А. Байтұрсынұлы шығармаларының ТӘрбиелік мәНІ


Ахмет Байтұрсынов шығармаларының тәрбиелік мәні



бет2/4
Дата20.05.2023
өлшемі20,1 Kb.
#95542
1   2   3   4
Ахмет Байтұрсынов шығармаларының тәрбиелік мәні

Тұтас буынның төл басы болған А. Байтұрсыновтың алғашқы кітабы-


«Қырық мысал» 1909ж жарық көрді. Қазақ әдебиетінде Абайдан басталған жаңа арна – мысал жанры Байтұрсыновтың «Қырық мысалымен» орнығып, ұлттық сипат алды. Оның мысалдары әлеуметтік- қоғамдық жағдайды меңзейтін оқиғалардың, адамдар психологиясынан хабардар ететін ғибратты тұжырымдардың молдығымен ерекшеленеді. Қалайда халықты ояту, оның санасына, жүрегіне, сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын айналып келгенде, ұлы Абай тапқан соқпақ, орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану, аударма жасау дәстүріне мойынсынады. Бұрынғы ескі- ертегі үлгілерін емес, енді жаңа өлеңдік форма мысал арқылы, көшпелі елдің жақсы білетін- жан- жануар өмірінен алынған шығармалар арқылы әлеуметтік ойға ықпал ету мақсатымен И. Крылов туындыларын аударып, «Қырық мысал» деген атпен Петербургта жариялады.
Бір жағынан қызықты форма, екінші жағынан ұғымды идея, үшінші жағынан қазақ тұрмысына ет- жақын суреттер ұласа келе, бұл өлеңдерді халықтың төл дүниесіндей етіп жіберді.
Адам баласының бойындағы жағымды да жағымсызда қасиеттер болады. Ол мінез- құлық өзінің ортасына, айналасына, әлеуметтік ортасына әсер етеді. Жағымсыз қасиеттерді дер кезінде тыймаса, асқынған дерт сияқты болады.Осындай жағымсыз мінездерді сынаған мысалдардың басында ақынның астарлы шығармалары тұр. Қазақ әдебиетінде Ахметтен асқан мысалшы жоқ десек, артық емес .
Ахмет мысалдарының бір тобы адам бойындағы алауыздық, мақтаншақтық, қайырымсыздық, зорлық, топастық, надандық, қулық, үлкенді сыйламау,тойымсыздық, қанағатсыздық сияқты келеңсіз мінездерді мінеуге құрылады. Соның ішінде ең алдымен тәкаппарлық, көреалмаушылық сияқты адам баласына жат мінездер сыналады. Мысалы: «Егіннің бастары» мысалында өркөкіректік пен тәкаппарлықтың арақатынасын адам баласына тигізер зиянын айтады.Дәні жоқ, кеудесін керген бидай масақтың ешкімге керегі жоқтығы айтылады. Мысалдың соңыдағы түйін: «Қалпы емес тәкаппарлық данышпанның, Тұтынба бұл мінезді балам»- деді деген жолдар тәкаппарлықтың адам баласына бақыт бермейтінін меңзейді.
Атап айтқанда, А. Байтұрсынұлы мысалдарында сюжеттік жүйенің мазмұны өмірге бейімделгенін, сол кездегі қазақ қоғамының саяси- әлеуметтік сұранысына қажетті ойлармен толықтырылып тұрғанын көруге болады.Ахмет мысалдары қазақ халқын көреалмаушылық сияқты мінездерден аулақ болып, бірлікке ынтымаққа уағыздайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет