Сондықтан да оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта жаңа технологияларды қолдана білу керек



Дата05.12.2023
өлшемі64,76 Kb.
#134485
түріСабақ

Әдебиет- заманалар тарихының, ұлы оқиғалардың, адамзат тіршілігінің, таным- нанымдарының көркем шежіресі. Әдебиет адам баласымен бірге жасап, оларға рухани күш-дем беріп, бірге дамып, өсіп келе жатқан өнердің бір түрі.
Орыс мектептерінде өтілетін қазақ әдебиеті сабақтарының мақсаты – оқушылардың сөздік қорын дамыту, дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға үйрету, өз елінің тарихымен таныстыру, өз ұлтының ақын-жазушыларымен, олардың шығармаларымен таныстыру.
Сондықтан да оқушылардың білімін арттыру үшін сабақта жаңа технологияларды қолдана білу керек.
«Технология» гректің «teche»- өнер, шеберлік және «logos»- ғылым деген сөзінен шыққан, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген мағнаны білдіреді.
Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы «Нені оқыту керек?», «Не үшін оқыту керек?», «Қалай оқыту керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі оқытуға болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады.
Көптеген жаңа технологиялармен қатар соңғы кездері қазақ әдебиеті сабақтарында ақпараттық технологиялар да жиі қолданылуда. Жаңа ақпараттық технологиялар дегеніміз – білім беру ісінде ақпараттарды даярлап, оны білім алушыға беру процесі. Бұл процесті іске асырудың негізгі құралы компьютер болып табылады, сол себепті қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан, жаңа ақпараттық технологиялардың тілін білетін мұғалім қажет.
Енді, осы ақпараттық технологияларды жүзеге асырудағы жұмыс түрлеріне тоқталып өтейік:
Ақпараттық технологиялардың бірі - интерактивтік тақта, мультимедиялық және он-лайн сабақтары. Былтырғы жаңа оқу жылының ерекшелігі – республикада алғаш рет жалпы білім беретін мектептерде Елбасының он-лайн режимінде өткен интерактивтік сабағымен басталды. Бүгінгі таңда Республика көлеміндегі мектептердің 97 пайызы интернет желісіне қосылып, әр салада оқушылардың ақпарат алуын қамтамасыз етіп келеді. Мемлекет басшысының тапсырмасымен еліміздің көптеген мектептерінде интерактивтік тақта орнатылды.
Өзім қызмет жасайтын мектепте де жаңа ақпараттық технологияларды қолдану кеңінен қарастырылған. Мектеп кабинеттерінде интерактивтік тақта орнатылған. Сондықтан бұл тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарлаймын, себебі қолда бар мүмкіндіктерді пайдалану арқылы оқушыларды жаңа заман технологиясымен жұмыс жасауға үйретеміз. Енді нақты орыс кластарындағы қазақ әдебиеті сабақтарына тоқталып өтейік. Мәселен, 5 класта әдебиетпен танысу халық ауыз әдебиетімен басталады. Бұл блокта оқушылар тұрмыс-салт жырлары, мақал-мәтелдер, ертегілер сияқты ауыз әдебиет үлгілерімен танысады. Оқушылардың мақалдарды түсініп, есте сақтауын қамтамасыз ету мақсатында интерактивті тақтаның көмегі зор. Мұғалім тақтаның сурет салу редакторы арқылы тақтада мақалдарды ребус түрінде береді, оқушылар сол ребустарды шешеді. Келесі сабаққа өздері де ребус ойлап тауып, тақтаға салып, басқа оқушылардың шешуін сұрайды. Немесе, ертегілерді басқа ұлт балалары бір оқығаннан түсіне алмайды, олар үшін интерактивті тақтаға таныс емес сөздерді жазып қойсақ, сол сөздермен сөйлем құрастырып, алдын-ала жұмыстар жүргізсек, онда ертегіні оқу барысында олар бұрын кезіккен қиындықтарға кезікпес еді. Бұл бір жағынан оқушылардың сөздік қорын да байытады, осы тақырыпқа деген қызығушылығын арттырады да.
Енді, поэзияға тоқтайтын болсақ, бұнда да ақпараттық технологиялардың алар орны зор. Оқушыларды әуелі слайд көрсету арқылы өлең авторының өмір жолымен таныстырып, осы өлеңнің шығу тарихына ерекше тоқталып, өлең мазмұнын басқа ұлтты балаларға түсіндіріп, содан соң оқушыларға компьютер немесе теледидар арқылы өлеңді тыңдату оқушының жүрегінде әсер қалдыруы сөзсіз. Осындай жұмыс түрлері оқушылардың қазақ поэзиясына деген сүйіспеншілігін оятады.
Жоғары кластарда роман, әңгімелерді оқыту тіпті де үлкен қиыншылықтарға әкеп соғады, себебі балалар кітап оқып отырғаннан компьютерде көбірек отырғанын қалайды. Осы мәселенің шешуін де ақпараттық технологиялар көмегімен табуға болады. Мәселен, романды оқуға екі немесе үш сағат берілсе, оның бірінші сабағында мұғалім қысқаша роман кейіпкерлерімен , мазмұнымен слайд арқылы таныстырады. Екінші сабақта осы роман сюжеті бойынша түсірілген кинофильм болса, соны көрсету. Ал үшінші сабақта алған білімді бекіту мақсатында электрондық оқулық бойынша, немесе мұғалімнің өзінің құрастыруы бойынша тест және т.б. бақылау түрлерін өткізу, оқушылармен пікірталас жүргізуге болады. Үй тапсырмасы ретінде бір шығармашылық топ құрып, соларға осы роман немесе әңгімеден үзіндіні кино қылып түсіріп, келесі сабақта интерактивті тақта арқылы сол киноны класқа көрсету. Міне, осындай ақпарат құралдарының көмегімен сабаққа қатысу белсенділігі төмен оқушылардың да қызығушылығын арттыруға болады.
Қазақ әдебиеті сабақтарында ақпараттық технология келесі жұмыс түрінде де қолданысын табады. Бұл оқушылардың аса шығармашылығын талап ететін жоба жұмысы. Бұл жұмыс түрін жүргізгенде оқушылар техникалық құралдарды қолдану арқылы жобасын дайындайды. Мәселен, сабақта балалар Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығымен танысады. Енді осы тақырыпта терең мағлұмат жинап, онымен бүкіл класты таныстыру мақсатында шығармашылық топ құрылады. Топ құрылған соң, олар Ыбырай Алтынсарин туралы мағлұмат жинауға кіріседі. Балалар мұражай қызметшілеріне, белгілі әдебиетші, тарихшыларға барып осы тақырып жөнінде сұхбат алып, тақырыпқа байланысты материалдарды суретке түсіріп, жалпы толық бейнематериал жинақтайды. Жиналған мағлұматтарды компьютер арқылы өңдеп, қысқаша деректі фильм етіп шығарады. Содан соң бұл фильмды сабақ үстінде класс назарына ұсынады. Осындай өзгеше жұмыс түрлерін өткізу арқылы оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың осы пәнге деген қызығушылығын оятуға, дарынды тұлғаны қалыптастыруға әбден болады.
Ақпараттық технологиялардың оқу-тәрбие үрдісінде қолданылуы мұғалімдердің де, оқушылардың да мүмкіндіктерін кеңейтеді. Ендеше ақпараттық технологияларды үйлесімді пайдалану қазіргі таңда өзекті мәселелердің біріне айналып отырғаны даусыз.
Интерактивті тақтамен жұмыс барысында қолдануға болатын сызбалар
Абайдың қара сөздерін өту барысында « Үшінші сөзде» айтылатын ақынның философиялық тұжырымын сызба арқылы осылай түсіндіруге болады. Оқушы бұл сызбаны байланыстырып оқу арқылы мәтіннің мазмұны мен идеясын ашу деңгейіне жете алады.
Жыраулар поэзиясынан Бұқардың «Қазақ ханы Абылай» толғауын өту барысында келесідей тапсырма беруге болады. Оқушылар интерактивті тақтада берілген диаграмманы толтырады. Бұл сызбада олар толғаудағы кейіпкерлерге бір сөзбен сипаттама береді.
Ауыз әдебиеті блогында мақалды жалғастыр ойынын интерактивті түрде өткізу оқушылардың мақалдарды есте сақтап қалу қабілетін күшейтеді. Мысал ретінде мына мақалдарды алуға болады.
 
Өнер алды- ................
Көп түкірсе ..............
Елдің көзі .................
Ер қанаты ...............
 
Керекті сөздер: ақ тіл, қызыл тіл, өзен, көл, жүз елу, елу, ат, көлік. Осы мақалдарды ребус түрінде де беруге болады.
 
Қорыта айтқанда, жаңа ақпараттық технологияларды қазақ әдебиеті сабағында қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:
1. Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді;
2. Тіл байлығын дамытады;
3. Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;
4. Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді.
5. Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.
 
Пайдаланған әдебиеттер:
1. С.Т. Мұхамбетжанова, Ж.Ә. Жартынова, Интерактивті жабдықтармен жұмыс жасаудың әдіс-тәсілдері. Алматы,2008 ж.
2. Т. Жұмажанова, С. Дүйсебаев, Ә. Мамырова, З. Көпбаева, «Қазақ әдебиетінің» әдістемесі. Алматы «Білім», 2003.
3. А. Медешева, Компьютерлік программаларды оқу-тәрбие жұмысында қолдану. Бастауыш мектеп, №1,2001ж.
4. А. Иманбаева, Оқу-тәрбие үрдісін ақпараттандыру ділгірлігі. Қазақстан мектебі, №2,2005ж.
5. Селевко Г.К. Современные образовательные технологии: Учебное пособие. М.: Народное образование, 1998.
 
Әдеби шығарма, көркем мәтінді проблемалық талдай оқыту жолдары
Вы находитесь: Рефераты - Қазақ тілі мен әдебиеті - Әдеби шығарма, көркем мәтінді проблемалық талдай оқыту жолдары
 
Мектепте әдебиетті оқытудың мән-маңызы көркем туындыны оқыту, талдау, оқырмандық пікір қалыптастырумен ашылмақ. Көркем туындыны оқу бар да, талдау бар. Талдау оқусыз жүзеге аспайды. Оқу баланың өз еңбегімен жүзеге асс, талдау мұғалім, оның ұйымдастыруы, жобалауы, тиімді жағын ойластыруы арқылы жүзеге асады. Көркем мәтінді оқушы қалай оқып, қабылдайды, қандай ой туады, өз көзқарасын қалай жеткізеді – бұл оқушы мен мұғалімнің бірлескен еңбегінің жемісі болмақ.
Қазіргі әдістемеде талдау жасаудың 4 түрі /образ бойынша, тақырыптық, проблемалық, тұтас немесе автор ізімен/ ұсынылып жүр. Қандай талдау түрі болса да, не мақсат көзделеді? Бұл сұраққа әдіскер Қ.Бітібаеваның сөзін негізгі ала жауап берсек:
1. Оқушының туындыны қабылдауы, әсері, эмоциясын тану,
2. Эстетикалық талғамын қалыптастыруға сеп болу,
3. Таным қабілеті, ойлау белсенділігі мен дербестігін ұштау,
4. Ең бастысы – көркем туынды бойынша талдау жасау, пікір айту жолдарын меңгерту /тақырыбы, авторлық идея, образдар жүйесі, сюжеттік-композициялық ерекшелігі, көркемдік-эстетикалық жағын т.б. кешенді түрде қарастыру/.
Көркем туындыны оқытып, сауатты талдауға қол жеткізу үшін автордың мақсат-мұратын, ойын білдіретін әрбір деталь, көркемдік тәсілді дәл танып, жазушы шеберлігін оқушыға дұрыс таныта білу керек.
Оқушының танымдық-шығармашылық қабілетін, ойлау белсенділігін дамытатын, өз жоба-жорамалын ұсыну, салыстыру негізінде дұрыс шешім табуға жетелейтін әдістің бірі – проблемалық талдау.
Ол көркем туынды негізіндегі проблеманы дәл танып, ізденіске, әдеби айтыс-тартысқа жетелейтін сұрақтар әзірлеуді қажет етеді. Сұрақ авторлық идея, проблема, кейіпкер іс-әрекеті т.б. негізінде туындайды.
Осы негізде талдаудың мынадай жобасын, үлгілерін ұсынамын:
ІІ. Көркем туынды негізіндегі автор ойы, идеясына талдау жасау.
10-сыныпта М.Дулатовтың азаматтық лирикасын оқытуда мәселеге дәстүр және жаңашылдық тұрғысынан қарау, отаршылдық езгіге қарсы күрескерлік үні, әсіресе жер мәселесін ХҮІІІ ғасырдағы жыраулар поэзиясы, ХІХ ғасырдағы «зар заман ақындары», Махамбеттің күрескер поэзиясынан бастап талдау тиімдірек. Дәстүрлі тақырып, оған Міржақыптың жаңаша көзқарасы, жаңаша жырлауы туралы сөз қозғау оқушының өткен материалға қайта үңілуіне, негізгіні саналы игеруіне мүмкіндік туғызады.
ІІ. Кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстыру арқылы автордың образ жасау шеберлігін ашу.
11-сыныпта М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастанын оқытуда мына сұрақтар негізінде ізденіп, әрі кейіпкерге мінездеме беруге, автор шеберлігіне мән беруге болады:
1. Баян батыр ел намысын ойлаушы күрескер ме, әлде ашу-ызаның құрбаны, қылмыскер ме?
2. Баянның іс-әрекеті /інісін өлтіруі/ саналы, мақсатты әрекет пе, әлде қызғаныштан туған әрекет пе?
3. Ноян ел намысын аяққа басушы сатқын ба, әлде албырт сезім, махабаттың құрбаны ма?
4. Қалмақ қызы неге «сұм сұлу» деп аталған? Автордың ол туралы көзқарасы қандай?
М.Әуезовтың әңгімелерін /«Қорғансыздың күні», «Жетім» т.б./ оқытуда:
1. Жазушының қорғансызы кімдер? Олар неден қорғалуы керек?
2. Қорғансыздар тағдыры қандай ой тастайды?
3. Автор қорғансыздарына қандай көзқараспен қарайды?
ІІІ. Шығарманың көркемдік өрнегіне, автор стиліне талдау.
Бұл үндес, үқсас мәтіндерді салыстыру арқылы жүзеге асады. 11-сыныпта С.Сейфуллиннің «Көкшетауы» мен М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» дастандарының тілін талдау үшін екі ақын шығармасындағы сұлу Көкше келбетін салыстырып, стильдік ерекшелігін ашуға болады. Төменде оқушының жұмысы көрсетілген:
Көкше келбеті
Сәкенше Мағжанша
1. Арқаның кербез сұлуы Сарыарқаның аралы
2. Сексен көл – алтын кесе Бурабай мөп-мөлдір, дөп-дөңгелек Ай
3. Жан-жақтан ертелі-кеш бұлттар келіп, Бұлт құшқан мәңгі мең-зең Көкшетауға
жүреді біліп-кетіп есенсауын Бөлектау: «Ой, бауырым» дер
4. Сұлу бетін дамылсыз жауын жуған Көкшенің тас жүрегі жаралы да
Тағы бір оқушы І.Жансүгіровтің «Құлагер» дастанындағы суреттермен салыстырып, өзіндік қорытынды ұсынады: «Ақындар кейіптеу арқылы Көкшенің сұлу табиғатын жандандыра суреттеген, Көкшетау – кербез, кең далада бойын күткен /Ілиясша/ бір ару. Менің ойымша, Мағжанның көкше аруы мұңдылау, қалың ой құшағында, ақын сол арқылы алдағы трагедиядан сыр бергенде».
ІҮ. Тақырыптас шығармаларды қатар, салыстыра талдау.
Бұл жұмысты 10-сыныпта ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетіндегі әйелдер теңсіздігі мәселесі бойынша М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы, М.Сералиннің «Гүлһашима» дастаны, С.Көбеевтің «Қалың мал», С.Торайғыровтың «Қамар сұлу»романдарын өткенде жүргізуге болады, яғни «Бір мәселе, бір тақырып: бірнеше шешім, үйлесім мен қайшылық» сұрағы төңірегінде мәселе қозғау. Сонда оқушы көркем шығарма табиғатын, оның өзегіндегі автор идеясын, онымен байланыста кейіпкер тағдырының әртүрлі шешілуін, суреткер түсінеді.
Ұқсастығы:
1. Тақырыбы – қазақ әйелінің теңсіздігі.
2. Автор реализмі, жастарды бостандыққа, теңдікке шақыру.
3. Бас кейіпкерлер оқыған, ескіше көзі ашық, бостандықты аңсап, баянды махаббат, теңдікке қол созады.
4. Осы жолда оларды қолдаушылар бар /не шешесі, не достары/.
Осылайша айырмашылығы да талданады.
Ү. Тарихи және көркем шындықты негізге ала талдау.
Мұнда мұғалім тарих рең ғана болатынын, жазушы кейіпкер бейнесін жасауда өмір шындығын қалай пайдаланғанын назарда ұстауы керек. Ш.Құдайбердіұлы мен М.Абайұлының «Еңлік-Кебек» дастандарын, кейін М.Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пьесасын оқытуда мұғалім үш туындының арқауы – махаббат трагедиясына үш суретке де замана сипаты, ел іішіндегі әлеуметтік жағдайға сәйкес қарағанына мән береді. Оқушыны мына сұрақтар төңірегінде іздендіруге болады:
1. Трагедиялық оқиғаның тууына қандай қоғамдық, әлеуметтік жағдайлар себеп болды?
2. Неге Шәкәрім «Ақтабан шұбырынды» оқиғасын өз сөзіне астар етіп алған?
3. Ғашықтар трагедиясына кім, не кінәлі? Бұған өзің қалай қарайсың?
Осыған орай оқушы ой-толғанысының үзігі:
«Шәкәрім ғашықтар қазасын бір ру, топ, жеке адамның мойнына қоймайды. Қатігездік көптің тарвапынан жасалған, сондықтан кінә жеке адамда емес, тұтас қоғамда. Кеңгірбай би де жастарға ара түсе алмай, заман мен жағдайға бас иген».
«Ақтабан шұбырындыны сөзіне астар етудегі мақсаты – трагедияға себеп болған қоғамдық, әлеуметтік жағдайларды анықтау, оқиғаның өмірлік мәнін көрсету. Шынында, қараңғылық пен ескі салт-сана дәуірлеп тұрған заманда ғашықтар тағдырының қайғылы аяқталуы қисынды деп ойлаймын» т.б.
Осылайша оқыту-талдаудың ұтымды жағы мынада:
1. Ақиқатқа жету, проблеманы шешу үшін ізденеді, зерттейді.
2. Оқығанды ой жүгіртіп, зерделеп қабылдауына негіз болады.
3. Оқушы мәтінге жүгініп, өз ойы, болжамын, көзқарасын айтуға машықтанады.
4. Оқытудың жалғаспалық, жүйелілік принципі тоғыса келіп, оқушыға терең білім беру жүзеге асады.
 
Әдебиеттер:
1. Ақшолақов Т.Қ. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. Алматы, 1994ж.
2. Ахметов К.К. Әдебиеттану әліппесі. Алматы, 2000ж.
3. Әбдіғазиев Б. Шәкәрім Құдайбердиев, творчестволық өмірбаяны /методикалық нұсқау/ Алматы, 1989ж.
4. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы, 1997ж.
5. Дәулетбекова Ж. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Алматы, 1997ж.
6. Хамзин М.Х. Қазақ романдарын қазіргі кезеңде оқыту мәселелері /оқу-әдістемелік құралы/ Жезқазған, 1993ж.
 
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТI
 
Білім беру жүйесінің негізгі және бейіндік мектеп деңгейлеріндегі қазақ әдебиетін оқытудың мақсаты – оқушылардың рухани дүниесін байыта отырып, оларға азаматтық, адамгершілік, елжандылық, көркемдік-эстетикалық тәрбие беру және олардың ой-өрісін кеңейтіп, ауызша сөйлеу мен жазба тіл мәдениетін қалыптастыру болып табылады. «Қазақ әдебиеті» пәнін оқып-үйрену арқылы оқушылар халқымыздың ұлттық құндылықтарын сөз өнері тұрғысынан қабылдауға қажетті білім, білік дағдыларымен қаруланады.
Қазақстан Республикасындағы жалпы бiлiм беретiн орта мектептердегi «Қазақ әдебиетi» пәнi үстiмiздегi оқу жылында осы пәндi оқытуға негiз болатын «Қазақ әдебиетi» тұжырымдамасында, қазақ әдебиетiнiң жалпыға мiндеттi бiлiм стандартында, пәндiк бағдарламаларда белгiленген мақсат пен мiндеттерге сәйкес оқытылады.
«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты - қазіргі өзгермелі қоғам жағдайында өзіндік белсенділік көрсете алатын, халқымыздың тарихын, дәстүрін, өнерін, әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалап, құрметтей білетін, әдеби көркем туындыда бейнеленген құбылысты эстетикалық тұрғыда қабылдауға қажетті білім, білік, дағдыларымен қаруланған, оқырмандық талғамы терең, жан-жақты дамыған дара тұлға қалыптастыру.
«Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың басты міндеттері:
• оқушылардың рухани-адамгершілік қасиетін байыту және эстетикалық танымын кеңейту, оқырмандық мәдениетін қалыптастыру;
• өмірдегі кездесетін жағдаяттардағы мәселені шешуде қазақ әдебиетінен алған білім мен тәрбиенің игі нәтижесін пайдалануға, өз өмірлеріне қолдануға үйрету;
• ойын еркін, шешен жеткізе алу, әдеби-теориялық білімін жазба жұмыстарда сауатты қолдана алу біліктілігін қалыптастыру немесе ауызша айтылғанды қабылдай алуын, ойын ауызша жеткізе алуын, жазылған мәтінді, ақпаратты, түсіне алуын және өз ойын жазбаша жеткізе алу қабілетін дамыту.
Қазақ әдебиеті оқу пәні мынадай ұстанымдар арқылы жүзеге асады:
• коммуникативтілік – қазақ тілінің коммуникациясының ауызша және жазба түрлерін қолдана білу;
• оқушының жеке тұлғасына, оның шынайы қажеттіліктері мен мүддесіне, әлеуметтік-мәдени, жеке даму бағдарламасына, яғни тұлғалық-бағдарлық бағыттылығы;
• оқытудың әрекеттік негізі ұстанымы – жеке, топтық және ұжымдық оқыту формаларын басым пайдалану;
• когнитивтік (саналы) үйрету ұстанымы - вербалдық және пәндік маңызынан тұратын оқушы әлемінің картинасын қалыптастыру, қойылған міндетті өз бетімен шешу және қарым-қатынас барысында сәйкес құралды таңдап алу процесін саналы түрде басқара білу;
• лингвомәдени ұстаным – оқушынының өзара байланысты коммуникативтік және әлеуметтік-мәдени дамуы, Қазақстан халықтары және әлемдік қауымдастық мәдениетімен қауыштыру;
• өзін-өзі ұйымдастыра білу және өзін көрсете білу ұстанымы оқушылардың өзіндік белсенділігінің пайда болуына, әлеуметтік мәдени өзара әрекеттестікке және өзін-өзі жүзеге асыруға дайындығын көтеру.
Білім берудің жаңа жүйесінде негізгі мектепті аяқтаған оқушылар таңдау бағытына қарай бейінді сыныптарда оқуын жалғастырады. Бейіндік оқыту – жалпы орта білім беретін мектептердің жоғары сыныптарда даралап оқытуға, оқушының әлеуметтенуіне және мектептің жоғары сыныптарда орта және жоғары кәсіптік білім беру мекемелерімен ынтымақтастығына бағытталған арнайы дайындық жүйесі. Бейіндік оқытудың басты мақсаты – оқушылардың бейіндік білім алуын жүзеге асыру, олардың отбасында, жергілікті және аймақтық ортада әлеуметтенуін, сонымен қатар оқушыларды орта және жоғары кәсіптік оқу орындарына дайындау үшін орта жалпы білім беру бағдарламаларындағы жеке пәндерді кеңейтіп оқытуды қамтамасыз ету болып табылады. «Қазақ әдебиетi» пәні мемлекеттiк бiлiм стандартында белгiленген бiлiм мазмұны мен оқушылардың бiлiм, бiлiк, дағдылары мен құзыреттілік түріндегі күтілетін нәтижелерге жету талаптарын орындайды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылдың 3-сәуіріндегі №160 бұйрығына сәйкес (1, 2, 3, 4, 5 қосымшалар бойынша) дайындалған оқу бағдарламалары, оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендер арқылы жүзеге асырылады.
Бағдарламалар:
1. Әдебиет. Жалпы орта бiлiм беретiн қазақ орта мектептерiнiң 5-7 сыныптарына арналған оқу бағдарламасы. Алматы: «РОНД», 2003.
2. Жалпы орта бiлiм беретiн қазақ орта мектептерiнiң 8-9 сыныптарына арналған «Қазақ әдебиеті» оқу бағдарламасы. Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ бiлiм академиясы, 2004.
3. Жалпы орта білім беретін мектептердің қоғамдық- гуманитарлық бағдарындағы 10-сынып «Қазақ әдебиеті» оқу бағдарламасы. Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, 2006.
4. Жалпы орта білім беретін мектептердің жаратылыстану-математика бағдарындағы 10-сынып «Қазақ әдебиеті» оқу бағдарламасы. Алматы: Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, 2006.
8-сынып
Қазақ әдебиетi С.Мақпырұлы, А.Қыраубайқызы,К. Құрманбай Мектеп,2008
Қазақ әдебиеті. Әдістемелік нұсқау С.Мақпырұлы, А.Қыраубайқызы, К.Құрманбай Мектеп, 2008
Әдебиет әлемінде. Хрестоматия С.Мақпырұлы, К.Құрманбай, Н.Әбішева Мектеп, 2008
10-сынып қоғамдық-гуманитарлық бағдар
Қазақ әдебиетi. С.Қирабаев, Ұ.Асыл, К.Құрманбай және т.б. Мектеп, 2006.
Қазақ әдебиетi. Әдiстемелiк нұсқау. Ұ.Асыл, К.Құрманбай, С. Дүйсебаев, Б.Әрінова Мектеп, 2006.
Қазақ әдебиетi. Дидактикалық материалдар. Б.Әрiнова, Ғ.Сүйіндікова. Мектеп, 2006.
Қазақ әдебиетi. Хрестоматия. З.Ахметов, Ұ.Асыл. Мектеп, 2006.
10-сынып жаратылыстану-математикалық бағдар
Қазақ әдебиетi. Қ.Алпысбаев, Б.Әбдіғазиұлы, Б.Сманов, Ж.Сәметова, Мектеп, 2006.
Қазақ әдебиетi. Дидактикалық материалдар Г.Раева, Ж.Сәметова, А.Далабаева, Мектеп, 2006.
Қазақ әдебиетi. Әдiстемелiк нұсқау. Қ.Алпысбаев, А. Далабаева, Ж.Сәметова, Б.Әбдіғазиұлы, Мектеп, 2006.
Қазақ әдебиетi. Хрестоматия Қ.Алпысбаев, Ж.Сәметова, А.Далабаева. Мектеп, 2006.
Қосымша оқуға:
1. Түркі тілдес халықтар әдебиетінің кейбір үлгілері. Хрестоматия. 5 -11-сыныптар.Ө.Тыныбаева, Т.Жұмажанова. Білім, 2007
2. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы (1, 2, 3-кітаптар). Ш.Ахметов. Арман
ПВ,2008
 
Озат педагогикалық тәжірибе мен инновация
 
Озат педагогикалық тәжірибе мен инновация
ЖОСПАРЫ:
1. Педагогикалық тәжірибе және озат педагогикалық тәжірибе туралы ұғым, маңызды белгілері.
2. Педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату.
3. Инновация туралы ұғым, маңызы, топтастырылуы, шығармашылық іс-әрекет.
4. Ынтымақтастық педагогикасы.
5. Қазақстандық жаңашылдардың іс-тәжірибесі.
Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау ісі күрделі және шығармашылық мәселелердің бірі болып табылады. Педагогикалық тәжірибе - оқыту, білім беру және тәрбие тәжірибесі, дәлірек айтсақ нәтижесі оқушының жеке тұлғалық сапаларынан көрінетін, белгілі бір мақсатпен ұйымдастырылатын педагогикалық процесс.
Көпщілік мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі – бұл педагогикалық ғылымының жетістіктерін қолданып жұмыс істеп жатқан білім беру ұйымдарының тәжірибесі.
Озат педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада озат педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озат тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.
Педагогикалық озат тәжірбиенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп үштас-тырып, бірте-бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне енгізуге болады, біраң жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап, тарату керек.
Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар. Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.
Озат тәжірибенің екінші белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық "өнім" - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.
Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп, жауап алынатын сұрақтар:
• оқушылардың бағдарламадағы оқу материалын меңгеруі;
• өз беттерімен білім ала білуі;
• білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде қолдануы;
• оқушылардың жалпы дамуы.
Білім сапасы оқушылардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс-әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс-әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді. Оқушылардың тәрбиелілігі олардың пікірлерінен, мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан байқалады. Озат тәжірибенің үшінші белгісі - оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қосымша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірибе озат тәжірибе деп есептелмейді.
Жаңалық – озат тәжірибенің төртінші белгісі.
Педагогикалық озат тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн.
2. Мектептерде педагогикалық тәжірибені зерттеудің кейбір талаптары бар. Олар: мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп жинақтауы, педагогикалық еңбек шеберлерінің жұмыс жүйесін зерттеу және жинақтау; бір педагогикалық тақырып бойынша бірнеше мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеу және жинақтау; жаңашыл мұғалімдердің озат тәжірибесін тарату және оны тәрбие процесіне енгізу; педагогикалық ғылыми-зерттеу институттарының басшылығымен оқу және тәрбие салаларында орын алып отырған мәселелерді тауып, оны шешуге ат салысу.
Оқыту мен тәрбиенің тиімді тәсілдері мен әдістерін табуда мұғалімнің өз тәжірибесін өзі зерттеп, жинақтау ісі – әрі қиын, әрі үрделі мәселелердің бірі. Мұғалім оқыту мен тәрбие салаларындағы орын алып отырған бір мәселені шешу үшін әдіс-тәсілдерді таңдап алып, олардың оқушыларға ықпалын сабақ тәрбиелік іс-шаралар арқылы бақылайды. Мұғалім зерттеу арқылы түскен материалдарды талдап, қорытындысын үнемі дәптерге жазып, оқушылардың ынтасы мен таным қабілетін дамту жолдарын іздестіріп, өз жұмысындағы жетістіктер мен мүмкіншіліктерді көріп, оларды жоюдың тиімді жолдарын табу үшін педагогикалық әдебиеттермен танысады.
Мұғалім өз мектебіндегі немесе көршілес мектептердегі тәжірибелі мұғалімдердің тәрбие жұмыстарымен танысып сабақтарына қатысып, олардың оқыту мен тәрбие әдістерін өзінің әдістерімен салыстырып, тиісті қорытындылар жасап, зерттеу жұмысының құжаттарын, атап айтсақ, сабақ жоспары, күнтізбелік-тақырыптық жоспар, оқушылардың жазба жұмыстары, дәптерлері, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жұмысының жоспары, оқушылардың баяндамаларын жинақтайды.
 
3. Инновация – педагогикалық процеске оқыту мен тәрбиенің жаңа тұжырымдамаларын, оқу жоспарларын және бағдарламаларын, түрлерін, әдістерін, құралдарын енгізіп, мақсатңа жету.
Инновациялық процессіз мектептің дамуы мүмкін емес. Мектептің тарихында оқыту мен тәрбиенің ескі түрлері, құралдарының орнына жаңа, озық үлгілер келген кездер көп болды. Мысалы: 20 жылдары мектеп тәжірибесіне жобалау әдісі бойынша топқа үй тапсырмалары берілді. Осы тәсілді жаңашыл мұғалім Н.П.Гузик өзгертіп қолданды.
70-80 жылдары Ш.А.Амонашвили, И.П.Волков, С.Н.Лысенкова, В.Ф.Шаталовтардың жаңашылдық іс-тәжірибесі сол кездегі ұстаздар қауымының тарапынан үлкен қолдауға ие болды.
Инновациялық мектептердің мақсаты - жеке тұлғаны жан-жақты дамыту.
Н.Нұрахметов инновацияны мынадай топтарға бөледі:
• білім мазмұнындағы инновация;
• оқу-тәрбие процесінің әдістемесі, технологиясы, түрі, әдістері және құралдарындағы инновация;
• оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы инновация;
• мектептегі басқару жүйесіндегі инновация.
Жаңалықтан кейін болған өзгерістердің сипатына қарай топталған инновацияның түрлері:
- жеке, бір-бірімен байланысы жоқ;
- модульдық (бір-бірімен байланысты): бір-біріне жақын пәндерге және жас деңгейлері бірдей оқушылармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмыстарына енгізілген жаңалықтар;
- жүйелі: барлық мектептерде болатын өзгерістер.
Иновацияның түрлері: модификациялық, комбинаторлық, түбірлі.
Модификациялық инновация - педагогикадағы әдіс-тәсілдерді жетілдіру. Мысалы: А.С.Макаренконың қиын балаларды тәрбиелеу әдістерін А.Ысқақов осы заманға лайықтап қолданды
Комбинаторлық инновация - белгілі әдістердің элементтердің бір-біріне қосу. Инновацияның бұл түрін қазіргі кезде тілдерді оқыту әдістемесімен айналысатын ғалымдар қолдануда. Түбірлі: мектепке білімнің мемлекттік стандарттарының енгізілуі.
Иннавациялық іс-әрекет – қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайына сай мектеп жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім өзінің оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс әрекетін саналы түрде өзгертеді.
Инновациялық процестің кезеңдері:
• иновацияның себептері;
• жаңалықты жобалау;
• жаңалықты жүзеге асыру.
Инновациялық іс-әрекетке орта да әсер етеді. Мектеп жаңалықтың себебін, жобасының дұрыстығын дәлелдеп, жаңалыққа мұғалімдерді, оқушыларды, ата-аналарды қызықтыра білгені жөн. Инновациялық процесті күшейтетін бес фактор:
• мектеп басшыларының шығармашылығы, оқытудың жаңа технологияларын жасауға қабілеттілік, педагогикалық процеске қатысушылардың бір-бірімен өзара әрекеті және қарым қатынасы;
• инновациялық процестің жоспары, бағдарламасы;
• бағдарлама, жоспар бойынша мектепке ғалымдардың кеңес беруі, керек жағдайда инновациялық процеске түзетулер енгізуі. Жоспарда нәтижелерге жетуге ықпал ететін жағдайларды көрсетіп, сәтсіздік болғанда оны жоятын шараларды да белгілеу;
• әлеуметтік-экономикалық жағдай;
• инновациялық процеске қатысушылар: бастама көтерушілер, көмектесушілер, қарсы тұрушылар.
Ынтымақтастық педагогикасы
 
Ынтымақтастың - бір мақсатқа жетуге бағытталған, бірлескен іс-әрекет. Оған керекті жағдайлар:
- мақсаттың бір екенін анық сезіну;
- ынтымақтасушы жақтардың қызметш дәл белгілеу;
- мақсатқа жету үшін мұғалім мен оқушылардың, т.б. педагогикалық процеске қатысушылардың бір-біріне көмек беру і.
Ынтымақтастық педагогикасының пайда болуына себеп болған оқушылардың білім деңгейінің төмендігі, кеңес педагогикасының баланың еркін және жан-жақты дамуын тежеп, талантын басуы.
Ынтымақтастың педагогикасы баланың психикасының саулығын сақтап, күштеп оқытуға, формализмге қарсы шығып, баланы оқуға ынталандырып, табысқа деген сенімін нығайтып, жазалаудың ауыр түрлерін мүлдем қолданбайды, адамгершілік пен ынтымақтың бала өмірінде үлкен маңызы бар екенін жете түсінеді.
Жаңашыл мұғалімдер өз мектептерінде 25 жыл бойы идеяларын сынақтан өткізіп, ескі әдіспен жастарды оқытуға болмайтындығын дәлелдеп, мұғалімдерге жақсы жұмыс істеу жолдарын көрсетті. Олар:
- балалар мен мұғалімдер, ата-аналар арасындағы ынтымақ; ұжым мүшелерінің шығармашылық жұмысы;
- оқушыға атқарушылық және шығармашылық қабілетін •(дамытатын жұмыстар беру;
- баланы өзін-өзі және ұжымды талдауға үйрету; тұлғалық дамуы;
- тірек идеясы;
- жаңарту идеясы;
- озу идеясы;
- жаңа мектеп;
- тұлғаны дамыту идеясы.
Кеңес мектебі білім беруге баса назар аударып, іскерлікке аз көңіл бөліп, оқыту мен тәрбиенің негізгі мақсаты оқушыларды дамыту екендігін ұмытып отырған. Ынтымақтастық педагогикасы ақыл-ойды, т.б дамытады.
Атқарушылық, шығармашылық қабілет. Балалардың ақыл-қабілетінің дамуын зерттеген Б. Никитин, оны атқарушы, және баланың өздігін тез дамытатын, оның ең негізгі қасиеттерін шығармашылық деп бөледі.
Бала дамуының жаңын аймағы - үлкендердің көмегі арқылы баланың атқараалатын істері. Көрнекті кеңес психологы Л.Выготский оқыту мен дамудың байланысын зерттеп, баланы дамыту үшін оған күрделі тапсырмалар беруді ұсынды. В.Шаталов ережелері оқылмаған тақырыптар бойынша оқушыларға есеп шығартады
Баланың бір күнінің екінші жартысы оның икемділігін, қызығушылығын дамытуға арналады, бұл міндетті орындауға ересектердің уақыты жетпейтіндіктен, балаға негізінен сабақта білім беріліп, қалған уақытта баланың өзі қызығатын іспен айналысуына жағдай жасаған жөн.
Жаңашылдар баланы өзін-өзі құрметтеуге оқу-тәрбие жүмысының барлық кезеңдерінде үйретеді. Өзін-өзі реттеу баланың өзінің іс-әрекеті арқылы жүреді. В.Шаталов үйге тапсырма бермейді, оқушылар оған бөлінген уақытты өздері үшін пайдаланып, тапсырманы тынығып алған соң орындайды. И.Волков үй тапсырмаларын оқушыларға таңдатады. Ш.Амонашвилидің тәрбиеленушілері үй жұмысын өз қалауымен алады.
Озат мұғалімдер баланы құрметтеу идеясын іске асырып, бейімділікке қарай жұмыс беріп, оқушының жеке мүмкіндіктерін дамытып, сабақта да қабілетіне қарай жеке тапсырмалар беріп, қарапайым оқыту тәсілдерін қолданып, оқушыларға сабақ бергізіп, олардың шамалы болса да табысын, шығармашылығын мадақтайды.
Басып тастау ма, әлде диалог па? Мұғалімдерге балалар өздерінің естігендерін, өсек-аяңдарды, әзілдерді айтып келеді. Дәстүр бойынша мұғалім оларды қайтарып тастайды. Себебі мүғалім өзіне келетін сөзден қорқады. Егер мұғалім оқушыға ол сөздердің дұрыс-бұрыстығын айтпаса, онда оқушы өз пікірін өзгертпейді. Оқушыларды әлеуметтік және саяси жағынан өсіретін демократиялық диалог және мұғалімнің өзгені өз сөзіне сендіре білуі.
Жастар философиясы. Мұғалім кез келген жерде окушыға ақыл беріп, оған белгілі нәрселерді айта бермейді, диалог және пікірталас арқылы диалектикалық-материалистік философияны түсіндіреді.
Ойын - демократ тұлғаны қалыптастыратын құрал.
Мектеп және қоғамдың қатынас. Мектеп ұжымы қоғаммен тығыз байланыста болу керек. Өнімді еңбек - тәрбиенің тамаша құралы
 

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет