А. Байтурсынов 1-том final indd



Pdf көрінісі
бет68/155
Дата08.11.2022
өлшемі1,7 Mb.
#48382
түріБағдарламасы
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   155
Байланысты:
Байтұрсынұлы І том

Өлеңді сөйлемдер
Атам заманнан бері адам баласының сөзі, асылында екі 
түрлі орынға жұмсалған:
1) Күн көріс ісіне. 2) Көңіл көтеріс ісіне. Бастапқысына қара 
сөз деп, соңғысына өлең деп қазақ ат қойған.
Өлеңнің өзі де қазақта екі түрлі болған: бірі әнді болған, 
екіншісі мәнді болған, әнді өлеңнің сөзінен де әніне көбірек 
құлақ салған. Сондықтан әнді өлеңді айтушы әнінің ажар-
лы болу жағына тырысып, сөздің ажарлы болу жағына онша 
ыждаһат қылмаған. Ал мәнді өлеңде жұрттың құлақ салатыны 
ән емес, сөз болған соң, айтушы сөздің ажарлы және мағыналы 
болу жағына көп тырысқан. Сол себепті әнді өлеңнің сөзінен 
мәнді өлеңнің сөзі ажарлырақ, мағыналырақ болған. Әні ба-
сым, мәні кем, ажары аз өлеңге қара өлең деп ат қойып, әні 
кем, мәні мол өлеңге жыр деп ат қойған.
Бұрынғы заманда қара өлең мен жыр екеуінің арасында 
ажар және мағына жағынан қандай бөлектік болғаны «Жар-
жар» мен «Беташар» өлендерінен көрініп тұр.


213
жАр-жАр
Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар!
Қырық кісінің ақылы ханда болар, жар-жар!
Әкем-ай деп жылама, байғұс қыздар, жар-жар!
Әкең үшін қайын атаң онда болар, жар-жар!
Жазғытұрғы ақша қар жаумақ қайда, жар-жар?
Құлын-тайдай айқасқан оң жақ қайда, жар-жар!
Азар жақсы болса да қайын атамыз, жар-жар!
Айналайын әкемдей болмақ қайда, жар-жар!
Бір толарсақ, бір тобық санда болар, жар-жар! 
Қырық кісінің ақылы ханда болар, жар-жар! 
Шешем-ай деп жылама, байғұс қыздар, жар-жар! 
Шешең үшін қайын енең онда болар, жар-жар!
Құлын-тайдай айқасқан оң жақ қайда, жар-жар! 
Азар жақсы болса да қайын енеміз, жар-жар! 
Айналайын әжемдей болмақ қайда, жар-жар!
..............................................................................
БетАШАр
Айт келін, айт келін! 
Атың басын тарт, келін! 
Жұмыртқадан ақ, келін! 
Келін-келін, келіншек, 
Кер биенің құлыншақ! 
Алдыңғы түйең итіншек, 
Артқы түйең тартыншақ.
Итіншек деп түйеңді 
Басқа ұрма, келіншек! 
Тартыншақ деп түйеңді 
Көтке ұрма, келіншек!
Қайын атаңның алдында
Қақаңдама, келіншек! 


214
Үйге түскен түйені 
Бақандама, келіншек! 
Қаптың аузы бос тұр деп 
Құрт ұрлама, келіншек! 
Өзің жатып байыңа 
«Тұр,тұрлама», келіншек!
Кей келіншек еріншек,
Еріншек болма, келіншек! 
Кей келіншек көңілшек
Көңілшек болма, келіншек!
............................................
«Жар-жарға» қарасақ, оның ішінде ән үшін болмаса, мән 
үшін керек емес сөздер толып жатыр. Мәселен, бір толарсақ, 
бір тобық санда болар, жар-жар! деу сияқты сөздер және сол 
сөздер қайта-қайта айтылады, қысқасы, сөзі көп.
«Беташарда» ондай артық сөздер аз. Мұнда бір сөз қайта ай-
тылса, орнымен, келісті түрде айтылған. «Жар-жардан» гөрі... 
«Беташар» мағыналы, маңызды да. «Беташар» қасында «Жар-
жардың» мағынасы сұйық көрініп тұр.


215


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет