А. Балабаева


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар



бет28/48
Дата21.10.2023
өлшемі147,76 Kb.
#120164
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48
Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Өлшеу туралы сипаттама.

  2. Түрлі зат өлшемдерін шартты өлшеуіштің көмегімен өлшеуге үйрету әдістерін қарастыру.

  3. Заттың массасы, физикалық күйі, сұйық және сусымалы заттардың қасиеті туралы ұғымдарын қалыптастыру тақырыбына реферат.



МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЖАЛПЫҒА ОРТАҚ ӨЛШЕУ МӨЛШЕРІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Мектеп жасына дейінгі балаларға дағдылар мен өлшеу іскерліктерін уйретудің маңызы зор. Бұл әсіресе олардың бірлік тұралы ұғымдарын нақтылауға әсерін тигізеді.


Балаларды өлшеуіштердің әртүрлі бірліктерімен метр, литр, килограммен таныстыру маңызды.
Санау әрекеті мен өлшеу арасындағы байланыстар нәти-жесінде өлшеу айқын мәлімет береді.
Жалпыға ортақ өлшеу эталондарын меңгерту, шартты өл-шеуіштерді ұғындыру өте маңызды. Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың белсенді сөздік қорынан (метр,сантиметр, литр) деген сөздерді және өлшеуге деген кішігірім қабілеттерін жиі байқауға болады. Бұл баланың «таяу даму аймағы» мазмұнын құрайды.
Кейін мектепте алғашқы ондық бірліктері туралы ұғымда-рын нығайтуда кесінділер пайдаланылады. Ол үшін балаларды бірлік моделі ретінде сантиметр, ондық моделі дециметр, жүздік моделі метрмен таныстырылады. Ал мектеп жасына дейінгі кезде ұзындық өлшемі ретіндегі реттілік керісінше алынады,ең алғашқы ұзындық өлшемі ретінде (см, дм) емес метр алынады. Оның алынуының мақсаты: метр - ұзындықты өлшеудің негізгі бірлігі. Өмірде дүкенде, құрылыста балалар көбіне метрмен өлшеуді бақылауды кездестіреді. Метр жекелеген эталоны ретінде қарас-тырылады.
Метр, сантиметр мен дециметрге қарағанда аса көрнекі әрі ірі де өлшем бірлігі болып табылады. Сондықтан метрмен өлшеу балалардың қабылдауына да аса ұғынықты әрі жеңіл. Өлшемдерге үйрету шараларын шаруашылық дүкеніне серуеннен бастауға болады.
1. Дүкеннен тұтынушыға мата өлшеп беріп жатқан сәтін бақылау.
2. 1 м сызғышты ұстап, зерттеп көру, қаншалықты мата екенін өлшеп көрсету; Мыс: 2м, 6м. Көз мөлшерімен турлі мата-лардың енін салыстырып үйрету. Оны метрмен салыстыру.
3. 2м мата, 3м лента, 4м жіп қуыршақтар үшін сатып алып көру. Топсаяхаттан соңғы әңгімелесуде аналарымен қай кезде метр қолдануын сұрау. Алғаш білімдерін практикалық тапсырмаларда қолдана білуге дағдыландыру: жолдың ұзындығын өлшеу, алаңды өлшеу т.б. Мектеп жасына дейінгі балаларды біртіндеп ұзындық-тың өлшем бірлігі ретінде сантиметрмен таныстыруға болады. Ал сұйық заттарды өлшеуде банкіден су қолданылады. Массаны өлшеуде 1кг, 2кг, 5кг гирлер қолданылады және таразыны пайда-лану қажет.
Бұл жағдайда әсіресе дидактиқалық ойындарды, жаттығу-ларды пайдалану қажет. Ойын жаттығулардың маңызы зор, логи-калық жаттығулар да беруге болады. 10 санымен таныстыруда сандардың реттік қатарын 1-ден 10-ға дейін ауызша айтуға үйренеді. Санның натурал қатары туралы тусініктері 10 санымен таныстыру саусақтың системаларға 10 саны және оның бірлік-терімен таныстыруда (қандай, қайсысы, қанша деген сұрақтардың мәнін айыра білуге және оларға дұрыс жауап беруге дағдыландыру қажет. 10 саны көлеміндегі бірліктерді тек бір сызық көлеміндегі қалпында ғана емес, заттарды кеңістікте түрліше орналасқан жағ-дайларында да санай білуге үйрету керек. Санның элементтер сипатына, олардың сапалық белгілеріне (заттардың үлкендігіне, олардың арақашықтығына, кеңістікте орналасуына, сондай санау сағатына (солдан-оңға, оңнан солға, ортадан бастап жан-жаққа қарай т.б) байланысты болмайтыны жөніндегі түсінікті айқындау қажет. Кез келген затқа толыққанды сипаттама беруде оның басқа да нақты белгілерімен қатар өлшеу сипаты аса маңызға ие болып табылады. Мектепке дайындық кезінде балалар шартты өлшеуішті пайдаланудың бір неше түрлерін меңгерулері қажет. Ең алдымен «тузу» бетімен өлшеу, оған қағаз кесінділері арқылы таяқша, жіп, адым т.б ұзындық өлшемдерін пайдалану.
Екінші түрі - сусымалы заттарды кружка, стакан, қасық, тарелка өлшеу қолданылады. Балалардың күнделікті өмірдегі іс тәжиребелерін қарастыра отырып ең алдымен ұзындық өлшем бірліктерімен таныстыру маңызы аяқталды. Ал, өлшеу дағдыла-рын балалардың санай білу дағдыларына тікелей байланысты. Өлшеуге үйретуде, өлшейтін заттар алдын–ала әзірленіп алынады. Балалардың өлшеуді меңгеруі осыған дейінгі дидактикалық мате-риалдармен жаттығулар арқылы қабылдаған білім, дағды, ескер-ліктеріне байланысты. Таразымен өлшеген жағдайда таразының (стрелкасы) көрсеткіш өлшемді көрсетіп тұратынын айту қажет. Салмақ, яғни заттың массасын өлшеу күрделірек, бұл жүйелеу мен нақтылауды қажет етеді. Жүйелі ұйымдастыру оқыту мен үйрету қажет және кезеңдер бойынша үйретледі. 1 кезеңде (естияр топ) зат массасын нақты сөздермен атап, ажыратуға үйрету қажет. 2 кезеңде ( естияр топ, ересек топ) бірнеше заттар арасындағы ара салмақты ажыратуға көңіл қолданылады. 3 кезеңде (даярлық топ) жалпыға ортақ өлшем бірліктерімен таныстыру. Арнайы мақсатты ойын жаттығуларын қолдану оң нәтиже береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет