А. Д. Бугубаева (жауапты редактор)


«Әжемнің ертегісі» виртуалды энциклопедиясы



Pdf көрінісі
бет176/220
Дата24.11.2023
өлшемі7,01 Mb.
#125722
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   220
«Әжемнің ертегісі» виртуалды энциклопедиясы
құрылып, 
ондағы материалдар алты блокқа жинақталды. Әрбір блок бойынша жинақталған 
материалдар ата-аналар үшін қолжетімді болуы үшін біз әр блокқа сілтеме мен QR-кодтарды 
ата-аналардың топтарына WhatsApp желісі арқылы тараттық.
Бірінші блок: «Қазақша сөйлейік» 
Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ тілін 
үйрету мәселелерінде ата-аналар мен педагогтардың педагогикалық мәдениетін арттыруды 
көздеп, тілдің үй жағдайында баламен қолданыста болуына жағдай жасау үшін өтпелі 
тақырыптарға сәйкес бейне-сабақтар мен ойындар жинақталды;
Екінші блок: «Білгенге маржан»
Әр баланың отбасымен серіктестік қарым-
қатынасты орнатып, қазақ тілін үйрену үшін күш-жігер біріктіру және мектеп жасына дейінгі 
балаларды қазақ халқының ұлттық бастауына тартуды көздей отырып, балаларды қазақ 
халық фольклорының кіші түрлері: мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар, өлең-тақпақтар, 
ертегілерді таныстыру және есте сақтау үшін мнемотехника әдісі қолданылды;
Үшінші блок: «Кел, ойнайық!» 
Мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік және 
шығармашылық әлеуетін дамытуға, педагогикалық процестің барлық қатысушылары 
(педагог- бала-ата-ананың) диологтық қарым-қатынасын орнатуға бағытталып, мұнда 
ойындар, музыкалық сергіту сәттері, санамақтар жинақталды. 
Төртінші блок “Ертегі сыр шертеді” 
Балаларды туған өлкесінің мәдениетімен халық 
ертегілері көмегімен таныстыру, баланы рухани-адамгершілік тәрбиесі аясында ата-аналар 
мен педагогтардың кәсіби құзіреттілігін көтеруге бағытталып, қазақ ертегілерімен 
таныстыру үшін электронды, аудио ертегілермен қатар қазақ ертегілерінің желісімен 
түсірілген мультфильмдер жинақталды; 
Бесінші блок: «Ақпараттық-кеңестік» 
Мектепке дейінгі ұйымның педагогтары мен
ата-аналарға педагогикалық және кеңестік-әдістемелік көмек көрсету мақсатында, бұл 
блокқа: буклеттер, буктрейлер, ата-аналарға арналған кеңестер жинақталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет