудасының 
кəсіпорындары 
Үйді-үйге 
апарып сату
Универмагтар 
Телефон 
арқылы сату
Галанте-
реялық 
дүкендер 
Мамандан-
дырылған 
дүкендер 
Универмагтар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет