14
А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының «Тілтаным» журналы. 2020. №3
Сонымен бірге ол «Шора» журналына жазған (1913, №4) «Қазақша сөз жазушы-
ларға» деген мақаласында да бұл ойын былайша нақтылай түседі: «Қырық мысал»,
«Маса» турасында айтатыным: олар халық үшін жазылған нәрсе, халық айтуынша
жазылған. Өз тілімізден шығарып, емле түзгенше, халықтың айту ауанынан шықпай-
мыз. Басқаларда даяр емле бар ғой, соны алайық деп, қисық емлеменен тілімізді
қисайтпаймыз. Тілдің ауанына қарамай, харіптің, емленің ауанына бұрып тілдің
көркін бұзған, әдеби тілімен жазамыз деп, жат тілмен жазып, өз тілінен айрылған
басқа түріктердің ізіне түсіп, тілімізді аздырғанды мақұл көрмейміз. «Вахыт» пен
«Шора»-ны оқығанда қолымызға лұғат кітабын алып отырып оқимыз... Біздің қазақ-
тың ісі жаңа басталып келеді. Не болары белгісіз. Қазақ я құрып жоқ болар, я өз
тілімен де өзгелердей тіршілік етер. 20-ншы ғасырға шейін түріктің тілін аздырмай
асыл қалпында алып келген, тіл турасындағы абырой мен алғыс қазаққа тиісті. Ата-
ның аздырмай берген мүлкін қолымызға алып, быт-шытын шығарсақ, ол ұнамды іс
болмас».
Осы тұстағы, қосып айта кетер бір жайт – Ахмет Байтұрсынұлы бастаған қазақ
зиялылары о бастан-ақ қазақ әдеби тілінің (яғни оқығандар тілінің – Б.М.) қабыр-
ғалы қазақ тілінен, яғни қалың жұртшылықтың (көпшілігі хат танымайтын) ауызекі
тілінен ауытқып, алшақтап кетпеуіне көп көңіл бөлді. Орыс және Европа тілдеріндегі
«ақсүйектер» тілін, олардың халық тілінен мүлдем қашықтап, жат болып кеткенін
білетін Ахмет Байтұрсынов сынды зиялылар әу бастан-ақ бұл бағытқа қарсы күрес
ашты, әрбір мақала, сөйлеген сөздерінде оған тойтарыс беріп отырды. Халық тілі
мен ғылым тілін (яғни, оқығандар тілін – Б.М.) жақындастырудың, жымдастырудың
жолы ретінде термин сөзді қалың көпшілікке түсінікті халық тілінен алу ұсынылды.
А. Байтұрсынов бұл ойын съезде шығып сөйлеген сөздерінің бәрінде үнемі қайталап
отырды. Сол арқылы әдеби тіл тым «ақсүйектеніп», қалың бұқарадан алыстап кет-
кен өзге туыстас түркі жұртының ғалымдарына ой салғысы келді. Мәселен, ол бір
жарыссөзге шыққанында былай деп өз ойын нығыздай түсті: «Мы, казахи, с самого
начала возникновения своего печатного слова стали держаться иного принципа, чем
другие. Мы имели ввиду всегда народную массу и старались, чтобы произведения
печати были в полной мере доступной всем мало-мальски грамотным казахам, а
через них и неграмотным. Мы старались, чтобы каждая мысль, брошенная в толщу
населения, могла быть подхвачена каждым, чтобы зародить в массе интерес к знанию
и зарядить его знанием для правильного понимания окружающей действитель-
ности. Первым условием, необходимым для достижения этой цели, мы считаем
доступность языка произведений для массы. В силу этого приходилось выражать
на родном языке и такие понятия и идеи, которых раньше у народа не было и кото-
рым теперь поневоле пришлось облечься в казахские слова и выражения» [4]. Шын-
дығында, газеттегі материалдардың бәрі де қазақ үшін маңызды әрі жаңалыққа толы
еді. Енді мәтіндердің емле ерекшеліктерін анықтау үшін мәтіннің нақты үлгісін
(қалай жазылса, сол үлгіні сақтап, бірақ кирилл қаріптеріне көшіріп) оқып көрелік:
Достарыңызбен бөлісу: