128
4. Алтын күз.
5.
Бау-бақшада
6. Жануарлар әлемі.
7. Ормандағы аңдар
8. Қыстайтын құстар
9. Келді, міне қыс!
10. Қыс қызықтары
11. Дене мүшелері.
12. Ғарышта.
13. Ғажайып ағаштар.
14. Құлпырған гүлдер.
15. Менің көшем
16. Біз мектепке барамыз.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын байыту, жаңа сөздерді үйрету,
байланыстыра сөйлеуін,
есте сақтау, зейінін дамыту мақсатында дидактикалық ойындар
түрлері әзірленген: "Дастарханды әзірлейік", " Наурыз көже", "Құлпырған гүлдер", "Кімнің,
ненің көлеңкесі?", "Қыс қызықтары", "Үлкен, кішкентай", "Бау-бақшада", "Қыстайтын
құстар" т.б.
Сонымен қатар балалардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыруда "Қазақ
тілі" интерактивті қосымшасын қолданамын.
Интерактивті қосымша мультимедиялық проекторды, интерактивті тақтаны, дербес
компьютерлерді немесе жеке планшеттерді пайдалана отырып, мұғалім мен топтағы
балалардың ұжымдық
және жеке жұмысына арналған, сонымен қатар балалардың үйде
өздігімен жұмыс жасауға да пайдаланылуы мүмкін.
Интерактивті қосымша әр бөлімнің негізгі материалын қайталауға және бекітуге
арналған тапсырмалардың электронды нұсқасы болып табылады. Тапсырмаларды дұрыс
орындау үшін кнопкалар түрінде берілген дыбыстық командаларды тыңдау қажет.
Қазіргі таңда қазақ тілін үйренуде түрлі қосымшалар бар, соның ішінде ҰІӘ-де
қолдануға болатын балаларға арналған IQ Bala, Bala Soyle,
Qonzhyq App қосымшаларын
пайдаланамын.
IQ Bala қолданбасы балаға сөздерді қазақ тілінде дұрыс айтуын үйретеді және айтқан
сөзінің суреттері көрсетіліп отырады. Қолданбаның бас кейіпкері — барыс. Ол қолданушыға
жол сілтеп, қайда басып, нені таңдау керек екенін айтады.
Қолданба ашық тұрған кездің
бәрінде домбыраның үні естіледі. Басты бетте сөздер, түстер тобы мен бірнеше ойын түрі
шығады. Қолданбада күнделікті өмірде жиі пайдаланылатын 300-ге жуық қазақша сөз бар.
Олар отбасы, дене мүшесі, жануар, сандар, әліпби сияқты 15 тақырыптық топқа бөлінген. Әр
топта 15-25 шамасындағы сөз бар. Әр әріптің, суреттің үстіне басқанда барыс оның қай әріп,
суреттегі не нәрсе екенін екі рет қайталайды. Bala
Soyle
қосымшасында
балалар
әліпбимен, аудио-сөздіктер арқылы жаңа сөздермен танысып, санауды үйренеді.
129
«Ертегілер», «Сандықша», «Ойындар» атты бөлімдерде балалар қазақ тілінде
мультфильмдер көріп, ән айтып,
ертегі тыңдап, санамақтарды үйреніп, тағы да сан алуан
қызықты сабақтарды таба алады.
Qonzhyq App қазақ фольклорын жаңғыртатын, сондай-ақ балаларға қазақ тілін
үйрететін және дамытатын. балалар мен ересектерге арналған тегін қосымша. Өскелең
ұрпақтың қазақтың ұлттық музыкасына, әдебиетіне, мәдениетіне, салт-дәстүріне және қазақ
тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру мақсатында құрылған.
Мектеп жасына дейінгі балаларға мультимедиялық технологияларды қазақ тілін
үйренуде ұтымды пайдалану барысында балалардың оқу әрекетіне деген үлкен
қызығушылықтарын оятуға көмектеседі. АКТ қолдану баланың ой-өрісін кеңейтуге,
педагогикалық
процесті ерекшелендіруге, балалардың жеке іс-әрекетін және танымдық
процестерін дамытуға, қазіргі қоғамдағы өмірге бейімделген шығармашылық тұлғаны
тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: