А. Байтұрсынов атындағы №10 жалпы орта білім беретін мектебі. Қауіпсіздік және мектеп ережесі Сыныбы: ә, б Сынып жетекшісі: Садыкова А. М



бет3/5
Дата02.06.2022
өлшемі28,23 Kb.
#36228
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік 6 кл

Көлік күту ережесі: Жолаушылар көлікке отыратын аялдамада тұрып күтіңіз, автобус тоқтайтын жерден алысырақ тұрыңыз; Автобус тоқтап есігін ашқан соң жақындаңыз;
Есте сақтаңыз:Бала жол заңына, ата-аналары-сіздерден үлгі ала отырып, үйренеді! Сіздің үлгіңіз баланы тәртіпті мінез-құлыққа ұйретер болсын!Оқу-жаттығу орынынан тыс жерде көлік жүргізуге рұқсат етілмейді; Кәмелетке толмаған балаңызға көлігіңізді айдауға әуестендірмеңіз; Кәмелетке толмаған жасөспірімге көлік жүргізуге рұқсат жоқ; Өздеріңізді және балаларыңызды сақтаңыздар
Оқушы назарына!Бағдаршам белгілері бойынша қозғалу (жасыл түске жүресіз); Жаяу жүргінші жолымен жүру (тротуар); Жаяу жүргінші жолағымен өту; Жолдан өту кезінде құлақ қап тақпа; Басқа нәрсеге алаңдама; Аялдамада автобус тоқтап есігін ашқанша жақындама; Жол жиегінде достарыңмен итерісіп ойнама; Жолда велосипед жүргізбе (арнайы орындарда ғана жүргізесің); Жолда смартфон немесе телефон қарама; Жолдан өту кезінде жүріп келе жатқан көліктің жылдамдығына зер сал, тоқтаған соң ғана өтесің;
Өрт қауіпсіздік ережесі
Үлкен адамның бақылауынсыз сіріңкені пайдалануға болмайды;
Үлкен адамның бақылауынсыз газ, печ, т.б. тұтанғыш заттарға жақындама;
Орманда немесе тоғайда өз бетіңмен от тұтатпа;
Үйдегі өрт: Өрт болған жағдайда сіздің негізгі мақсатыңыз ол орыннан тез арада кету; Сіздің әрекетіңіз: 101-ге хабарласып өрт сөндірушілерді шақыру.
1.Түтіннің иісін сезгеннен кейін үйден тез кетіңіз. Кез-келген шүберекті сулап ауызыңызбен мұрыныңызды жабыңыз сосын еңкейіп бөлмеден шығып кетіңіз (өйткені түтін жоғарыға шапшиды).
2.Егер өрт кішкентай бөлмеде болса, онда есіктер мен терезелерді ашпаңыз, ауа өртті күшейтіп жібереді.
3. Жанып жатқан үйден лифтімен түспеңіз, өйткені ол қатты өрт болып жатқан қабатта тоқтап ашылуы мүмкін. Ток кез-келген уақытта сөніп қалуы мүмкін және лифті қабаттардың арасында тоқтап қалу қауіпі бар;
4.Егер коридор мен площадка өртте және түтінде болса (төмен түсуге жол жабық) болса,онда шатырға көтеріліңіз.
5.Егер өрт коридорда болса, есікті қатты жауып , сулы шүберекпен есіктің саңылауларын бітеп, есікке көрпе іліңіз. Терезені ашып қатты дауыстап көмекке шақырыңыз;
6.Егер сізге біреуді өрттен құтқару керек болса, онда өзіңді арқанмен орап бір шетін сыртта тұрған адамға беріңіз. Егер сіз есіңізді жоғалтсаңыз, сізді арқанмен тартып өрттен алып шыға алады. Ауызы мен мұрынын ылғал шүберекпен жабыңыз.
7.Егер құтқарылған адам түтінмен демалып есін жоғалтса, онда оған жасанды дем беріңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет