1.А.Байтұрсыновтың ұстаздық ғылыми еңбектерінің мәні А.Байтұрсынұлы — ұлт мақтанышы. Оның әр еңбегі бүгінгі ұрпақтың болашағы үшін жазылған. Асыл азаматтың алтын қаламынан тамған ақ өлеңдей сөздері ұлт жадында. Ахмет атамыздың аудармалары – түпнұсқадан ерекшеленіп, өзгеше өң мен бояу арқылы жаңа бір өнер туындысы деңгейіне дейін көтерілген көркем туындылар. Оның Крыловтан аударған мысалдары барлығымызға етене таныс. Крылов та өз заманында ежелгі грек мысалшысы Эзоптан аударған мысалдары жетерлік. Крылов мысалдарында жануарлардың іс-әрекетін көрсете отыра, түп-тұқиянында адамдардың іс-әрекетін жасырып қояды. Онда орыс ұлтының өзіндік бояуы, ұлттық танымы мен өзіндік мәдениеті айқын байқалып тұрады. Ахмет Байтұрсынұлының аудармаларын аударма деуге ауыз бармайды. Құдды ұлттық мүддені ой елегінен өткізе білетін, елінің келешегін ойлаған қазақ ақынының кезекті бір өлеңі ме деп ойларсыз. Ахмет атамыздың мысал жазуына себеп болған бірден-бір мәселе, ол сол уақыттардағы қазақ халқының қараңғы түнекте ұйқыда жатуы, яғни надандық дәуірі өршіген сәтте, халықтың ілім-білімге ден қоймай, ел ісі, жер ісі дегенде кері тартуы. Өзі надан болып қана қоймай, ілім қуған қазақ зиялыларының аяғынан қазақтың шалғанына қатты ренішін білдіреді. Ойды қорыта келе, Ахмет атамыздың аудармаларынан этнолингвистикалық теңеулерді топтастыруымызды өзіндік ерекше мәні бар. Қазақ тілінде теңеулер жайлы ең алғаш пікір айтқан Ахмет Байтұрсынұлы еді. Аударма саласының үздіктеріне Пушкин: «Аудармашылар – ұлттық ағарту ісінің негізгі күретамырлары», — деп баға берген.
Аударма жайлы түрлі-түрлі анықтамалар берілген. Солардың ішінен ең ұғынықты анықтама ретінде мына бір нұсқасын қарастырып отырмыз: «Аударма – ұлт пен ұлтты, мәдениет пен мәдениетті жақындастырудың рухани құралы». Ұлттың ар жағын қозғасаңыз тіл шығады, тіл – ол халықтың рухы, ұлттың жаны. Ахмет Байтұрсынұлы қаламынан туған екі сөздің бірінің негізгі идеясы – ұлттық идея
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тіл білімінің іргетасын қалап, әдебиеттанудың негізін қалыптастырды. А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» еңбегі жайлы З. Ахметов «Әдебиет танытқышта» қазақ өлеңінің ырғақтық құрылыс-жүйесін айқындайтын өлең сөздің бунақ, тармақ, шумақ сынды категорияларының алғашқалыптасқандығын атап айтады.Ахметтің «Әдебиет танытқыш» еңбегі – қазақ әдебиеттануының алғаш қаланған іргетасы еді. Оны әрмен қарай қазақ ғалымдары жалғастырып, бірізділікке салды.
Ахмет Байтұрсынұлы жазған «Тіл – құралды», «Оқу құралы», «Тіл жұмсар», «Жаңа әліпби» еңбектері бүгінгі ұлттың асыл қазынасы. Бұл еңбектердің барлығын бүгінгі күнде бір институт атқара алмайтыны анық. Ахмет жазғандай ұлттық құндылықтарымызды болашаққа дәріптейтін оқулықтар көп болған жағдайда ғана елдің ертеңі жарқын болмақ. Ал, ұлттық болмысынан айрылған елдің ертеңі бұлыңғыр. Өз заманында елінің бағы үшін туылып, елінің жоғын түгендеумен өтетін есіл ерлер қашанда туылары сөзсіз. Бірақта, Ахмет қазақта жалғыз. Оның жазған бір мысал өлеңінің өзі бір ұрпаққа қырық жыл азыл боларлық үлгі, қайталанбас өнеге. Асыл мен жасықтың, саф алтын мен сары жездің айырымын ажырата білетін ұрпақ Ахметтің жасаған көзсіз ерліктеріне, ғылыми ізденістеріне, ғаламат аудармаларына, отты көсемсөздеріне ғылыми тұрғыдан лайықты бағасын береді деп сенеміз.