69
сағат сайын дамып жатқанда біздің қазақ елінің балалары да болашақ сеніммен қарап еліне
өз үлесін қоса алатындай деңгейде тәрбиемен бірге білім алуы қажет деп санаймын.
Мысалы: Ересек топ (4 жастағы балалар) Тәулік бөліктері (таңертең, күндіз, кеш, түн)
олардың сипаттамалық ерекшеліктері мен реттіліктерін суреттен емес ақпараттық
құралдардың бірінен көрсе есінде әлде қайда ұзақ сақталары анық.
4. Тәрбиеленушілердің шығармашылық дағдыларын, зерттеу іс әрекетін дамыту
бағытындағы сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, құрастыру бойынша видео роликтер пайдалану
өте тиімді бала тәрбиешінің көрсету барысында түсінбей немесе үлгермей қалған жағдайда
қайталап көруі үшін қолайлы. Ал тәрбиеші қайталап көрсетіп немесе айтып түсіндірмей-ақ
балалардың қауіпсіздігі мен жұмыс жасау барысын бақылап әр балаға көңіл бөлуі үшін
уақытын тиімді пайдаланар еді.
Дәл осы сәтте тобында инклюзивті білім беруді қажет ететін бала болса онымен де
жеке жұмыс жүргізуі тиімді болады.
Мысалы: Мектепалды топ, (5 жастағы балалар) Жаңа түстер (күлгін) және реңктерді (көк,
қызғылт, қою жасыл) бояуды араластыру арқылы шығару барысында видеодан көрсе немесе
электронды кітаптардан қандай түстерді араластыру арқылы қай түсті шығаратыны айтылса
балаға да өз бетінше тәжірибе жасап айналысуына мүмкіндік туып қана қоймай өзіне деген
сенім қалыптасады.
5. Әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды қалыптастыру бойынша ерекше тоқталсам
Менің Отаным – Қазақстан. Туған өлке, ел, Отан, мемлекеттік мерекелер, Қазақстан
Республикасының рәміздерін, Қазақстан Республикасының Президенті, оның халық үшін
атқаратын қызметінің маңыздылығын балаға үйрету қаншалықты маңызды болса, ғылыми
жаңалықтар мен инновациялық технологиялар мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен
оқыту саласын заман талабына сай дамытуда өте маңызды.
Мысалы: Дамыта оқыту технологиясы - баланы оқыта отырып, дамыту. Бала бойында
еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік,
белсенділік т.б. қасиеттер дамыту болып табылады.
Планшеттер сотка балаларға маңызды байланыстар жасауға көмектесетін көрнекі
және есту мүмкіндіктеріне ие. Ал электронды кітаптар барылық жастағы балалар үшін де
қызықты әрі өзі қалағанын қайталап қоя алатыны бала үшін тиімді құрал. Ең бастысы
ақпараттық құралдарда оқыту мен тәрбиелеу және денсаулықты нығайтуға арналған
көптеген ойындар бар.
Балаларда оқудың барлық деңгейлеріне арналған бірқатар ойнай отырып орындайтын
оқулықтарға қол жеткізе алады. Маңыздысы, бұл көптеген кедей балалар үйде қол жеткізе
алмайтын ресурстар. Технологиялар дамып келе жатқан әлемде негізгі технологиялық
сауаттылыққа ие болуы үшін 4-5 жастан бастап баланы түрлілі ақпараттық құралдармен
жұмыс жасауға үйрете бастау керек.
Оқытуда балалардың түрлі психикалық функцияларын дамытуға арналған ақпараттық
құралдарда: олар қөру, есту арқылы қабылдау, зейін, есте сақтау, логикалық ойлауға өз
бетімен ізденуге үйретіп қана қоймай, танымдық және шығармашылық қабілеттерін т.б.
дамытады. Дегенмен, бұл құралдарды пайдаланудың түпкі мақсаты – техникалық
сауаттылықты арттыру екенін естен шығармауымыз қажет.
Достарыңызбен бөлісу: