А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет149/172
Дата27.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#111203
түріБағдарламасы
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   172
«и.Б. жездем хатынан». 
Бұл өлең 1991 ж. жинаққа кірмеген, ал 
1989 ж. жинақта 11 жолы түсіп қалған. Шумақ мәтіні мынадай: 
«...Мода болды кіділік
сал сөзді елегіш.
Бір жөнге тарту жоқ,
Шалқайақ ерегіс,
Алалықтан күш бөлу –
Бұл қанша керек іс?
Шемен бар әуе дерлік,
сасық бар бүйе дерлік 
замана түрленді,
жақсылар кірленді,
Азасынан у жерлік».
Осы өлеңдегі «мода» деген сөзге А.Байтұрсынұлы «ресім» де-
ген балама берген. 1989 ж. жинақта бұл ескерілмеген. Түпнұсқаның 
бастапқы қалпы 2003 ж. жинақта толығымен берілді.
«жауап хаттан». 
Бұл өлең «Ақ жолға» жинағына енбеген. Түп- 
нұсқадағы: 
«Жолдан мен де шықпайын, Сөзбен сыйлап мықтайын» 
деген тармақтар 1989 ж. жинақта: 
«Жолдан мен де шықпаймын
Сөзбен сыйлап мықтаймын» 
деп өзгертілген. Өлең жолдарындағы 
өзгертулер түпнұсқадағы қалпына 2003 жылы түзетілгендіктен, осы 
жинақ негізге алынды.
«ғылым». 
Бұл өлең 1991 ж. басылымда жоқ. Осы өлеңде: 
«
Сөз 
емес арнап жазған дос пен қасқа» 
деген жолдардан кейін келетін:
«ғылым бар бет жууда талай, – дедік. 
жуған жөн бұлай бастап, бұлай – дедік.
жусаңдар солай етіп, сауабы көп,
жаза бар жұмағанда олай, – дедік.
Шарттар көп, – дедік, – ғұсыл құйынғанда, 
Шаһуат пәлендей боп құйылғанда,


361
Қалайша көзде(...) деп айтпады екен?
Үйрет, – деп, – мұның бәрін, бұйырғанда!»
деген екі шумағы 1989 ж. жинаққа кірмеген. Өзгертулер мен өлең шумақ- 
тары түпнұсқадағы қалпына 2003 жылы түзетілгендіктен, осы жинақ 
негізге алынды.
«надсоннан». 
Надсон Семен Яковлевич – петерборлық орыс 
ақыны. Азаматтық, ғашықтық тақырыптардағы және табиғатты 
бейнелейтін лирикалық өлеңдерімен қатар «Христианка» (1878), 
«Көктемгі ертегі» (1882) атты поэмалардың, «Проза. Күнделіктер. 
Хаттар» (1912) атты кітабына енген прозалық шығармалардың, «Со-
фья патшайым» атты өлеңмен жазылған драмалық туындының ав-
торы. Шығармалары мынадай басылымдарда жарияланған: 1. Полн. 
собр. соч. Т. 1-2. Петербург, 1917; Полн. собр. стих. М.-Л., 1962; 
С.Я.Надсон. (Сб. статей), СПб., 1887.
Бұл аударма өлең 1991 ж. жинаққа енбеген. Түпнұсқадағы: 
«Бұзық- 
тық түзіктікті таптағанға» 
деген тармақ 1989 ж. жинақта 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   172




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет