Түтінмен уланудың алғашқы белгілері: Бастың айналуы, бас ауруы, жүрек айнуы, жиі дем алу, сананы жоғалту.
Өрт қатты жанып тұрмаса. Әрекетіңіз: Өртті киізбен немесе қалың көрпешемен болмаса пальтомен жаба салыңыз. Содан соң үстінен су құйыңыз. Түтінмен демалмауға тырысыңыз. Мұрыныңызбен ауызыңызды дымқыл шүберекпен орап қойыңыз. Өрттің ішінен жанып жатқан заттарды алмаңыз, өйткені ол өрттің таралуына себепкер болады. Өрттің шетінен бастап ортаға қарай сөндіру керек.
Адам үстіндегі киімнің жанып кетуі Әрекетіңіз: Адамды тез жерге жатқызып (бұл өрттің адамның басына қарай баруына жолды жабады ) үстін киізбен немесе қалың палтомен жауып су құйыңыз
Ата-аналар назарына! Жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздік ережелері Балалардың бойына жеке қауіпсіздігін сақтау дағдыларын қалыптастырыңыз;
Балалармен жеке әңгіме жүргізіңіздер; Маңызды ережелерді түсіндіріңіздер; Балаңыздың бос уақыты мәселесін шешіңіз;
Есте сақтаңыз! Түнгі мезгілде (22:00-ден 06:00-ге дейін) балалар мен жасөспірімдерге ата-анасыз немесе заңды жауапты өкілдерінсіз көшеде жүруге тиым салынады;
Өз балаңыздың қайда, кіммен жүргенінен үнемі хабардар болып отырыңыз;
Бөгде адамдармен сөйлесуге тиым салыңыз;Қандай жағдай болмасын танымайтын адамның көлігіне отыруға болмайтынын түсіндіріңіз; Не болса да, балаңызға қандай жағдай болмасын, болған уақиға туралы сізге айтуы тиіс. Қандай жағдай болса да ренжімейтініңізді, балаңыздың жағында болатыныңызды түсіндіріңіз сона бала сізге сенеді. Болған уақиғаны құпия ұстауға уәде берсеңіз де, кейбір фактілерді құпияда ешқашан сақтауға болмайтынын айтып түсіндіріңіз;
Суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік Судағы жүзу мен ойындар баланың өмірі мен денсаулығына қауіп туғызуы мүмкін.
Балаңыз суда жүзіп жүрген кезде одан көз алмаңыз, басқа нәрсеге алаңдамаңыз, сол сәттегі минут қайғылы жағдайға ұшыратуы мүмкін, балаларға жалғыз суда шомылуға, сонымен қоса білмейтін жерде сүңгуге болмайтынын айтып түсіндіріңіз;
Балаларды қарап отырған үлкен кісінің өзі де жүзуді, алғашқы көмек көрсетуді білуі тиіс, қолдан демалдыру мен тікелей емес жұрекке массаж жасай білу қажет.