Пайдаланылатын әдебиеттер:
1.
Қ.С.Шоланов, Ж.Т.Жумашева .Мехатроника және робототехника негіздері. Алматы.
2010ж
2.
Д.Э.Добриборщ, А.А.Бобцов, К.Артемов,, С.Чепинский. «Основы робототехники на
Lego. Издательство Лань. 2021
3.
https://obrsnab.ru/lp/uaro/
Жоба негізінде қолданыстағы құралдар
Жоба бойынша балалармен
жұмыс
33
Абилдина М. М.
Балқаш қаласы, «Ақбота» КМҚК бөбекжайы
«ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ» МЕКТЕПКЕ ДЕЙНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫ
ОҚЫТУМЕН ТӘРБИЕЛЕУДЕ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ
Қазіргі уақытта адамзат дамуының философиялық және өркениеттік-технологиялары
өзгеріп жатқанда, цифрлық өркениет индустриалды өркениеттің орнын басып жатқанда,
қазіргі қоғамда білім дегеніміз не, ол қалай дамып, қандай формаларда білім алу керек деген
сұрақ бұрынғыдан да көп туындап отыр Бұл тұрғыдан Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысымен бекітілген «Білімді ұлт» сапалы білім беру»
Ұлттық жобасына сәйкес тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде
тәрбиелеу мен оқытуды қамтамасыз ету қажет.
Әрбір білім беру ұйымының міндеті-ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға
бағдарланған, функционалдық сауаттылық дағдылары және оны қоршаған болмыста
бәсекеге қабілетті бола алатын бі лі м алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуы
үшін қолайлы білім беру ортасын құру қажеттілігін талап етеді. Мемлекет басшысы Қасым-
Жомарт Тоқаевтың қыркүйек айындағы
«
Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам»
атты жолдауында ұлт сапасын жақсартуда «мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда
болуы керек» деп мектепке дейінгі кезеңнен сапалы білім беруді меже етіп қояды Мектепке
дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделінде (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021
жылғы 15 наурыздағы № 137 қаулысы)
«Баланың жасына және деңгейіне сәйкес келетін ресурстардың мол таңдауы бар
жоғары сапалы білім беру кеңістігі баланың өзіндік оқуындағы белсенді рөлінде маңызды
құрамдас болып табылады» делінген Аталған құжаттың негізінде Мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты өзгерді. Не өзгерді? деген
сұрақ туындайды.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мақсаты, міндеттері және бала тұлғасын
дамытатын бағыттары: физикалық дамыту, коммуникативтік дағдысын, танымдық-
зияткерлік, шығармашылық-зерттеушілік, әлеуметтік- эмоциональдық дағдысы деп
қарастырылады. Осы бағыттарды жүзеге асыруда педагогтердің басшылыққа алатын ойын
арқылы оқыту, балалалардың түрлі әрекетін кіріктіре отырып ұйымдастыру қағидалары
ұсынылды. Балалардың қызығуы, қажеттілігін ескере отырып, қабілетін дамытуда өзінің
таңдауымен әрекет етуге мүмкінідік беріледі. Баланың мектептегі оқушыдай партада,
үстелде отырып оқытудан шығып, еркін ойынына жағдай жасалады. Енді сұрақ туындайды
қалай педагог қалай жоспарлайды? Қалай жобалайды? Осы тұста қазіргі педагогика
ғылымында қалыптасқан мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеуде IT
мүмкіндігін пайдалану қажеттілігі туындайды.
IT қазіргі білім беру ресурстарын тиімді пайдалануға, оларды оқу-тәрбие процесіне
қосу мүмкіндігіне негізделген өте кең мәселе. «IT Білім беру технологиясы – бұл сәйкес
технологиялық процестер мен ресурстарды құру, пайдалану және басқару арқылы оқуды
жеңілдету және оқу жетістіктерін арттырудың зерттеу және этикалық тәжірибесі». Қазіргі
білім беру жүйесінде оны толық ақпараттандыруға байланысты практикалық педагогиканың
жеке саласы – оқу-әдістемелік алғышарттар қалыптасты.
IТ-оқытудың ескі әдістері өзінің тиімділігін жоғалтып, қоғам талабына төтеп бере
алмаған кезде, білім беру тар шеңбердегі адамдардың артықшылығы болудан қалып, барған
сайын қолжетімді және бұқаралық сипат алады.
Мектепке
дейінгі
ұйымда
балалардың
өмірін,
танымдық
әрекеттерін,
ұйымдастырылған іс-әрекетін құрудың тиімді жұмыс істемейтінін түсіну бар, бірақ «Не істеу
керек?» деген сұраққа әлі де жауап жоқ. Оқыту мен тәрбиелеуде IT қолдану бұл сұраққа
қалай және нені оқыту керектігін көрсете отырып, тәжірибесі мен білімін қолдануда ізденуді
ұсынады. Осылайша, ол педагогтерге көмектесу үшін жасалады және ұсынылған формалар
34
мен кезеңдерге негізделген жеке деңгейде олардың нақты балалар үшін білім жолындағы
қызықты және тәрбиелік жолға айналатын мазмұн, әдістеме құруға мүмкіндік береді.
Ақпараттық технологияны қолдану мәселелері педагогикалық, психологиялық
ғылыми зерттеулерде біршама қарастырып келеді. Өткен ғасырдың 80-90 жылдары
ресейлік ғалым Б.С.Гершунский мектепке дейінгі білім беруді ақпараттандырудың
проблемалары мен перспективаларын қарастыра отырып, компьютерлік техниканы білім
беру мен ғылыми-педагогикалық қызметте, педагогикалық болжамдау мен басқару
жүйесінде тиімді қолдану жағын, компьютерді оқу объектісі мен құралы ретінде
пайдаланудың философиялық, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық және
психологиялық-педагогикалық алғышарттарына тоқталды.
Оқытудың ақпараттық технологиясының оқу үдерісінің барлық құраушыларына
мәнді әсері бар. Компьютердің оқу мақсаттарында пайдаланылуы баланың жұмысын
жеңілдетіп, ұзақ уақытта орындалатын қызметтен босататыны қажетті ақпаратты өзі
іздеп табуға мүмкіндік алатыны, қателесу қорқынышынан құтылатыны Б.С.
Гершунский, С.А. Бешенков, Е.И. Машбиц, С.Г. Григорьев, С.А. Ждагнов, А.С.
Лесневский, И.В. Роберт, А.П. Сейтешов, Н.Т. Ермеков, К.З. Халықова, Ко Ен Чоль,
А.А. Қалыбекова, Д.М. Жүсібалиева, Ш.Х. Құрманалина, Ж.Ж. Нұржанова, Н.Ғ. Даумов
т.б. еңбектерінде қарастырылған.
Ақпараттық технологиялар жағдайындағы оқыту процесі тұлға теориясына
сүйенеді. Әрбір тұлға өзін қоршаған ортаға көзқарсымен және өзіндік моральдық
талаптарымен, белсенділіктің, түрлі сатысымен және басқа да маңызды қасиеттерімен
сипатталады. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын
меңгермейінше сауатты, жан-жақты ұрпақ тәрбиелеу мүмкін емес. Ол тікелей мектепке
дейінгі білім беру саласына қатысты. Жаңа технологияны меңгеру тәрбиешінің
интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген
адами келбетінің қалыптасуына әсерін тигізеді, әрі өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін
тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.Білімді ақпараттандырудың негізгі мақсаты –
«балаларды ақпараттық қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби
салалардың іс-әрекетіне толық, тиімді араластыру» болып табылады
Бүгінде елімізде жаңа инновациялық әдістермен оқыту, аудио және бейне
материалдарды, компьютерлік мультимедиялы бағдарламаларды қолдануға мол
мүмкіндіктер ашылды. Көптеген білім беру мекемелерінде ақпараттықк құрылғылармен
жабдықталып,
компьютерлік
базалары
толықтырылып,
жетілдірілу
үстінде.
Ақпараттықк технология арқылы баланың шығармашылық ізденістері дамиды. Демек,
сапалы, тиімді, нәтижелі жүргізілген әрбір ұйымдастырылған іс-әрекет - тәрбиешінің
үздіксіз еңбегінің айғағы. Әр бір ұйымдастырылған іс-әрекет уақыт талабына сай
көрнекі құралдарды пайдалануды қажет етеді. Атап айтсақ, компьютердің
мүмкіндіктері, ақпараттық тақта, слайдтар, видеоролик, электронды оқулық.
Ақпараттық технологияны қолдана отырып өткізгенілген әр іс-әрекет,
балалардың белсенділігін артып, өз бетінше жұмыс істеу қабілеті, монологты, диалогты
сөйлеу іскерліктері артады.Ж. Аймауытовтың: «Баланың ынтасын арттыру үшін,
оқытатын нәрседе бір жаңалық болу керек» деп айтқанын ескерсек, іс-әрекеттердің
қозғаушы күші, қызығушылықты тудыратын-компьютердің, электронды оқулықтың,
компьютерлік бағдарлама мен ойындар, ақпараттық тақтаның ролі балалар үшін ерекше
екені белгілі. Сабақта жиі қолданылатын графикалық (сызба, кесте, диаграммалар),
бейнелеу ( фото, картина, сурет, кинолар), табиғи ( зат пен құбылыстың суретін
көрсету), түрлі көлемдегі көрнекіліктерді ақпараттықк технология соның ішінде кең
көлемде қолданылатын компьютермен көрсетудің ауқымдылығы мен тиімділігі оқулық
және үрдіске жаңа сипат береді.
Мектепке дейінгі ұйымның оқу-тәрбие үрдісінде ақпараттықк технологияны
қолдану – отандық педагогиканың ең жаңа және көкейтесті мәселелердің бірі болып
табылады. Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мен тәрбиелеу ретінде, оның
35
тұлғасының қалыптастыруда және ақыл-ой кеңістігін дамытуда дербес компьютерді
қолдану
мұғалімнің
мүмкіндігін
кеңейтіп,
балаларды
дербес
компьютер
бағдарламаларына жақын тарту базасын құрады. Әр затты өз атауымен атап, орынды
пайдалануды үйренеді. Оң, сол, алды, арты, ұзын, қысқа, жуан, жіңішке және т.б қысқа
ұғымдармен танысады. Мұғалім ұсынған бейне үзінділерді ұсыну арқылы әр балаға сол
бойынша әңгіме құрастыртады. Қазіргі кезде бар бағдарламалар балалардың ойлау
қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Заманауи ақпараттық технологиялардың дамуына
орай, «бала мен компьютер» жүйесі барлық қоғам мүшелеріне қатысты болып келетін
үлкен мәселеге айналуда. Компьютермен, ақпараттық түрде балаға әсер ету мектепке
дейінгі білім ордасымен қамсыздандырылуы тиіс. Біз бұны ертерек қолға алсақ, біздің
қоғам да дамуын ертерек бастайды, себебі заманауи қоғам компьютермен жұмыс істей
алуды талап етеді, анимацияларды құру, дыбыстармен жұмыс жасау, мультфильмдерді
ойластыру үрдісіне қатыстыру, сурет салу және арнайы міндеттерді шешу арқылы
балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту;
- видиофильмдер мен бағдарламаларды қарау;
- қарапайым Power Point бағдарламасын пайдалана отырып, балаларды оқу үрдісіне
белсенді түрде тарту;
Ақпараттық-коммуникация технологияларын, соның ішінде ақпараттықк
технологияларды мектепке дейінгі білім беруде қолдану мұғалімнің шығармашылық
мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді және бастауыш сынып оқушыларының
психикалық дамуының әр түрлі тұстарына оң әсерін тигізеді. Ақпараттықк
технологияларды қолдану арқылы ұйымдастырылған әр сабақ бала және мұғалімдер
үшін өте тиімді. Бұндай сабақ үлгілері болса да оқу-тәрбие жұмысын сапасын
жоғарлатуға және жұмыс уақытын мәнді түрде үнемдеуге мүмкіндік беретіні белгілі
болды. Ақпараттықк технологиялар көмегімен керек құжаттарды әр компьютерде файл
түрде сақтауға және қажет кезде әр балаға жеке-жеке алдына таратып беру кезінде қағаз
бетіне басып шығаруға болады. Кез келген сабаққа даярланған көрнекі суреттер мен
тапсырма.
Компьютер, ақпаратты өңдеудің замауаи құралы болып келеді, оқытудың мықты
техникалық құралы ретінде қызмет етеді. Балалардың психикалық дамуы мен және
жалпы тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. Неге? Себебі, компьютер жаңа ойыншық
тәрізді балаларды қызықтырады, дәлірек айтқанда көп жағдайда олар экранына қарау
арқылы ойнайды.
Біздің ойымша, ақпараттықк технологияны қолданудың ең маңызды тұсы оның
оқытушылық функциясы болып табылатындығы. Ақпараттықк технологияны
қолданғанда бала тек бір ғана түсінік не болмаса нақты бір оқу жағдаятын меңгеріп қана
қоймайтын, яғни жалпы барлық тапсырмалар мен жағдаяттардан жалпылама түсінікті
алуға болатындай құрылған себебі бұл технология баланың өзін өзі бағалауын
жоғарлатады. Балалардың өздері қол жеткізген жетістіктері мұғалім назарынан тыс
қалмайтынды. Балалар ойлаудың шынайы-көрнекі түрін меңгере отырып, өздеріне деген
үлкен сенімділікті сезінеді. Сабақ барысында балалар мұғалімнің көмегімен әр сабақ
бойынша орынбасар ретіндегі жобаларды құруды үйренеді. Мұндай жобалар сандық
түсініктерді көрнекі түрде елестетуге мүмкіндік береді:
Сонымен, ақпараттық технологияны дұрыс пайдалану оқушының тұрақты
білімінің қалыптасуына көмектеседі, балалардың логикалық ойлау және сөйлеу
қабілетін дамытуға, сөздік қорын байытуға нақтылы құбылыстарды қарастыру және
талдау негізінде, кейін практикада қолданылатын тұжырымдар жасауына көмектеседі.
Білім мен ғылым - бәсекеге қабілетті мемлекеттердің даму, өркендеу көрсеткіші.
Осы орайда егемен ел атанған сәттен бастап білім, ғылым саласын әлемдік өркениет
талаптарына сай қалыптастыру мәселесі бой көтеріп, айрықша даму жолына түсті.
Білім беру саласында жүргізілген нәтижелі реформаларға сәйкес, бірқатар игіліктерге
қол жеткіздік.
|