А. Байтұрсынұлы шығармаларының ТӘрбиелік мәНІ



бет3/4
Дата20.05.2023
өлшемі20,1 Kb.
#95542
1   2   3   4
«Аққу шортан һәм шаян» мысалы арқылы алған жүкті үш жаққа тартқан алауыздықты шенесе, «малшы мен масада» жылан шағайын деп келе жатқанда, шағып оятқан масаның достығын түсінбеген малшыны кінәлайды.
«Өгіз бен бақа» мысалында өз бойына місе тұтпай, өгіздің зор денесін көре алмаған бақаның жарылып өлуі қоғамдағы кейбір адамдардың бейнесін көз алдыңызға әкеледі.
Сонымен бірге ақын әр түрлі аңдардың аллегориялық бейнесін беріп, олардың арасындағы түрлі қарым- қатынас арқылы ғибратты тұжырымдар жасады.
А. Байтұрсынқлының екінші кітабы «Маса» (1911) Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады. «Масада» өзінің өміріндегі ең басты мақсаты ұйқыдағы халқын оятуға жұмсады.
Ұйқысыз аз да болса бөлмес пе екен,
Қоймастан құлағына ызыңдаса
Қазақ елім,
Қайқайған белің
Сынуға тұр таянып,
Талауда малың
Қанауда жаның
Аш көзіңдң оянып
Қанған жоқ па әлі ұйқың
Ұйықтайтын бар не сиқың!- деп қазақтарды оянуға шақырады.
«Маймыл мен көзілдірік» мысалында:
Алғанға бұл кеңесте ғибрат бар,
Маймылшыл іс ететін көп надандар
Пайдалы затты орнына жұмсай алмай,
Сөгетін пайдасыз деп жоқ па адамдар?
Ахмет Байтұрсынов ғылымның жетістігін пайдалана алмағандықтарын өздерінің білімсіздіктерін, ебедейсіз икемсіздіктерін басқалардан іздейтіндерді шебер суреттеген. Сонымен бірге «Ат пен есек» мысалында «бөлінгенді бөрі жеді» деп бекер айтпағандығын, « жұмыла көтерген жүк жеңіл» болатындығын өсиет етіп айтады. Мысалдың соңында
Бұл сөзден қандай ғибрат алмақ керек?
Мысалы еткен қайыр бір бәйтерек.
Қайырың біреуге еткен болып терек
Көрерсің рақатын көлеңкелеп,
Қайырдың ең абзалы бұл дүниеде
Біреуге қысылғанда жәрдем бермек
Кейбіреу зор бейнетке тап болады
Кей уақыт аз бейнеттен қашамын деп, деп аяқтайды.
А. Байтұрсыновтың ақын, аудармашы, ғалым- тілші, әдебиеттанушы ретіндегі ұлан-ғайыр еңбегі өз дәуірінде зор бағаға ие болды. Ахмет Байтұрсынов Абай, Шоқан, Ыбырай қалыптастырған дәстүрді жалғастырушы ақын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет