Тіліміздегі сан, санақ, мөлшер жайлы ұғымды білдіретін сөздер бірнеше түрлі және олар күрамы жағынан да әр түрлі, Сөз таптарының ішінде бір-бірінен өзгеше қалыптасқан, көпшілігінде бір-бірінен алшақ, бір-біріне сай түспей жататын да осы сан есімдер Рамстелт алтай тілдеріне ортақ сан есім деп тек қапа төрт (4) сөзін көрсетеді. Алтай тілдерінде сөз таптарынын басқа түрлері негізгі грамматикалық катсгориялар ыпғайында бір-бірімен байланысып жататындығы мәлім. Сан есімдер ыңғайындағы бұл ерекшелік, олай болса, халықтардып тарихи даму барысында әр түрлі саяси-мәдени, экономикалық жагдайлардың негізінде ғана пайда болуы мүмкін. Кейбір халықтар тілінде сан, санақ, мөлшер-
ді білдіретін сөздердің жат тілдік элементтер негізінде қалыптасу фактілері де соны дәлелдейді. Бұндай фактілер түркі тілдерінде бірсыпыра этимологиясы анык емес сөздердің о баста пайда болуы сондай жат тілдік әсердің нәтнжесі емес пе екеп дейтін ойға итермелейді. Миллион, триллион тәрізді сөздер кейінгі дәуірлерде батыс тілдерінен келгені анық. Ежелгі түркі тілдерінде мұндай сөздер де, бұндай ұғым да болған емес. Ал түмен (он мын мәнін берген) сөзі түркі тілінде қолданыс тапқанмен, қазір қолданудан шығуға айналғап сан есім. Зерттеушілердің бірсыпырасы бұл о баста монғол сөзі болса керек дейтін жорамал да айтады.
Тіліміздегі сан есімдерді басқа тілдер (туысқан тілдер) материалдарымен салыстырғанда, сондай-ақ, ескі түркі фактілерімен салыстырғанда, олардың бәріне ортақ кейбір жайлар анықталады. Сан есімдердің көпшілігі (түбірлер) өздерінің қалыптасу негізі жағынан басқа сөз таптарымен (есімдер, етістіктер) тығыз байланысты болып келеді. Бір кезде зат және қимыл-әрекетті білдірген сөздердің кейбірі адам баласының айналадағы дүние жайлы ұғымдарының дифференсациялануына, адам ойының интеллектуалдық өсуіне байланысты сан, зат пен құбылыстың сандық мөлшерін, шамасын білдіре бастауы әсте жат құбылыс емес. Тілдегі белгілі бір ұғымдар жүйесін білдіретін сөздердің барлығы бірдей тұтасымен басқа, жат тілдерден ауыса бермейді. Өзінде жоқ бірен-саран сөздерді қабылдағанмен, мүмкіндігіне орай өз ішіндік ресурстарды пайдалануға тырысатыны анық.
Түркі тілдеріндегі сан есім сөздер о баста ескі үнді, қытай тілдерінен ауысқан дейтін жорамал айқын тілдік зерттеулерге құрылмай, ескі дәуірдегі мәдениет үндестігін (айталық, қазіргі өзбектер құрамындағы кейбір халықтар мен үнділер, парсылар мен үнділер) немесе сол ежелгі дәуірдегі саяси және әскери байланыстар тарихын ескеруден ғана туса керек. Әйтпесе ескі түркі тілінде сандар жүйесін білдіретін сөздер мен қазіргі сондай сөздерді салыстыра зерттеу олардың жат тілдік ортада емес, түркілік топырақта қалыптасқандығын дәлелдейді.
Санау жүйесі және сонымен тығыз байланысты болып келетін есептік сан есімдер тарихи тұрғыдан сан жайлы ұғымды білдіретін басқа сөздердің алғашқы ізі тәрізді. Олай болатыны - қазіргі күрделі сандық ұғымдарды білдіретін сөздер мен сөз тіркестерінің барлығы да осы сөздердің негізінде ғана пайда болғандар.
Орхон және Енисей бойларынан табылған тас жазуларда, сондай-ақ одан кейінгі ғасырларға қатысты ұйғыр, араб жазуының ескерткіштерінде көп қолданыс тапқан сан есімдердің қысқа тізімі мынадай: бір, ики (екі), уч (үш), төрт, дөрт (төрт), бичи, бечи (бес), алты, йити, йети (жеті), секиз (сегіз), тоқуз, он, йигирми, іегирми, отуз, қырқ, мин, бин (мың), түмен (он мың), алтмыш (алпыс), елиг (елу), йетміш (жетпіс), т. б.