А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі кафедрасы СӨж тақырыбы: Сын есім мен сан есімнің даму тарихы Орындаған


Етістіктен сын есім жасайтын аффикстер



бет3/5
Дата03.12.2023
өлшемі99,16 Kb.
#134136
1   2   3   4   5
Етістіктен сын есім жасайтын аффикстер. Етістіктен сын есім жасайтын аффикстер тобына жатқызылып жүрген қосымшалар о баста таза есім мәніндегі (зат есім, не сын есім) сөздер жасамағаны айқын. Бір кездерде етістік түбірлерге қосылып есімше не қимыл есімін жасаған аффикстер түбірмен бірігіп, контексте қолданылу ыңғайымен бірде зат есім, бірде сын есім қызметінде қалыптасуы түркі тілдерінің даму барысында тоқталмаған процесс. Сол процестің нәтижесінде бүгінгі түркі тілдерінде, соның бірі қазіргі қазақ тілінде арғы негізі етістік, адъективацияға ұшыраған сөздердің едәуір тобы пайда болды. Мұндай сын есімдерге негіз болған байырғы түбірлердің біразы қазіргі тілде де еркін қолданылатын етістіктер.
-қы (-кі) аффиксі бұралқы, жинақы, күлдіргі, оралғы, шұбалаңқы, ойнақы, т. б. сөздер құрамында бар. Бұлардың алғашқы түбірлері етістік екені бұра, жина, күл, ора, шұба, ойна сөздерімен салыстыра қарағанда айқындалады. Қөне түркілік ескерткіштерде -ғу, -гү, -қу, -кү пішіндес аффикстер де етістік түбірге жалғанған: Бу ебге кіргү едз ол (МҚ, II). «Бұл үйге кіретін уақыт». Сенің барғүң қачан «Сенің баратын уақытың қашан?». Менің барғум йақты (МК, II). «Менің баратын уақытым жақындады». Сіздерні йаратғучы туруткучы бір теңрі (СрТ). «Сіздерді жаратушы, тұрғызушы бір құдай». Отун йүтгүчі (СрТ). «Отын жеткізуші», -ғу (-гү) аффиксті тұлғалардың бір кездерде қимыл есім мәнінде жұмсалғанына қосымша бір дәлел -- келтіріліп отырған мысалдардың кейбірінде олардың -чы аффиксін қабылдауы. Әдетте -чы аффиксі іс істеушіні білдіруші тәсіл есебінде қимыл есім тұлғаларына жалғанатыны мәлім. Қазіргі тіліміздегі жұмысшы, тоқушы тәрізді фактілерді солармен салыстыруға болар еді. Қашқари бұл туралы мынаны айтады: - барғучы - істі істеушіні білдіретін есімше. Тур
бұйрық етістігінің есімше тұлғасы турғучы тәріздес болады, қатаң айтылатын сөздерде йа құрғучы - үй тұрғызушы, тавар қапғучы - мал ұрлаушы, ат сувғаручы - ат суарушы… Исми заман – уақыт есімі, исми мақан - мекен есімі және құрал аттары сөз соңына жуан айтылатын, құрамында -қ әрпі бар сөздерде -ғу, ал жіңішке айтылатын, құрамында -к әрпі бар сөздерге -гу қосымшасы қосылу арқылы жасалады: Бу йа құрғу оғур ермес - бұл үй салатын уақыт емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет