А. Д. Бугубаева (жауапты редактор)


Использованная литература



Pdf көрінісі
бет99/220
Дата24.11.2023
өлшемі7,01 Mb.
#125722
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   220
Использованная литература: 
1. Ерыкова Н.А. Игры на интерактивной доске по развитию речи старших дошкольников // 
Н. А. Ерыкова Справочник старшего воспитателя дошкольного учреждения. - 2014. - № 5. 
2. Павлова Л.Ю. Сборник дидактических игр по ознакомлению с окружающим миром для 
работы с детьми 4-7 лет/ Л.Ю. Павлова- .2012. 
3. Карабаева О.А. Организация предметно- пространственной среды. Методические 
рекомендации для педагогических работников дошкольных образовательных организаций и 
родителей детей дошкольного возраста // О. А. Карабаева, Э. Ф. Алиева, О. Р. Радионова, П.
Карибекова К.М. 
Қарағанды қаласы, «Арман» КМҚК бөбекжайы
 
БАЛАБАҚШАДА АТА – АНАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУДА АҚПАРАТТЫҚ ЖӘНЕ 
КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ 
 
Балабақша мен отбасының өзара әрекеттесуі мектеп жасына дейінгі балалардың жан - 
жақты дамуының қажетті шарты болып табылады, өйткені педагогтар мен ата - аналар 
бірлесе әрекет еткен жерде ең жақсы нәтижелер байқалады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда инновациялық білім беру құралдарын қолданудың да 
маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, 
интерактивті тақта, интернет мультимедиалық құрал, электрондық оқулықтар мен оқу - 
әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы 
басқалары жатады. Қазіргі таңда көптеген интерактивті бағдарламалық бөлімдер, қозғалмалы 
объектілер құруға мүмкіндік беретін векторлық және графикалық жабдықтар көптеп шығып, 
қолданыс табуда.
Қазіргі заманауи ата - аналар сауатты, ақпараттандырылған, бірақ сонымен қоса 
қолдарыда бос емес және ақпараттың үлкен көлемін алу үшін уақыты шектеулі. Ата - ананың 
жұмыспен қамтылуы балабақша мен отбасының өзара әрекеттесуінің басты мәселесі болып 
табылады. Сондықтан, жаңа жағдайларда мектепке дейінгі тәрбиенің негізгі жалпы білім 
беру бағдарламасын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін отбасы мен балабақшаның 
өзара әрекеттестігінің осындай нысандарын іздеу ерекше өзектілікке ие. Осындай 
формалардың бірі ата - аналармен жұмыста АКТ - ны қолдану болып табылады. 
Қазір ата - аналар топтардағы ақпараттық папкаларға аз көңіл бөле бастады, тәрбиеші 
олардың назарын аударғанша хабарландыруларды сирек байқайды. Бос еместігіне 


177 
қарамастан, WhatsApp чатында ата - аналар тобын тексеруге әрқашан уақыт табады және де 
өздеріне өзекті ақпаратарды алады, мысалы: 
- балалардың денсаулығын сақтау әдістері туралы; 
- олардың қауіпсіздігі; 
- баланың отбасындағы және қоғамдағы мінез - құлық ережелері; 
- мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту және тәрбиелеу бойынша пайдалы кеңестер; 
- топ туралы ақпарат алу; 
- өтіп жатқан іс - шаралар, мерекелер, ойын - сауық туралы; 
- және тағы басқа пайдалы, қызықты ақпараттар. 
COVID - 19
пандемиясының кесірінен, біздің еліміздегі өзін - өзі оқшаулау тек 
мектептерде ғана емес, мектепке дейінгі мекемелерде де оқу үдерісіне өзіндік түзетулер 
енгізді. Балалармен және әріптестермен жұмысты ұйымдастырумен қатар ата - аналармен 
жұмысты құру – оларға өзекті ақпаратты жеткізу, балалардың оқу - тәрбие процесін құруға 
көмектесу қажет болды. Бірақ дәстүрлі ата - аналар жиналысын әдеттегі форматта өткізу 
белгілі себептерге байланысты қол жетімсіз болып шықты. Әлемдегі жағдай педагогтердің өз 
бетінше білім алуының жаңа көкжиектерін ашты. 
Тәжірибе негізінде біз ZOOM цифрлық платформасында қашықтан ата - аналар 
жиналысын өткізу алгоритмін жасадық. 
Ең алдымен, цифрлық платформаны таңдау туралы шешім қабылдау қажет болды. 
Бастапқыда ең танымал Skype, WhatsApp және ZOOM қолданбалары сәйкесінше 
қарастырылды. 
Skype бейнеконференция ұйымдастыра алады, бірақ ZOOM платформасынан 
айырмашылығы, барлық қатысушыларды тіркеу қажет болды, бұл көп уақытты алады және 
ата - аналардың жиналысқа қатысуға деген ықыласын айтарлықтай төмендетуі мүмкін, бұл 
Skype пайдасына маңызды мәселе болды.
WhatsApp мессенджері 4 адамға дейінгі шағын топпен ғана бейнеконференция 
өткізетін болғандықтан мүмкіндігін жоғалтты, және де бұл функция телефонның барлық 
үлгілеріне әлі қол жетімді емес. Кездесуді мәтіндік форматта өткізу, тіпті ата - аналардың 
бүкіл тобы желіде болса да, ұсынылмайды, өйткені кері байланысты қадағалау мүмкін емес 
және мәтінді теру де көп уақытты алады. Бірақ WhatsApp - тағы ата - аналар тобы қашықтан 
ата - аналар мен тәрбиешінің балаларды тәрбиелеу және дамыту тақырыптарында қарым - 
қатынас жасаудың негізгі буыны болып табылады. 
Zoom - пайдалану өте оңай интуитивті қолданба. Файлды жүктеп алып, жұмыс істей 
беруге болады. Zoom цифрлық платформасында қашықтан ата - аналар жиналысын өткізген 
кездегі артықшылықтар мен кемшіліктерді атап өткім келеді: 
+ Ең маңызды артықшылықтардың бірі – ата - ана аудиториясын 100% қамту (жазбаға 
қатысу мен көруді қоса алғанда). 
+ Ата - аналарға өздері таңдай алатын ыңғайлы орын мен уақыт. 
+ Кері байланыс – кездесуге қатысушыларды, олардың реакцияларын көруге болады және 
олар өз кезегінде сұрақтар қоюға мүмкіндік алады. Бір ғана минусты анықтауға болады - бұл 
біздің мектепке дейінгі білім беру мекемесінің жағдайында, интернеттің әлсіздігіне 
байланысты қашықтан іс - шараларды кеңінен өткізуге әлі мүмкіндік жоқ. Дегенмен, бұл 
жағдайдан да шешім тауып, өз гаджетімізден шексіз интернетпен пайдаландық. Сондықтан, 
онлайн нысандарды кеңінен қолдану үшін балабақшаларда цифрландыруды талап ету қажет.
 
Біз өз тәжірибемізде электронды пошта арқылы конкурстарға материалдар, ата - 
аналармен өткізілетін іс - шаралар сценарийлерімен алмасуда қолданамыз.
Әрбір ата - анада тәрбиешінің ұялы телефоны бар, сонымен қатар топта барлық ата - 
аналардың телефондарының тізімі бар. Ата - аналарға баланың жетістіктері немесе 
қиындықтары туралы жеке хабарлауға, баланың дамуы бойынша қысқаша ұсыныстар беріп 
отырамыз. Ұялы телефонды қолданудың артықшылығы ата - аналармен тікелей диалогты 
жүзеге асыру, ақпараттың жеделдігі.


178 
Біздің прогрессивті технологиялар ғасырда бейне ақпаратты берудің ең тиімді 
әдістерінің бірі болып табылады. Canva, InShot, CapCut, YouCut бағдарламаларының 
көмегімен жасалған бейнелер мен слайд - шоулардың арқасында сюжеттерді бір суретке 
жинаймын, қажет емес барлық нәрсені алып тастап, ауысуларды жасаймын – бір сөзбен 
айтқанда, бейнені «жалғаймын». Осылайша мен ата - аналарға балаларының топтағы және 
балабақшадағы өміріндегі маңызды оқиғаларды бақылауға мүмкіндік беремін. Біздің 
балабақшада инстаграмда, фейсбукта әлеуметтік желілерде парақшаларымыз бар, сол жерде 
де біраз бейнелерді саламын.
 
Сондай - ақ, балабақшаның өз сайты бар, онда ата - аналар балабақшаның тыныс - 
тіршілігі туралы ресми ақпаратты жылдам алып, нормативтік - құқықтық құжаттармен 
таныса алады. 
Білім беру процесінде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану 
бүгінгі күнгі білім беру жаңғыртуының басым бағыттарының бірі болып табылады. Бұл білім 
сапасын арттыруға ғана емес, сонымен қатар білім беру процесіне қатысушылар арасындағы 
қарым - қатынастың жаңа деңгейіне жетуге мүмкіндік беретін педагогикалық қызметтің 
барлық кезеңдеріндегі процессі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   220




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет