318
кезде, әуендер ойнайды, бұл баланың қызығушылығын тудырады. Бағдарламаның түйінді
идеялары командамен жұмыс істеу дағдысы, креативті ойлауы, сыни ойлауы,
коммуникативтілік құзіреттілігі одан әрі қарай дамыды. Өнімді саралау арқылы балаларды
жұмыстарына сай мақтап, мадақтап арқылы бағалау әдісін пайдаланып отырдым.
Бағдарлама бойынша екінші ойын түрі «ұшады, жүзеді,жүреді» ойынын ұсындым.
Бұл ойынды кіші топтардан бастап педагогтің жетекшілігімен ұйымдастыруға болады. Бұл
ойынның мазмұны бойынша үш тапсырма берілген. Су көліктері, жолда жүретін көліктер
және әуе көліктерін ажыратады, оларды атау арқылы коммуникативтік дағдысы, сыни
ойлауы, кретаивті ойлау дағдысы дамиды. Балаларға қолдау әдісін пайдалану арқылы бір-
бірінің пікірімен санасуды, өз мүмкіндіктерін айқын көрсете алуы, ойынға деген
қызығушылығы жүзеге асты.
Балабақшадағы сәбилерге жоғарғы деңгейдегі ұлттық сана сезімді, салт дәстүрді,
терең меңгеруге насихаттайтын ойындар түрін енгіздім. Тақырыбы: «Ұлттық ыдыстар».
Балаларға ұлттық ыдыстарды таныстара отырып, оларды атап айтқызу арқылы сөйлеу
дағдысын қалыптастыру. Ойын шарты бойынша берілген ыдыстарды көлеңкесіне
орналастыру, әр орналақан затты тапқан кезде әуен ойнайды. Бұл балалардың
қызығушылығын арттырады.
Қорыта айтқанда ақпараттық технология әдісі баланы оқыту мен дамыту процесін
тиімді етіп,балаға және педагогке білім берудің жаңа мүмкіндіктерін ашады.
Достарыңызбен бөлісу: