Пайдаланған әдебиеттер: 1.
А.К.Ахметов. «Принципы технологии и содержание образовательой программы»
Алматы.1995.
2.
«Балабақша меңгерушісі мен әдіскері» Республикалық ғылыми- әдістемелік журнал
№2. 2014
3.
Қ.З.Бұзаубақова. «Жаңа педагогикалық технология» Оқулық. ТарМу.2003.
4.
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, 2015 жыл
5.
«Мектепке деінгі ұйым басшысының анықтамалығы»журнал №11. 2014
Ибраева А.Х. Шукеева А.Т. Шет ауданы, «Нұршуақ» КМҚК бөбекжайы МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕШІ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ- КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ (АКТ) ҚОЛДАНУ Динамикалық өзгеріп жатқан әлемде ақпарат ағынының қарқынды өсуі, жаңа
ақпараттық технологиялардың дамуы, олардың мүмкіндіктері, білім беру саласын
ақпараттандыру принципті мәнге ие.
Білім беру ортасын ақпараттандырудың қазіргі кездегі отандық және шетелдік
тәжірибесі оның оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретінін көрсетеді.
Ақпараттық технологияларды қолданудың өзектілігі мектеп жасына дейінгі балаларды
оқыту, тәрбиелеу сапасын арттырудың әлеуметтік қажеттілігімен, мектепке дейінгі білім
беру ұйымдарында заманауи компьютерлік бағдарламаларды қолданудың практикалық
қажеттілігімен түсіндіріледі.
Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар – оқу-әдістемелік
материалдардың, оқу процесіндегі компьютерлік технологияның техникалық және аспаптық
құралдарының, оларды білім беру ұйымдарындағы мамандардың (басшылық, тәрбиешілер,
мамандар, басқалар) қызметін жетілдіру үшін қолдану нысандары мен әдістерінің
жиынтығы. сондай-ақ балаларды оқыту (дамыту, диагностика, түзету) үшін.
Ол жеке білім беру ойынының құрылғысы ретінде емес, оқу процесінің әртүрлі
салаларымен байланысып, оларды байытып, жалпы балабақшаның дамушы ортасын
түбегейлі өзгерте алатын, жан-жақты қамтылған әмбебап ақпараттық жүйе ретінде
қарастырылады.
Ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды
меңгеру
тәрбиешінің
жаңа
әлеуметтік-экономикалық жағдайда өзін жайлы сезінуіне, ал оқу орнының ашық білім беру
жүйесі ретінде жұмыс істеу және даму режиміне өтуіне көмектеседі.