А. Д. Бугубаева (жауапты редактор)


Использованная литература



Pdf көрінісі
бет68/220
Дата24.11.2023
өлшемі7,01 Mb.
#125722
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   220
Использованная литература: 
1.Типовая учебная программа дошкольного воспитания и обучения от 14.10.2022 г. № 422 
стр. 1 
2. Руководство к типовой учебной программе дошкольного воспитания и обучения – Астана, 
2022.стр,15 
3. https://nsportal.ru/ 
Жакулова Н.М. 
Қарағанды қаласы, «Ақбота» ҚМКҚ бөбекжайы
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ҚАЗАҚ ТІЛІН ҮЙРЕНУДЕ 
АҚПАРТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ 
Қазіргі таңда компьютерлік технологияның енгізілуі оқу үдерісіндегі жаңа қадам болып 
табылады. Мектепке дейінгі білім беру мекемелері де шет қалмай, АКТ-ны өз 
тәжірибесінде кеңінен қолдануда. 
Бірте-бірте компьютерлік технологиялар да білім берудің тиімді тәсілдерінің бірі 
ретінде мектепке дейінгі білім беру жүйесіне енгізілуде. Бұл заманауи әдіс оқуға деген 
қызығушылықты, зияткерлік белсенділікті дамытады, мектепке дейінгі білім беру 
ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесін сапалы жаңартуға және оның тиімділігін арттыруға 
мүмкіндік береді. 
Қазіргі мектепке дейінгі білім беруде ақпараттық технологияларды қолданудың 
өзектілігі ақпараттық қоғамның қарқынды дамуымен, мультимедиялық технологиялардың, 
электрондық ақпараттық ресурстардың, желілік технологиялардың оқыту мен тәрбиелеу 
құралы ретінде кеңінен қолданылуымен байланысты. 
Бүгінгі таңда АКТ беретін мүмкіндігі: 
• Экрандағы ақпаратты ойын түрінде көрсету, бұл балалардың қызығушылығын 
тудырады, өйткені бұл мектепке дейінгі бала қызметінің негізгі түрі - ойынға жауап береді. 
• Мектеп жасына дейінгі балалардың көрнекі-бейнелі ойлауына сәйкес келетін 
материалды қолжетімді түрде, анық, бейнелі түрде ұсыну. 
• Анимация, дыбыс, қозғалыс, мультипликация арқылы балалардың назарын аудару. 
Мультимедиялық презентацияларды пайдалану ойын іс-әрекетті тартымды етуге, 
баланың қызығушылығын оятуға мүмкіндік береді, олар тамаша көрнекі құрал және 
демонстрациялық материал болып табылады, бұл ұйымдастырылған іс-әрекетінің жақсы 
нәтижелі болуына ықпал етеді. 
Иллюстрациялық материал жасау үшін PowerPoint бағдарламасын қолданған ыңғайлы. 
Мен презентацияларды ұйымдастырылған іс-әрекетте дидактикалық ойын өткізу, жаңа 
материалмен танысу, түсіндіру, білімді тексеру және т.б. әрекеттерде қолданамын. 
PowerPoint бағдарламасын қолдана отырып, аудиовизуалды ақпаратты әртүрлі формада 
(бейнефильм, анимация, слайдтар, музыка) біріктіруге, динамикадағы құбылыстар мен 
объектілерді көрсету мүмкіндігінің арқасында балалардың назарын ынталандыруға болады. 
Әр тақырыптарға байланысты ұйымдастырылған іс-әрекетте "Қазақша үйренейік" атты 
презентациялық слайдтар қолданылады: 
1. Балабақшада. 
2. Бұл кім? Бұл не? 
3. Ойыншықтар 


128 
4. Алтын күз. 
5. Бау-бақшада 
6. Жануарлар әлемі. 
7. Ормандағы аңдар 
8. Қыстайтын құстар 
9. Келді, міне қыс! 
10. Қыс қызықтары 
11. Дене мүшелері. 
12. Ғарышта. 
13. Ғажайып ағаштар. 
14. Құлпырған гүлдер. 
15. Менің көшем 
16. Біз мектепке барамыз. 
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын байыту, жаңа сөздерді үйрету, 
байланыстыра сөйлеуін, есте сақтау, зейінін дамыту мақсатында дидактикалық ойындар 
түрлері әзірленген: "Дастарханды әзірлейік", " Наурыз көже", "Құлпырған гүлдер", "Кімнің, 
ненің көлеңкесі?", "Қыс қызықтары", "Үлкен, кішкентай", "Бау-бақшада", "Қыстайтын 
құстар" т.б. 
Сонымен қатар балалардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыруда "Қазақ 
тілі" интерактивті қосымшасын қолданамын.
Интерактивті қосымша мультимедиялық проекторды, интерактивті тақтаны, дербес 
компьютерлерді немесе жеке планшеттерді пайдалана отырып, мұғалім мен топтағы 
балалардың ұжымдық және жеке жұмысына арналған, сонымен қатар балалардың үйде 
өздігімен жұмыс жасауға да пайдаланылуы мүмкін. 
Интерактивті қосымша әр бөлімнің негізгі материалын қайталауға және бекітуге 
арналған тапсырмалардың электронды нұсқасы болып табылады. Тапсырмаларды дұрыс 
орындау үшін кнопкалар түрінде берілген дыбыстық командаларды тыңдау қажет. 
Қазіргі таңда қазақ тілін үйренуде түрлі қосымшалар бар, соның ішінде ҰІӘ-де 
қолдануға болатын балаларға арналған IQ Bala, Bala Soyle, Qonzhyq App қосымшаларын 
пайдаланамын. 
IQ Bala қолданбасы балаға сөздерді қазақ тілінде дұрыс айтуын үйретеді және айтқан 
сөзінің суреттері көрсетіліп отырады. Қолданбаның бас кейіпкері — барыс. Ол қолданушыға 
жол сілтеп, қайда басып, нені таңдау керек екенін айтады.
Қолданба ашық тұрған кездің 
бәрінде домбыраның үні естіледі. Басты бетте сөздер, түстер тобы мен бірнеше ойын түрі 
шығады. Қолданбада күнделікті өмірде жиі пайдаланылатын 300-ге жуық қазақша сөз бар. 
Олар отбасы, дене мүшесі, жануар, сандар, әліпби сияқты 15 тақырыптық топқа бөлінген. Әр 
топта 15-25 шамасындағы сөз бар. Әр әріптің, суреттің үстіне басқанда барыс оның қай әріп, 
суреттегі не нәрсе екенін екі рет қайталайды. Bala 
Soyle 
қосымшасында 
балалар 
әліпбимен, аудио-сөздіктер арқылы жаңа сөздермен танысып, санауды үйренеді. 


129 
«Ертегілер», «Сандықша», «Ойындар» атты бөлімдерде балалар қазақ тілінде 
мультфильмдер көріп, ән айтып, ертегі тыңдап, санамақтарды үйреніп, тағы да сан алуан 
қызықты сабақтарды таба алады.
Qonzhyq App қазақ фольклорын жаңғыртатын, сондай-ақ балаларға қазақ тілін 
үйрететін және дамытатын. балалар мен ересектерге арналған тегін қосымша. Өскелең 
ұрпақтың қазақтың ұлттық музыкасына, әдебиетіне, мәдениетіне, салт-дәстүріне және қазақ 
тілін үйренуге деген қызығушылығын арттыру мақсатында құрылған. 
Мектеп жасына дейінгі балаларға мультимедиялық технологияларды қазақ тілін 
үйренуде ұтымды пайдалану барысында балалардың оқу әрекетіне деген үлкен 
қызығушылықтарын оятуға көмектеседі. АКТ қолдану баланың ой-өрісін кеңейтуге, 
педагогикалық процесті ерекшелендіруге, балалардың жеке іс-әрекетін және танымдық 
процестерін дамытуға, қазіргі қоғамдағы өмірге бейімделген шығармашылық тұлғаны 
тәрбиелеуге мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет