А. Балабаева


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар



бет14/48
Дата21.10.2023
өлшемі147,76 Kb.
#120164
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48
Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым матема-тикалық ұғымдарын қалыптастыру әдістемесінің басты мақсатын айтып көр. Соңғы жаңа бағыттардан не білесің?

  2. Практикалық жұмыс. Балабақшадағы математика сабағына қойылатын әдістемелік талаптарды талдау.

  3. Балабақшада математикалық ұғымдарын қалыптастыруға бағытталған бүгінгі таңдағы шараларға сипаттама беру.

4. Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру барысында оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі формасы – сабақ тақырыбына реферат жазу.
АЛТЫ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Алты жастағы балаларды мектепте оқыту мәселелері одақ көлемінде психологиялық В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин, П.Я. Гальперин Н.А.Менчинская, А.И. Люблинская педагогикалық, әдістемелік А.П.Усова, А.И.Воскресенская, С.П.Редозуб және т.б. ғалымдардың еңбектерін басшылыққа ала отырып, жүргізілген эксперименттік байқау – бақылау жұмыстарының нәтижесіне сүйене отырып, біз «субъект» етіп алып отырған «6 жасар бала кім?» деген сұрақ туады.


Баланың даму процесін психологиялық тұрғыдан талдасақ, бала дамуының екінші шыңы алты жастан басталатын көрінеді. Олай болса алты жасар бала – алғыр бала. Ол шапшаң қабыл-дағыш, елгезек, зерек бала. Бірақ есте сақтау қабілеті төмен бол-ғандықтан олар ұмытшақ келеді. Зейінінің тұрақсыздығынан қабылдаған ақпарат тез өшіп қалады. Балаға берілетін ақпарат олардың талап – тілегін қанағаттандыратындай, екшелген, іріктел-ген болмаса, субъект тез жалығады да одан бас тартады.
Сондықтан берілетін түсінік, мағлұматтар олардың жас және психофизиологиялық ерекшеліктеріне қарай мөлшерленіп, өлшемі дәл анықталғаны абзал.
Ақпаратты беруші мұғалім немесе тәрбиеші тілі, үні балаға жағымды, түсінікті болып, оның жанына, жүрегіне жол таба біліп, қабылдаушының жүйке жүйесін шаршатпағаны жөн. Ақпарат қысқа әрі нұсқа, түйінді, балаға қажетті болғанда ғана оны субъект бар жан – тәнімен сүйіп тыңдап, қабылдайды.
Алты жасар бала ойын баласы. Көпжылдық жүргізілген зерттеулер барысында мектепке де, балабақшаға да қамтылған алты жастағы ойын баласы тәулігіне 12 мың қадам жасайтыны айқындалды.
Ойын баласын оқытатын болсақ, онда оқытудың басты жолы – «ойын әдісі». Баланы оқыту барысында оның берілген ақпаратты қабылдауда ыждағатты төзімі 20 минуттан аспайды. Сондықтан ойын баласына еркіндік берілуі тиіс. Баланың ойын әрекетін бел-гілі бір жүйемен оқу әрекетіне айналдырудың сан қилы жолдары қарастырылуы тиіс. Оған балаларда белгілі бір жағдайда қалып-тасқан ойын жүйесін, таңдалып алынған ұлттық ойындарды, тә-жірибеде кеңінен қолданылып жүрген дидактикалық ойындарды қай жерде, қалай таңдап, қалай пайдалану мұғалімдер мен тәрбиешілерден үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді.
Сабақты ойын баласы тез шаршап жалықпайтындай, оның денсаулығына, жүйкесіне нұқсан келмейтіндей етіп оның қуаны-шына айналдыратындай ұйымдастыру да мұғалім мен тәрбиешінің білім деңгейіне, шеберлігіне байланысты.
Ойын әдісін сабақтың кез–келген кезеңінде тиімді пайдала-нуға болады. Ойын – оқытудың әдісі, тәсілі, құралы, әрі сабақты ұйымдастыру формасына айналғанда ғана алты жасар бала үшін мектеп «қуаныш мектебіне» айналмақ.
Алты жасар балалардың қолының бұлшық еттері мен саусақтарының әлсіздігі, олардың арасындағы моторикасы (қа-рым–қатынас үйлесімділігі, оралымдығы мен қимылының шап-шаңдығы) жоғарғы деңгейде дамыған. Әр бес саусақ адамның негізгі бес ішкі органның қызметіне қатысы барлығын ескерсек, (басбармақ – бастың, шынашақ – жүректің, сұқ саусақ – асқа-занның, ортан қол бауырдың, аты жоқ саусақ – ішектің) саусақтар қызметі арқылы баланың шаршағанын бәсеңдетіп, негізгі органдар жұмысын жақсартуға болады.
Сондықтан 6 жасар баланы оқыту барысында салыстыру әдісін пайдаланудың мәні зор. Бала кез–келген нәрсені көзімен көріп, қолымен ұстап саусақтары арқылы сезініп (қаттылығын жұмсақтығын, тығыздығын, пішінін, т.с.с.) өн бойынан өткізгені абзал.
Математикалық қарапайым ұғымдарды: «жоғары – төмен, оң жағында, сол жағында», – деген заттардың кеңістіктегі орны жайлы түсінік бергенде бала алғаш рет тор көзбен танысады. Сол тор көзден «жоғары торкөзді көк түспен, төменгі торкөзді жасыл түспен боя», – деген тапсырманы орындау барысында «жоғарғы-сын, төменгісін», – деп сол жолды толтырғанша бірнеше рет қайталап бояй береді. Енді осы екі тапсырманы біріктіріп орында-ғанда «тор көздің жоғарғы жағын көкпен, төменгісін жасылмен, оң жағын сары, сол жағындағы тор көзді қызылмен боя», – деген жаңа тапсырма беріледі. Бұл тапсырмаларды орындауда бала сурет салып бояй отырып өзінің математикалық ұғымдарды қалай игергенін өзі де білмей қалады. Әрі бұл тапсырманы орындау нәтижесінде ұлттық таңба «бестаңбаны» қалай салғанын да аңғармайды. Сонымен балаға берілген қандай да болмасын тап-сырма белгілі бір мақсатта нақты болғаны жөн.
Алты жастағы баланың есте сақтау қабілетінің төмендігін ескерсек, әрбір берілетін ұғым оның санасына сіңіп орнығу үшін сол ұғымды әртүрлі әдіспен бірнеше рет қайталатқан дұрыс.
Сонымен алты жастағы баланың жас және психофизиоло-гиялық ерекшелігін ескеруде ата–бабамыздан мұра болып қалған еркіндік, сүйіспеншілік, шындық ұстанымдарын басшылыққа алған жөн.
Ата–бабаның 7 жасқа дейінгі баланы «патшадай» құрмет-теген, бар сүйіспеншілігімен мейірімін арнап, тәрбиеге еркіндік берген. Баланы бетінен қақпай оған ой, сөз, іс–әрекет еркіндігін берген. Еркіндік бере отырып, қазақтың «дала заңын – бағыну заңы» арқылы шындық ақиқаттың ақ жолына бағыттап отырған.
Үлкендер астың да ең дәмдісін, нәрлісін баланың аузына тосқан. Қариялар алдына тартылған бастың құлағын, тіл, таңдайын жас балаға ұсынуы да тегіннен болмаса керек. Сол арқылы баланың келешегінен зор үміт күтіп, есті, ақылды, өнерлі, шешен, батыл да батыр болуын меңзеген. Ақылды демекші 10 жасқа дейінгі баланың ішкен асының 90% – ы ми жұмысын жақсартуға жұмсалатын көрінеді. Сондықтан мұғалімдер мен тәрбиешілер 6 жастағы баланың жас психофизиологиялық ерекшеліктері жайлы ата–аналарға жиі–жиі лекцялар оқып, кеңес беріп, тәрбиенің қыр–сырын түсіндіріп, ынтымақтастықта жұмыс істеген жағдайда көптеген көкейкесті мәселелер өз шешімін тапқан болар еді.
Алдымызға келген баланың ең алдымен денсаулығына көңіл бөлу қажеттілігі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады. Өйткені ол экологиялық, экономикалық, әлеуметтік жағдайларға қарай баланы өмірге әкелген аналардың денсаулы-ғының төмендігіне байланысты. Балаға берілетін білім мазмұны-ның ауқымы, мөлшері белгілі бір өлшемге бағынып, оның денсау-лығына кері әсерін тигізбейтіндей болуы керек. Екіншіден бала-ның әлеуметтік жағдайы қатаң ескерілуі тиіс. Баланың – ата–анасы, ата–тегі кім, қайдан шыққан әлеуметтік ортасы қандай? деген сұрақтарға нақты жауап алынуы оның кім екенін танып білуге пайдасын тигізеді. Үшіншіден баланың табиғи қабілеттері қандай, оның неге қабілетті, неге қабілетсіз екендігі анықталып, соған сәйкес әр баланың жүрегіне жол тауып, қабілетіне қарай дамытуды көздеу қажет. Баланың табиғи қабілеттерін жете біл-мегендіктен небір таланттар ашылмаған күйде өшіп қалады. Сондықтан әр баланың кім екенін танып – білу, оны ата–анасымен бөлісу әр педагогтың кәсіби – азаматтық парызы болып табылады.
Төртіншіден баланың оқуына көңіл бөлінеді. Мектепке даярлау мәселесі бүгінгі күннің басты талабы болып отыр.
Мектепалды даярлықтағы математиканың мазмұны мен оқытудың әдіс–тәсілдеріне тоқталуды жөн көрдік. Математикадан жасалған оқу әдістемелік кешеннің құрамына: оқулық – дәптер, әдістемелік нұсқау, дидактикалық материалдар кіреді.
Оқулық дәптерде 6 жастағы баланың жеке және психофизио-логиялық, морфофункционалдық ерекшеліктері ескерілген бағдар-ламаға сай қарапайым математикалық түсініктер мен ұғымдар, сол ұғымдарды қалыптастыратын тапсырмалар жүйесі берілген.
Дидактикалық материалдарда оқулық дәптерде берілетін білім мазмұнын (түсініктер мен ұғымдар) игеруге көмектесетін қиып алып пайдалануға қолайлы материалдар қамтылған.
Әдістемелік нұсқау мұғалімдер мен тәрбиешілерге арналып онда күнтізбелік жоспар мен әр сабақты қалай өткізудің нұсқауы берілген. Оқулық дәптердің құрылымы былай түзілген:
Жаңа ұғым, мағлұмат, түсінік беретін материалдар.
Жаттықтыратын тапсырмалар жүйесі.
Өздігінен орындалатын тапсырмалар.
Қайталап білімді бекітуге берілетін тапсырмалар.
Салыстыру,толықтыруға берілген тапсырмалар.
Құрастыруға берілген тапсырмалар.
Сурет салуға, бояуға берілген тапсырмалар.
Баланың белсенділігі мен қызығушылығын арттыратын ізденушілік, шығармашылық деңгейдегі Тапқышбек, Бұлжытпас, Қарындаш тапсырмалары;
Жазуға берілген тапсырмалар жүйесі.
Оқулық дәптер мазмұны дидактика ұстанымдарын басшы-лыққа ала отырып, ұсынылған материалдар баланың өзін қоршаған ортадан алынып, оның ұғымына жеңіл, түсінікті, жеткілікті қамтылған.
Сондай ақ оқулық дәптер мазмұнында бала ойын жетелейтін, ізденушілік, шығармашылыққа баулитын материалдар жеткілікті. Берілген тапсырмалар жүйесінің әртүрлілігі баланың үздіксіз дамуына ықпал етеді.
Оқулық дәптердің мазмұны салыстыру, теңестіру, толық-тыру, сандарының пайда болуы, саны, геометриялық материалдар, ауыр жеңіл, сұйық және сусымалы заттарды шартты өлшеуіш-термен өлшеу, уақыт өлшеуіштері, бүтінді тең бөліктерге бөлу, тақырыптарымен компьютерлік сауаттылыққа, дамытушылыққа әртүрлі деңгейде берілген тапсырмалар жүйесімен ерекшеленеді.
Шамаларды көлеміне, пішініне, санына, түсіне, кеңістіктегі өзара орналасуына, массасына т.б. өзгеше қасиеттеріне қарай салыстыру барысында кең қолданылады. Салыстыру арқылы баланың аңғарымпаздығы, сезімі, қабілеттері артып, оның талдау, қорытынды, тұжырым жасауға бейімділігі байқалады.
Теңестіру шамаларды санына қарай салыстыруда қолданы-лады. Теңестірудің екі жолы: қосу немесе азайту арқылы бола-тыны белгілі. Алдымен шамаларды санына қарай салыстырып, қайсысы көп немесе аз екені, содан кейін нешеуі артық немесе кем екені анықталады. Енді олардың санын теңестіру, салыстырып отырған шамалардың бір бірінен қанша артық кеміне нақты байланысты болады.
Толықтыруда шамаларды санына қарай салыстырудан туындайды. Мұнда да толықтыратын шаманың онымен салысты-рылып отырған шамадан қанша кем екенін анықтап алып, сол кемін толықтырады. Толықтырудың жолы тек қосу арқылы жүзеге асады.
Сан ұғымына шамаларды әртүрлі өасиеттеріне қарай салыстыру арқылы келу оқулық дәптердің ерекшелігінің бірі болып саналады. Мысалы: көп алманың ішінен түсі өзгеше біреуін теріп алу, көп алма оның оның біреуі көк алма, бір деген сөз, яғни жаңа ұғым баланың өз аузынан шығады.
Саны бірге бірді қосу арқылы пайда болатындықтан, санын өтуден бұрын өсу (плюс ) таңбасымен таныстырылады.
Саны азайту амалы арқылы пайда болады, яғни бардан жоқ жасалады, нольдің орны бос екендігіне баланың сапалы түсін-генінше тапсырмалар арқылы жаттықтырылады. Ал геометриялық материялдар нүктеден бастап бірізділікпен жүйелі түрде сара-мандық жолмен беріледі.
Ауыр жеңіл ұғымының тапсырмалар жүйесінде психоло-гиялық жағы жан-жақты қарастырылады. Өйткені бір ғана асқа-бақтың бірнеше картоптан ауыр болуы, немесе сан жағынан аз қызанақ саны көбінен жеңіл болатыны, бір қапустаның бірнеше қияр массасымен тең болуы арқылы заттың өзі алып тұрған орнына түсіретін қысымы арқылы ауыр жеңілдігі анықталатынына көз жеткізілді.
Сұйық заттар мен сусымалы денелердің өздеріне тән қа-сиеттері: сұйықтардың бетінің тегістігі, сусымалының беті үйінді түрінде болатындығына көз жеткізу, олардың шартты өлшеуіш-тері, шартты өлшеуіштердің ара қатынасы сарамандық жолмен анықталады.
Уақыт өлшеуіштері: жыл мезгілдері, ай аттары, апта күндері, тәулік, таңертең, түс, кеш, түн, сағат ұғымдарымен танысты-рылады.
Бүтінді бөліктерге тең бөлу арқылы тұтастың жартысын табу, жартының жартысын яғни ширегін табу да сарамандық жолмен анықталады.
Баланың ақыл ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәл-дікке үйрету, шындыққа баулу мақсатында компьютерлік сауат-тылыққа үйрететін тапсырмалар жүйесі берілген. Оның басты кейіпкерлері: Бұлжытпас, қарындаш арқылы тапсырмалар орын-далады.
Бұлжытпастың жұмыс атқару ұстанымы бір команда беріл-генде ол сол команданы орындау барысында бір ғана торкөзге жылжиды. Бұлжытпас торкөзді аттап жүре алмайды. Ол алдына қойылған кедергіден де аттап жүре алмайды, кедергіні айналып өтеді. Қарындаштың көмегімен берілген фигураны көшіру, беттестіру, берілген команда бойынша фигураны салу; салынған фигураны салу командасын стрелка арқылы көрсету т.с.с. жұмыстар орындалады.
Дамытушылыққа берілген әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар жүйесін орындау барлық балаға міндетті емес. Алдымыздағы балаларды олардың табиғи қабілеттеріне қарай саралау – даралауды ерте жастан бастаудың артықшылығы жоқ.
Дамытушылыққа берілген тапсырмаларжүйесі дара ерекше-лігі бар «дара» тұлғалардың үздіксіз дамытуға ықпалын тигізері хақ. «Оқулық – дәптер дегеннен-ақ түсінікті оқулықпен дәптердің ролін қатар атқаратын бұл құрал 6 жастағы баланың өзіндік ерекшеліктеріне сәйкестендірілген.
Бала қажетті ұғымды игеру үшін жаттықтыру жұмыстарын атқарады, өзіндік тапсырманы, жазба жұмыстарын орындайды. Оқулық пен дәптердің бірге болғаны баланың ойлау жүйесінің үздіксіздігіне, көз алдында салыстыра отырып, ой желісін үзбей, уақытты үнемдеуге көп ықпалын тигізеді. Дәптердің торкөзінің өлшемі 7/7 мм. Бұл әдеттегі торкөз дәптерден әрине ірі, 6 жастағы баланың жам ерекшелігіне сай алынып отыр.
Дәптермен жұмыс жүргізуде де онда көрсетілетін барлық тапсырманы барлық бала толық орындау міндетті емес. Дәптер бетіндегі бос торкөздерді толық толтыру да міндетті еместігі ескеріледі.
Оқу-әдістемелік кешенге ғылыми-әдістемелік тұрғысынан келетін болсақ, теориялық деңгейдің жоғарылағанын материалдың берілуінің жүйесінің тізбектеле сабақтасқанын, салыстыру, теңестіру, аналог бойынша қорытынды жасау, талдау – жинақтау, дәлелдеу жолдары айқындалғанын көруге болады.
Оқу-әдістемелік кешенге баланың ойын, оқу, коммуника-тивтік әрекеттерін дұрыс қалыптастыруға, оның белсенділігін, қызығушылығын, танымын арттырып, шығармашылығын шын-дауға мүмкіндік береді.
Математика оқулық – дәптері интеграция ұстанымдарын басшылыққа ала отырып, баланың дүниені біртұтас қабылдауына, құбылыстардың арасында ешқандай шекара жоқ екендігіне көз жеткізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет