А. Балабаева


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар



бет31/48
Дата21.10.2023
өлшемі147,76 Kb.
#120164
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   48
Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Заттардың формасына туралы ұғымдарын қалыптас-тыруға сипаттама беру.

  2. Көрнекі құралдар жасау. Геометриялық фигуралардың түрлері.

  3. Геометриялық фигураларды таныстырудағы басты мін-деттер. Реферат жазу.

ГЕОМЕТРИЯЛЫҚ ФИГУРАЛАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

Балаларды заттың формасын, пішінін айыра білуге үйрету. Балаларға бір-бірден үлкен дөңгелек (диаметр 10 см) және шаршы (жол 10 см) беріледі. Екі пішін де бір түстес, мысалы сары. Қорапта әр біреуіне қызыл түсті шаршы және дөңгелек көлемі 3 см болатын 5 пішін беріледі. Міне, мынау дөңгелек, ал мынау шаршы деуі керек. Содан кейін үлкен сары дөңгелектің үстіне, кішкене дөңгелектерді, үлкен сары шаршының үстіне кішкентай шаршыны қою керек. Балалар бұл тапсырманы қос қолдап істейді.


Барлық пішіндерді орналастырып болғаннан кейін, бұл дөң-гелектерді балаларға көрсетіп, әрқайсысынан “қанша қызыл дөңге-лекшелер бар немесе дөңгелекте неше кішкене дөңгелекшелер орналасқан?” деген сұрақтар қойылады.
Сабақ барысында шаршыны көрсетіп, қанша кішкене шар-шылар үлкен шаршының үстіне орналасқан немесе сары шаршыда неше қызыл шаршы орналасқан.
Тәрбиеші бұл тапсырмадан кейін міндетті түрде қорытынды келтіреді. “Үлкен сары дөңгелекте қызыл дөңгелек көп”, - деп балаларға айналдыра көрсетіп шығады. “Үлкен сары шаршыда көп кішкене қызыл шаршылар қойылған” – деп, қалған балаларға көрсетеді. Егер балалар “көп” сөзін түсінсе, онда балаларға бөлме ішінен бір затты салыстыруға тапсырма беру керек.
2. Балаларды саны жағынан әр түрлі заттарды салыстырып, оны көп – аз екенін ажырата “көп – аз (бір)” сөзімен дұрыс айтуға үйрету.
Тәрбиеші алдын - ала үстелге 15 ойыншық қояндар қойып оларды орамалмен жауып қояды. Балалар үстелге отырған соң, тәрбиеші ақырын орамалдың шетін көтеріп көреді де, таң қалған дауыспен: “Бізге кім қонаққа келген?!” – деп, асықпай орамалды ашады. Енді ойыншықтарды көрсетіп, “Бұл не?”, “Қаншама қоян?”, “Қанша қоян екен?” деп сұрайды.
Тәрбиеші балаларға қарап: “Қояндар балалармен ойнағысы келіп тұр екен, кәне Самал сен біреуін ал, Асыл, Ажар бір – бір қояннан алыңдар”. (Ойыншық үстел басындағыларға үлестіріліп беріледі). Балалар бір – бірден ойыншықты алып болғаннан кейін стол үстінде 5 қоян қалады. Тәрбиеші қарауға сәл уақыт бергеннен кейін: “Үстелдің үстінде неше қоян, үстелдің дәл ортасындағы қоянды көрсетіп, асхатқа неше қоян бар?, Арман сенде ше?, Асхат неше қоян ұстап отыр?” - деп, сұрайды.
Педагог – тәрбиеші өзі айта отырып, көмектеседі: “үстел үстінде көп қоян, сенде неше? Талғатта 1, Тұрарда 1, ал үстел үстінде көп қоян бар”.
“Ғажайып дорба” ойыны да дәл осы мақсатпен ойналады.
Тәрбиеші стол үстіне жұқа дорба қояды, дорбаның ішінде саңырауқұлақтар бар. (15-16 түйір) Дорбада не бар екенін сұ-райды. “Сауле дорбадан бір саңырауқұлақ алшы”. Бала оң қолмен алу керек. “Нурдос, сен бір саңырауқұлақ ал. Анель сен де.” Тәр-биеші дорбаны балаларға қарай жылжытады. Әрбір бала бір – бір саңырауқұлақтан алады. Барлығы алып болған соң, тәрбиеші балалардың назарын саңырауқұлаққа аударады. “Балалар дорба-ның ішінде қанша саңырауқұлақ бар? Анель сенде ше? Сауле сенде неше саңырауқұлақ бар?”
Ойын соңынан қорытынды шығарады. Әрбіреуінде 1 саңы-рауқұлақтан, ал дорбада көп саңырауқұлақтар бар.
Осыдан кейін тәрбиеші себетті қойып балалардың өздерін-дегі саңырауқұлақты себетке қоюын сұрайды. Тәрбиеші: “Қанша саңырауқұлақ салынды? Айнұр сен нешеу салдың? Зере сен ше?” Дұрыс әрбіреуінің 1-1 саңырауқұлақтан салдыңдар. Иә,себетте саңырауқұлақ «көп», дорбада да «көп».
Осыдан кейін тәрбиеші себетті қойып, балалардың өздерін-дегі саңырауқұлақты себетке салуын сұрайды. Тәрбиеші: «Қанша саңырауқұлақ салынды Айнұр сен неше саңырауқұлақ салдың. Зере сен нешеу салдың? Дұрыс әрбіреуің 1-1 саңырауқұлақтан салдыңдар. Себетте қанша саңырауқұлақ бар, дорбада ше? Иә себетте саңырауқұлақ «көп» дорбада да.
Балалар әр түрлі ойыншық түрінен санап үйренуі керек. Оларға 5-6 үйрек беріледі. Тәрбиеші: «Мұнда қанша үйрек. Қане көрсетіңдерші сендердің оң қолдарың және сол қолдарың қай жақта. Енді балалардан оң жақ қол қатарына 1 үйрек, сол жақ қол қатарына 1 үйрек қойылады. Осылайша 5-6 үйректі түгел қойып шығады. Үйректер қанша, қай жақтағы үйрек көп. Міне, бір үйрек сол жаққа қарай бұрылды да кетіп қалды. Сәл алысқа барды да қарап тұр. Бәрінің үйрегі оң жаққа барып тоқтады. Тәрбиеші бер-ген тапсырманың орындалуын бақылайды. Қараңдар сол жақта қанша үйрек тұр әрқайсысының көрсетіңдерші дұрыс, сол жақта көп үйрек тұр. Қараңдар оң жақта қанша үйрек тұрды. Дұрыс бір үйрек. Көрсетіңдерші қайда көп үйрек тұр.
Тәрбиеші өзінің сөзін жалғастырады. Үйректерді жинасты-рып балаларға да осыны жасатады. Тағы бір үйрек ол жерде көп, ол бұрылды да өзінің досының жанына барып тұр. Міне, біреуі оның артынан кетті. Енді біреуі оның жанына барып тұрды. Сол жақта қанша үйрек қалды. Сол жақта бір үйрек оң жақта көп үйрек. Егер балалар оң жақ, сол жақты бірден түсінбесе, ажырата білмесе тәрбиеші көрсетіп, сол жақ қолыңның жанында (үйрек) оң жақ, оң қол жақта.
3. Балаларды ойыншық санына қарай топқа бөлуге үлкен және кіші топтар құруға оны көп, аз көзімен айта білуге кеңіс-тіктегі орнын бағдарлай білуге үйрету. Салыстыру үшін 4 және 2, 5 және 2 ойыншық алынады. Мұнда 4 және 5 көп. 2 аз екені көрсе-тіледі. Әрбір балаға 6 кубигімен қорап беріледі. (төртеуі сары, екеуі қызыл кубик). Педагогта да дәл осындай қорап бар. Тәр-биеші: текшенің түсі қандай?
Балалар: қорапта сары және қызыл текшелер жатыр. Тәр-биеші: Қораптан қызыл текшелерді алып үстелге қоямыз. Сонда сары текшелер қайда, олар қанша. Балалар: сары текшеде қорапта. Олар төртеу. Тәрбиеші: әрбіреуінің бір-бір текшеден көрсетің-дерші. Балалар: 1-1 сары текшені көрсетіп, қайтадан қорапқа салып қояды. Тәрбиеші: Үстел үстінде 2 қызыл текше көрсетеді, қорытында шығарады. Үстел үстінде аз текше. Ал қораптың ішін-де текше көп. Тәрбиеші: қораптан сары ктекшені шығарып үстел үстіне қойыңдар. Қызыл текшені қызыл текшеге қосыңдар. Ал сары текшелерді бір-бір артына қойыңдар. Міне машина жасалды. Кеттік.
Сабақты ойын түрінде өткізуге болады. Мысалы: қуыршақ Оспанға біздің ойыншық туралы айтып бер. Тәрбиеші: алдын-ала үстелге ойыншықтарды қояды. 1 көк және 4 қызыл машина, 4-5 доп обручқа дөңгелетіп қояды. 2 деп қорапқа салады. 1 үйректі текшенің үстіне қояды. Ал 4-5 үстелдің үстіне қояды. Енді педагог балалардың назарын ойыншықтың санына аударады. «Қараңдар қандай ойыншықтар тұр. Олар қанша? Қуыршақ Оспан бізге қо-наққа келді. Ол бұл жерде қандай ойыншық және қанша ойыншық екенін білмейді. Азамат Оспанға машина туралы айтып берші. Олар қанша, қандай түстен тұрады. Серік Оспанға үйректер ту-ралы айтып берші. Үйректер қайда тұр олар қанша. Айдын Оспанға доптар туралы айтып берші. Тұрарбек айтшы қандай ойыншық көп. Ахмет Оспанға қайда аз ойыншықтар айтып берші. Олар туралы айтып бер.
Сабақтың соңында оспан айтады. «Азамат, Тұрарбек, Айдынға рахмет. Олар көк машинаның біреу екенін, ал қызыл ма-шинаның көп екенін өте жақсы айтып берді. Міне олар көрсетеді. Аз доптар қорапта, көп доптар обручтың ішінде. Бір үйрек текше-нің үстінде тұр, ал көп үйрек үстелдің үстінде тұр. Міне сендерде қанша ойыншық бар!»
Балалармен бөлмеде топсаяхатқа шығуға болады. Сабаққа дайындалған тәрбиеші бөлмеге ойыншықтарды, заттарды қанша деген сұраққа: көп, аз, бір деп беретіндей орналастырады. Қуыр-шақтар үстел басында отырады, ал біреуі тұрып тұрады. Қояндар дөңгелектің ішінде тұрады, ал екеуі шыршада тұрады. Гүлдер терезенің алдында, қарындаштар стаканның ішінде, ал екеуі үстел үстінде жатыр.
Тәрбиеші балалардың заттарға жақындап ұстап көруін ұсынады. Балалар қуыршақтардың қоянның қайда орналасқанын көрсетуі керек және қай жерде көп қоян, ал қай жерде аз қоян екенін табады. Олар қарындашқа назар аударуы керек. (стаканда қанша қарындаш, үстел үстінде қанша қарындаш) және терезе алдындағы гүлге назар аударады.
Суреттерді көрсету арқылы заттардың соңын анықтау білімін бекіту.
4. Балаларды салынған суретке қарап әңгімелеуге үйрету. Суреттегі салынған заттың соңын байқауға және ол заттар туралы айта білуге үйрету. (1 сабаққа 2-3 сурет қолдануға болады). Тәрбиеші суретті көрсетіп балалардан мұнда не бейнеленгенін сұрайды.
Балалар: суретте кішкентай балалар бейнеленген. Олар ойыншық жинап жатыр. Ойыншықтарды қорапқа салуды.
Тәрбиеші: Үстел басында кім отыр?
Балалар: Үстел басында қыз отыр. Ол сурет салып отыр.
Тәрбиеші: Ойыншықтарды жинап жатқан балаларды көрсе-тіңдерші. Қанша бала ойынщық жинап жатыр? Қанша бала сурет салып жатыр? Сурет салып жатқан қыз баланы көрсетіңдерші?
Тәрбиеші балаларды сурет сала білуге, мазмұнын айта білуге үйрете отырып, жай сөйлемдер арқылы өз ойын айқын түсінікті айта білуге дағдыландырады. Қарапайым математикалық түсінік-терді сабақтың әр түрі арқылы қалыптастыруға болады. Тіл да-мыту сабағы кезінде суретке қарап отырып балалар зат есім, етістікті, сөздерді жекеше, көпше түрде айта білуге үйренеді. Су-рет сабағы үстінде өлшемді білдіретін сөздерді қолдану (мысалы: мынау ұзын, ал қалғандары қысқа жол. Балаларға оң жақ қолмен сурет салуды ескерту. Сурет сабағы үстінде балаларға «жоғары – төмен» - білу үшін тапсырма беру. Мысалы: шардың төменгі жағына жіптің суретін салу немесе гүлге сабақ салу.
Балаларды киіндіргенде олардан бүкіл түймең салынған ба деп сұрау керек. Неше түйме салғыш? Неше түйме бар? Осылайша өлшем туралы, сан туралы қарапайым түсінік күнделікті балалар өмірінде қалыптасады. Балалардың алғашқы қарапайым математи-калық түсініктерді еңбек әрекеті мен ойын үстінде қалыптасады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет