73
Ойындарда салыстыруға, классификациялауға тапсырмаларды шешеді, тапсырмаларды
шешуде реттілікті белгілейді. Мысалы: барлық суреттердің ішінен екі ұшақты табу. Суретте
бейнеленген ұшақтар түсі,пішіні бойынша әртүрлі болуы мүмкін,бірақ оларды
ұқсатып,заттардың бір түріне жатқызып біріктіреді.
Мультимедиалық интерактивті оқыту бағдарламасы көмегімен берілген материалдан
75%-ы есте сақталады екен. Материалды түсіндіруде мультимедиялық көрнекілікті қолдану
баланың көрі, есту, эмоциялық қабілетін арттырады. АКТ құралдарын кеңінен пайдалана
отырып,балалардың жас ерекшелігіне сай дидактикалық ойындарды құрастырып, тиімді
қолданамын. [4, б.12].
«Жоғарыда-төменде, биік-аласа».
Мақсаты: жоғары-төмен, биік-аласа ұғымдарын пысықтау.
Қажетті құралдар: көгілдір аспан, жасыл алқап бейнеленген сюжетті суретті слайд
(интерактивті тақтада), ұшақтың, көбелектің бейнесі.
Ойын барысы: Интерактивті тақтада балалар экрандағы бір бейнені алып, атын атап, орнын
анықтап сюжетті суретке іледі.
Мысалы: ұшақ-жоғарыда, көбелек төменде-ұшады, деп сипаттап айту керек.
«Дұрыс қой».
Мақсаты: заттың санымен (аз-көп) таныстыруды жалғастыру; аз зат қайда, көп зат қайда
тұрғанын ажырата білуге үйрету.
Қажетті құралдар: интерактивті тақта, үлкен және кіші екі тәрелке, кәмпиттердің (4 дана)
суреттері бар слайд.
Ойын барысы: Балалардың назарын интерактивті тақтадағы тәрелкелердің суретіне аудару.
Балаларға бір кәмпитті кішкентай тәрелкеге,ал көп кәмпитті үлкен тәрелкеге орналастыруды
тапсыру. Кіші топта осындай өңделген мультимедиялық ойындарды пайдалану мақсатым
балаларды ортаға әлеуметтенуіне жағдай жасау.
Егер мектеп жасына дейінгі бала оң қарым - қатынас жасай алса,бұл болашақта оған
адамдар қоғамында жайлы өмір сүруге, қарым-қатынастың арқасында табысты болуға
мүмкіндік береді, ол ересек адам мен оның құрдасы болсын, басқа адамды ғана емес, өзін де
таниды. Өзіне деген оң көзқарас қалыптасады, дербестік, өз іс-әрекеттерін мақсатты және
өзін-өзі реттеу дамиды. Мектеп жасына дейінгі баланың әлеуметтенуі ойын арқылы жүзеге
асырылады деген қорытындыға келе отырып, дидактикалық ойындардағы инновациялар
тәрбиешілер үшін де, мектепке дейінгі балалар үшін де үлкен маңызға ие деп айтуға болады.
АКТ келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі дарынды, шығармашылығы мол,
еркін дамуына жол ашуына тигізер пайдасы зор деп есептеймін. Бала өміріне немқұрайлы
қарамай, балаға қазіргі заман талабына сай, мағыналы білім берсек қана, біздің
бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқан болмақ. [5, б. 102].
Достарыңызбен бөлісу: