75
Мен ата-аналардан мұндай сөздерді жиі естимін - «Өлеңдер есімізде жоқ!» Мәтінді тез
есіне түсіре алмайды, жолдарда шатасады, сөздерді орындарынан ауыстырады. Сондықтан
ата-аналарға да мнемотехниканы ұсынамын. Баспалдақта мен екі тілде өтілген материалдың
суреттерін орналастырамын. Балалар мен ата-аналар психикалық және эмоционалдық
жүктемесіз қызықты ойын түрінде үйренеді.
Қорытындылай келе, айтқым келеді әрбір мұғалім – технологияны жасаушы.
Шығармашылықсыз технологияны жасау мүмкін емес. Бәрі өзімізге байланысты. Ал сауатты
және дұрыс білім беру балаларымыздың кез келген әңгіме ортасына коммуникативті
бейімделуіне мүмкіндік береді деп ойлаймын.
Достарыңызбен бөлісу: