Алтыншы блок: «Театрлизация» театрландыру қойылымдары арқылы қазақ тілін
үйрену, балалардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, байланыстыра сөйлеуге
баулу, шығарманың мазмұнын түсініп, рөлге бөліп ойнауға дағдыландыру. Бөбекжайымызда
өткізілген іс-шаралардан, ата-аналардың үй жағдайында өз балаларымен тіл үйрену атқарған
бірқатар бейне-есеп беретін материалдары бар.
Біздің виртуалды энциклопедияда жинақталған материалдарды білім беру үдерісінің
барлық қатысушыларына қолдануға өте тиімді және нәтижелі, өйткені біз ұсынған
презентациялар, бейне-сабақтар, музыкалық сергіту сәттері жаңа материалды меңгеруіне
және алған білімдері мен коммуникативтік дағдыларын нығайтуға көмектеседі.
Мультимедиялық презентациялар жарқын бейнелер арқылы ақпаратты қабылдау, көру және
есту сақтау просецін жеңілдетеді, өйткені олар динамиканы, дыбыс пен бейнені біріктіреді,
қабылдаудың екі маңызды мүшесі (есту мен көру) бір уақытта әсер ету арқылы бала назарын
ұзақ уақыт сақтауға көмектеседі. Ал, осының барлығын бала өзі үлгі тұтатын тұлғалары ата-
аналарымен бірге қарап, үйренетін болса нәтиже де жоғары болмақ.
Қорыта келе, «Ұшам деген қанатқа-дүние кең»- дегім келеді, өйткені заманауи білім
беру кеңістігінде баланы дамытуға, балаға білім беруге арналған әдіс-тәсілдер өте көп. Әрбір
ұстаз ата – аналармен қарым – қатынас жасауда, баланың тіл үйренуге қызығушылығын
арттыруда - түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отырып, тіліміздің
мәртебесін көтеру жолында еңбек етсе, нәтижеде көп күттірмес еді. Өйткені біздің
болашағымыз бүгінгі біз білім беріп жатқан балалардың қолында, демек еліміздің, тіліміздің
тағдыры да осылардың қолында.
Ата-аналармен жасалынған жұмыстардың нәтижелерін мына
берілген QR- кодты сканерлеу арқылы көре аласыздар.