Использованная литература:
1.
Стратегия «Казахстан -2050»: новый политический курс сложившегося государства-
Астана , Ақорда 2012г.
2.
Бузаубакова К.Ж. «Формирование инновационной подготовки учителя» -Алматы
2010г.
3.
Габдуллина З.М. «Развитие навыков работы с компьютером у детей 4-7 лет»
/Планирование занятий, рекомендации, дидактический материал, консультация для
родителей/ 2008г.
4.
Кузеванова О.В. «Формы организации коммуникативной деятельности детей
дошкольного возраста» /Детский сад: теория и практика/2012г. №6
5.
Солоневичева М.Н. «Использование информационных технологий в дошкольных
образовательных учреждениях» /Методическое пособие/ 2008г.
310
Сейтбаева Б.А.
Теміртау қаласы, «Дельфинчик» КМҚК бөбекжайы
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРМЕН ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНУДЕ АТА-
АНАЛАРМЕН ӘРЕКЕТТЕСТІКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДА IT ҚОЛДАНУ
«Басқадан кем болмас үшін біз білімді,
бай һам күшті болуымыз керек.
Білімді болу үшін оқу керек,
Күшті болуға бірлік керек.
Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек»
Ахмет Байтұрсынов.
Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру жүйесінің алдында тұрған көкейкесті
мәселелердің бірі: білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру, жас ұрпақтың
тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын басқару бойынша модель құру. Мемлекеттік тіл әрбір
қазақстандықтың күнделікті өміріне енуі үшін оған сұраныс тудыру қажет. Тіл үйренуді
мектеп жасына дейінгі балалардан бастау өте тиімді, өйткені олар қате жіберуден
қорықпайды, ересектің іс-қимылын еліктеп қайталауға құштар келеді. Осы жастағы
балалардың тілдік дамуының негізгі шарттарының бірі-ата-аналармен тығыз қарым-
қатынаста болу. Педагог пен ата-ана ынтымақтастықта бірлесе жұмыс атқарғанда ғана
баланың дамуы мен жетілуінде оң нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігі артады.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуда баланың өмірі мен дамуына ықпал ететін
барлық факторларды ескеру қажет. Демек, баламен жұмысты ата-аналарымен, қоршаған
ортамен өзара ынтымақтастықта құру аса маңызды. Барлық ерекшеліктерді: әлеуметтік
жағдайды, отбасы тарихын, елдің мәдени ерекшеліктері мен салт-дәстүрлерін, баланың
мінез-құлқы мен ерекшеліктерін ескеру қажет. Ата-аналармен үнемі қарым-қатынаста болу
және оларды бейімдеу мен оқыту процестеріне тарту мектепке дейінгі ұйым ұжымының
басты міндеттерінің бірі болуға тиіс. Балаларды дамыту, тәрбиелеу және оқыту процесіне
ата-аналарды тарту мәселесі мынадай бағыттарда шешіледі:
1) ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру;
2) ата-аналарды мектепке дейінгі ұйымның қызметіне тарту.
Қоғам дамуының қазіргі кезеңінде білім беру мазмұнын жаңғырту, тілдерді оқытуды
ұйымдастырудағы инновациялық процестермен тығыз байланысты. Сондықтан білім беру
жүйесінде ақпараттық технологияларды қолдану мәселесі өте өзекті. Бұл білім беру
процесіне жаңа көзқарас, оқытудың жаңа формалары мен әдістері енгізеді. Тілдерді
оқытудың негізгі мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік мәдениетін
қалыптастыру және дамыту, тілді практикалық меңгеруге үйрету болып табылады.
Тәжірибелі шығармашыл педагогтың қолында компьютер білім беру сапасын арттыруға
көмектесе алады. Заман талабына сай ата-анамен жұмыста да, ақпараттық технологияны
қолдану өте тиімді, әрі нәтижелі тәсіл. Мектепке дейінгі білім беруде ақпараттық
технологияларды қолдану педагогтарға, педагогикалық практикаға жаңа әдістемелік
әзірлемелерді кеңінен енгізуге, тәрбие-білім беру процесін жаңғыртуға, оқытудың
тиімділігін арттыруға, балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып оқытуды саралауға
жаңа мүмкіндіктер ашады.
Әрі қарай, балаға тіл үйретудегі ата-аналармен әрекеттестігім бойынша өз
тәжірибеммен бөліспекпін: Педагог үнемі ізденісте жүрсе, ал ата – ана бұл үдерісте оған
қолдау көрсетіп, көмекке келетін болса, жұмыс табысты болмақ.
Қарағанды облысының оқу
әдістемелік орталығымен ұсынылған «Алғашқы ұстаз-ата-ана» және «Әжемнің ертегісі»
жобалары әр баланың отбасымен серіктестік қарым-қатынасты орнатуды, қазақ тілін үйрену
үшін күш-жігер біріктіру және мектеп жасына дейінгі балаларды қазақ халқының ұлттық
311
бастауына тартуды көздейді.
Осы орайда, мен өз тәжірибеме бөбекжайымыздағы педагогтар
мен ата-аналарға балаға тіл үйретуге қажетті әрі тиімді материалдарды жинақтап оларды
білім беру үдерісінің кез-келген қатысушысына (бала-педагог-ата-ана) қолжетімді
болатындай етіп ұсыну үшін,
Достарыңызбен бөлісу: |