А. Байтурсынов 1-том final indd


Мағжанның толқынды кескіндеуі



Pdf көрінісі
бет138/155
Дата08.11.2022
өлшемі1,7 Mb.
#48382
түріБағдарламасы
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   155
Байланысты:
Байтұрсынұлы І том

Мағжанның толқынды кескіндеуі. Түпнұсқадағы «Жасымен 
жуып жартасын» деген тармақ 1989 жылғы жинақта «Жасымен 
жуып жартасы» болып өзгеріп, «н» әрпі түсіп қалса, 1991 жылғы 
жинақта керісінше, «Жасымен жуып жер тасын» деп «жар» сөзі 
өзгерген. Өзгерген сөз түпнұсқа бойынша 2003 жылы түзетіліпті, 
осыны негізге алдық.
Абайдың ән мен күйді сөзбен сипаттап танытуы. Түпнұсқадағы 
«Көбінесе ән басы келер ащы» деген тармақ 1989 жылғы жинақта 


366
түпнұсқадағыдай берілсе, 1991 жылғы жинақта «келер» сөзі «келеді» 
болып өзгерген. Түпнұсқадағы: «Кел тыңда деп өзгеге болар басшы» 
деген өлең жолы 1991 жылғы басылымда «Кел, тыңда!» деп өзгеге 
болар басшы» деп берілген болса, 1989 жылғы жинақта түпнұсқа 
қалпы сақталған. Келесі тармақтағы «...дүңгір-күңгір...» деген сөз тір-
кесі 1989 жылғы жинақта түпнұсқадағы қалпын сақтаса, 1991 жылғы 
жинақта бұл тіркес «...қаңгыр-күңгір...» деп өзгеріске ұшыраған. 2003 
жылғы жинақ 1926 жылғы түпнұсқаны негізге алған, біз де солай ет-
тік.
сөз өнері. Түпнұсқа және 1989 жылғы жинақтағы «...ұғу...» сөзі 
1991 жылғы жинақта «...ұғыну...» болып өзгерген. Сондай-ақ түпнұс- 
қадағы «....бернесіне...» сөзі 1991 жылғы басылымда «...бейнесі-
не...» деп берілген. Ал 1989 жылғы басылымда түпнұсқадағы қалпы 
сақталып, өзгерген сөздер түпнұсқа бойынша түзетіліпті. Түпнұсқада 
«Сөз өнері жүзінде асқан өнерпаздар....» деген сөйлем 1989 жылғы 
жинақта дұрыс берілсе, 1991 жылғы жинақта «...асқан...» сөзі түсіп, 
«Сөз өнері жүзінде өнерпаздар...» деп берілген. Түпнұсқа мен 1989 
жылғы басылымдағы «Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы» деген өлең 
жолындағы «әркімнің-ақ» сөзі 1991 жылғы «әркімнің де» болып 
өзгерген. «Сонда да ішінде бар таңдамасы» деген келесі тармақтағы 
«...ішінде бар» сөзі 1991 жылғы жинақта қолданылмай, «Сонда да 
солардың бар таңдамасы» болып өзгеріске ұшырған. 1989 жылғы 
жинақта түпнұсқадан ауытқымай, сол қалпында берілген. Түпнұсқа 
мен 1989 жылғы жинақтағы «Ол белгі әркімнің өз ыңғайымен...» де-
ген тіркестегі «әркімнің» сөзі 1991 жылғы жинақта «әр кісінің» деп 
өзгертілген. Өзгеріске ұшыраған сөз түпнұсқа бойынша 2003 жылы 
түзетіліпті, біз осыны негізге алдық. Сондай-ақ, түпнұсқа мен 1989 
жылғы жинақтағы «...сөз тізу салттарынан, шарттарынан...» деген 
сөйлемдегі «салттарынан» сөзі 1991 жылғы жинақта жоқ. Түпнұсқа 
2003 жылы қалпына келтірілген, біз де осыны негізге алдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет