291
Қазіргі білім беруде компьютер барлық мәселелерді шешпейді, ол тек көп
функционалды техникалық оқыту құралы болып қала беретіні сөзсіз. Әрбір балаға белгілі бір
білім көлемін «инвестициялауға» ғана емес, ең алдымен оның танымдық белсенділігінің
көрінуіне жағдай жасауға мүмкіндік беретін оқыту үдерісіндегі заманауи педагогикалық
технологиялар болып табылады.
Ақпараттық технологиялар дұрыс таңдалған оқыту технологияларымен бірге білім
мен тәрбиенің сапалы, өзгермелілігін, саралануын және даралануының қажетті деңгейін
жасайды.
Осылайша, білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану мектепке дейінгі
білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесін айтарлықтай байытуға, сапалы жаңартуға
және оның тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Білім беруді ақпараттандыру – педагогтардың шығармашылық қабілетін көрсетудің
кең ауқымы, оларды балалармен қарым-қатынастың жаңа, дәстүрлі емес нысандары мен
әдістерін іздеуге ынталандыру; балалардың оқуға деген қызығушылығын арттыруға
көмектеседі, танымдық әрекетін белсендіреді, баланы жан-жақты дамытады. Жаңа
ақпараттық технологияларды меңгеру мұғалімнің жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда
өзін жайлы сезінуіне көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: