А. Байтұрсынов атындағы №10 жалпы орта білім беретін мектебі. Қауіпсіздік және мектеп ережесі Сыныбы: ә, б Сынып жетекшісі: Садыкова А. М



бет5/5
Дата02.06.2022
өлшемі28,23 Kb.
#36228
1   2   3   4   5
Байланысты:
Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік 6 кл

Жол-көлік оқиғасының құрбаны немесе себепші болмауы үшін, балаларға жол жүру ережелерін үйрету қажет, жолда және қоғамдық көлікте мұқият болуды үйретіңіз;
Есте сақтаңыз! 14 жасқа толмаған балаларға велосипедті автомагистраль мен соған тең жолдарда жүргізуге, ал 16 жасқа толмаған балаларға мотоцикл, мопед, автокөлік жүргізуге тиым салынады.
Отпен мұқият болыңыздар. Отпен мұқият болмағандықтан болған өрт жағдайларына балалардың назарын аударыңыз; Рұқсатсыз сіріңке жағу, қалтасына салып жүру, газ тұтату, сіріңкемен ойнау фактілеріне жол бермеңіз.
Ғаламтордағы белгісіз, керексіз, сайттарға кірмеуін бақылауда ұстаңыз. Балалар табиғатынан бейқам, сенгіш, алаңғасар болатынына назар аударыңыз. Сондықтан өзін ұстаудың оңай ережелерін балалардың есіне жиі салуыңыз, олардың есте сақтап және оны қолдануына мүмкіндік береді.
Есте сақтаңыз! Бала ата-аналары-сізден үлгі алады! Сіздің үлгіңіз баланы көшемен үйде тәртіпті болуға бағыттау, үйрету. Қайғылы оқиғалардан балаларды сақтау үшін, барлық мүмкіндіктерді жасауға тырысыңыз!

Оқушылар назарына!
Жазғы демалыс кезіндегі оқушылардың қауіпсіздік ережелері
Бос қалған, бұзылған үйлерге, құрылыс жүріп жатырған нысандарға баруға, жақындауға болмайды; Далада, үйде, қоғамдық орындарда тәртіп бұзбай, өзін дұрыс ұстай білу керек; Жағажайға, тоғайға, жазғы жорыққа ата-анасыз баруға болмайды және рұқсат етілмеген жерге суға шомылуға қатаң тиым салынады; Жолда жүру ережесін қатаң сақтаңыз; Түнгі мезгілде (22:00-ден 06:00-ге дейін) балалар мен жасөспірімдерге ата-анасыз немесе заңды жауапты өкілдерінсіз көшеде жүруге тиым салынады; Парктерде, атракциондарда ойын-құрылғыларын пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтаңыз; Теріс діни ұғымдардан аулақ болу (ата-ана мен білікті мамандар мен ақылдасу); Ғаламтордағы белгісіз, керексіз, сайттарға кірмеу; Смартфон арқылы таныспау, танымайтын адаммен кездесуге бармау; Бөгде адамдармен сөйлеспеу, қандай жағдай болмасын танымайтын адамның көлігіне отыруға болмайды;

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет