«Әжемнің ертегісі» виртуалды энциклопедиясы құрылып,
ондағы материалдар алты блокқа жинақталды. Әрбір блок бойынша жинақталған
материалдар ата-аналар үшін қолжетімді болуы үшін біз әр блокқа сілтеме мен QR-кодтарды
ата-аналардың топтарына WhatsApp желісі арқылы тараттық.
Бірінші блок: «Қазақша сөйлейік» Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ тілін
үйрету мәселелерінде ата-аналар мен педагогтардың педагогикалық мәдениетін арттыруды
көздеп, тілдің үй жағдайында баламен қолданыста болуына жағдай жасау үшін өтпелі
тақырыптарға сәйкес бейне-сабақтар мен ойындар жинақталды;
Екінші блок: «Білгенге маржан» Әр баланың отбасымен серіктестік қарым-
қатынасты орнатып, қазақ тілін үйрену үшін күш-жігер біріктіру және мектеп жасына дейінгі
балаларды қазақ халқының ұлттық бастауына тартуды көздей отырып, балаларды қазақ
халық фольклорының кіші түрлері: мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, өлең-тақпақтар,
ертегілерді таныстыру және есте сақтау үшін мнемотехника әдісі қолданылды;
Үшінші блок: «Кел, ойнайық!» Мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік және
шығармашылық әлеуетін дамытуға, педагогикалық процестің барлық қатысушылары
(педагог- бала-ата-ананың) диологтық қарым-қатынасын орнатуға бағытталып, мұнда
ойындар, музыкалық сергіту сәттері, санамақтар жинақталды.
Төртінші блок “Ертегі сыр шертеді” Балаларды туған өлкесінің мәдениетімен халық
ертегілері көмегімен таныстыру, баланы рухани-адамгершілік тәрбиесі аясында ата-аналар
мен педагогтардың кәсіби құзіреттілігін көтеруге бағытталып, қазақ ертегілерімен
таныстыру үшін электронды, аудио ертегілермен қатар қазақ ертегілерінің желісімен
түсірілген мультфильмдер жинақталды;
Бесінші блок: «Ақпараттық-кеңестік» Мектепке дейінгі ұйымның педагогтары мен
ата-аналарға педагогикалық және кеңестік-әдістемелік көмек көрсету мақсатында, бұл
блокқа: буклеттер, буктрейлер, ата-аналарға арналған кеңестер жинақталды.