А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі кафедрасы СӨж тақырыбы: Сын есім мен сан есімнің даму тарихы Орындаған



бет2/5
Дата03.12.2023
өлшемі99,16 Kb.
#134136
1   2   3   4   5
Байланысты:
САҒЫНДЫҚҰЛЫ

Сын есім жасайтын аффикстер. Қазіргі қазақ тілінде сын есім жасайтын аффикстердің едәуір тобы бары мәлім. Сын есім жасайтын осы аффикстердің көпшілігі-ақ қазіргі басқа түркі тілдерінде де, ескі жазбалар тілінде де ұшырасады. Белгілі бір аффикстердің шығу негізгі (этимологиясы) жайлы мәселені былай қойғанда, аффикстердің көпшілігі бұрынғы семантикасы мен фонетикалық пішінін аса көп өзгертпей сақтаған. Сын есім жасайтын аффикстердің семантикалық даму жолын, тұлғалық өзгерістерін көру үшін ескі мұралар тілімен салыстыру қажет болады.
Есім түбірден сын есім жасайтын аффикстер:
-лығ (-ліг, -лық, -лік). Қөне түркі тілінде әрі зат есім, әрі сын есім жасаған қосымша. Алайда -лығ және -лық аффикстерінің арасында айырмашылық болған, -лық тек қана зат есім жасайтын қосымша болса, -лығ тек сын есім жасайтын қосымша болған дейтін пікір бар. Солай бола тұрғанмен, тіпті Қашқари сөздігінде де -лық пен -лығ аффикстері осы жүйені сақтамайды. Қазақ тілінде -лық аффиксті сөздердің бірде зат есім тобында, біразының сын есім ретінде қалыптасуы алғашқы дәуірдегі олардың тұлғалық бірлігіне ғана емес, семантикалық орайластығына да негізделген. Бұл жерде туынды түбір есімдердің әлі санкретикалық күйден толық ажырамаған күйін байқауға болады, -лы (-лі) аффиксі жоғары аффикстің ұяң дауыссызға аяқталған (-лығ) вариантының қысқарған түрі.
Сөз соңындағы көне түркілік ғ(г) не қатаңға айналып кетуі (-лік, -кішілік), не түсіп қалуы мәлім құбылыс. -лық варианты қысқарып сол пішінде орнығып қалған да, -лығ варианты қысқарып, -лы пішініне түскен. -лы аффиксі осы тұлғасында Орхон-Енисей жазбаларында, сондай-ақ XI-XIII ғасырларға жататын басқа да ескерткіштер тілінде көп ұшыраспайды. Қысқарған, яғни, -лы түрінде тек XIV ғасыр нұсқаларында ғана кездеседі. ҚҚ: алғышлы (алғысты), атлы (атты), азықлы (азықты), бақытлы (бақытты), т. б. -лы пішінінде қолданылу ортағасырлық түркі тілінің ішінде батыс түркі тілдеріне тән болса керек.
-қы (-кі, -гы, -гі)- сын есім жасайтын бұл қосымша Орхон-Енисей жазбаларынан бастап, мезгіл мәнді және көлем-кеңістік мәнді сөздерді сын есімге айналдыратын морфологиялық тұлға есебінде белгілі. Қөне түркілік -қы аффиксі мезгіл мәнді мынадай сын есімдер құрамынан ұшырасады: жазғы, күзгі, қысқы, бүгінгі, ертеңгі, былтырғы, кешегі, күндізгі, таңғы, алғашқы, т. б. ішкі, тысқы, сыртқы, астыңғы, үстіңгі, төргі, ауызғы (үй). -қы (әр түрлі фонетикалық варианттарымен) Орхон-Енисей жазбалары тілінде есім түбірге тікелей жалғанып, сын есім жасаған: беңгү ташқа уртым (мәңгі тасқа жаздым) (ҚТ). Табғачғы беглер табғач атын тутыпан «табғачтық бектер табғач атын ұстанып» (ҚТ). Сонымен бірге, ол жазбаларда -қы аффиксі жатыс септіктің көнеленген жалғауы -ра ға қабаттасып жалғануы бар: Табғач қағаның ічрекі бедізчіг ыты (ҚТ), «табғач ханының ішкі жақтағы шеберлері жіберілді». Қазақ тілінде -дағы күрделі қосымшасының құрамында да осы қосымша бар. Орхон-Енисей жазбаларында да осы құбылыс бар: көңүлтекі сабымың (ҚТ)-«көңілімдегі сөзімді», төрт булундақы будуныг қоп алмыс (ҚТ), «төрт бұрыштағы халықты алды, бағындырды». Сонымен, Орхон-Енисей жазбаларында -қы аффиксі үш түрлі жалғанған: тікелей түбірге, -ра жалғаулы сөзге, -да жалғаулы сөзге.
Қазіргі қазақ тілінде түбірге және -да жалғауымен келген сөздерге ғана қосылады. -қы аффиксті кейбір сөздер қазіргі қазақ тілінде түбірдің көнеруі салдарынан түбір мен қосымшаға ажыратуға келе бермейді. Мысалы, ескі-үсқы, ілкі-игі сөздері сондай. Бұлардың құрамынан -қы ажыратылғанмен ес, үс, іл, и дейтін дербес айтылатын түбір сөздер жоқ. -қы, Рамстедт пен Қотвичтің зерттеулеріне қарағанда, бүкіл алтай тобында қолданылатын аффикстердің бірі.
Қотвич, бұнымен қоса, -қы аффиксі -қын, -қыш, -құр аффикстерінің құрамына енген деп есептесе , Э. В. Севортян бұл жұрнақтың бастапқы мағынасы (исходное значение) көлем, кеңістікке қатыстылықты білдіру деп қарайды -қы аффиксі арқылы жасалған күрделі тұлға -нікі. Бұл аффикстердің алдыңғы бөлігі соңғы элементі (ң) түсіп қалған ілік жалғауы: ны(ң) + кі-нікі. Казақ тілінде бұл аффикстің д, т дыбыстарынан басталатын да варианты бар: -дікі, -тікі. Бұл дыбыстардан басталатын варианттардың орнығуы -нікі варианты қалыптасқаннан кейін түбір мен қосымша шегінде болған қайтара ассимиляцияның нәтижесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет