А. Әшімбаев Әбілхан қастеев шығармашылығы арқылы білімгерлердің



жүктеу 9.52 Kb.

бет6/26
Дата22.12.2016
өлшемі9.52 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Аннотация. Мақалада «Бейнелеу ҿнері жҽне сызу» мамандығы білімгерлерінің жанрлық композиция 
бойынша  даярлық,  оқу-шығармашылық  жұмыстарын  ұйымдастыру  сұрақтары  қарастырылады. 
Білімгерлердің  шығармашылық  шеберлігін  жетілдіру  ҽдістерінің  үлгілері  келтіріліп,  білімгерлердің 
шығармашылық қызығушылықтарын белсендіруге қатысты сұрақтарды шешу жолдары кҿрсетіледі.  
Annotation. This article consider questions of organization preparatory, manual- creative works of students 
which  is  specialize  in  «inage  art  and  draughting»  by  genre-painting  composition.  Here  are  given  some 
examples  of  methods  developing  creation  skills  of  student  which  concern  activity  creative  interests  of 
students.   
______________________ 
1. Беда Г.В. Основы изобразительной грамоты. Москва: Просвещение, 1981. 
2. Кузин В.С. Наброски и зарисовки. Москва: Просвещение, 1970. 
3.  Рахимжанов  М.Д.  Методы  организации  учебно-воспитательного  процесса  на  курсах  обучения  студентов 
рисунку и живописи. Учебно-методическое  
пособие. Тараз. Тар.ГУ им. М.Х. Дулати, 2000. 
4. Смирнов Г.Б. Живопись. Москва: Просвещение, 1975. 
Унковский А. А. Живопись. Вопросы колорита. Москва: Просвещение, 1980. 
5. Шорохов Е.В. Композиция. Москва: Просвещение, 1986. 
6. Яшухин А.П. Живопись. Москва: Просвещение, 1985. 
 
 

 
 
48 
 
Ш.А. Усерова 
 
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМГЕ КӚШУ ЖАҒДАЙЫНДА 
МЕКТЕПТЕГІ ОҚУ-ТӘРБИЕ ЖҦМЫСЫН  БАСҚАРУ 
 
ӘОЖ 37.013 (5ҚАЗ) 
       У-73 
 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  атап  ҿткендей,  білім  беру  жүйесінің 
негізгі міндеті бала тұлғасының рухани жҽне дене қабілеті мүмкіндіктерін ашу, оны оқыту, тҽрбиелеу 
мен ҿзіндік келбетін дамыту барысында жағдай жасау арқылы ақыл-ойын байыту болып табылады. 
Қоғам  алдында  тұрған  талаптарға  сҽйкес,  білім  беру  жүйесін  түбегейлі  жаңғырту,  ХХІ  ғасырда 
жалпы  білім  беретін  мектепте  оқушының  жеке  ҿзін  үйлесімді  дамытуға  бағытталған  жаңа  үлгісін 
таңдау міндеті тұр. 
12  жылдық  оқытуға  кҿшу  Қазақстандық  білім  беру  реформасының  стратегиялық  міндеттерін 
ойдағыдай  шешуге  мүмкіндік  береді.  Ал  оның  мҽнісі  шығармашылық  тұлғаны  қалыптастыруға 
бағытталған жаңа ұлттық моделді дамытуға, «жалпыға арналған білім» үлгісінен «таңдауы бойынша 
білім алу»үлгісіне сапалы кҿшуде жҽне ҽлемдік білім беру кеңістігіне тезірек кіруді қамтамасыз етуде 
жатыр. 
Жалпы орта білім беру жүйесін дамытудың ҽлемдік тҽжірибесін зерделеу, білім берудің жаңа 
сапасына  қол  жеткізу  тек  12  жылдық  жалпы  білім  беретін  мектептің  жағдайында  ғана  мүмкін 
болатынын кҿрсетеді. 
12 жылдық мектептің маңызды проблемасы, ҽсіресе, базистік оқу жоспары бҿлігінде, мектепте 
білім берудің стандартын ҽзірлеу болып табылады.   Білім  стандарттарын  ҽзірлеудің  проблемасы 
білім беру нормаларын белгілеу қажеттілігі мен адам дамуының ҿз заңдылықтарының, оның ішінде 
тосын,  білім  беру  жүйесіне  бағынбайтын  заңдардың  ҿмір  сүруінің  арасындағы  қайшылықтарға 
байланысты  туындап  отыр.  Осы  қарама-қайшылықты  жеңудің  тиімді  жолы  12  жылдық  білім  беру 
жүйесін  жобалауға  психологиялық-педагогикалық  тҽсілдерді  пайдалану  болмақ.  Мұндай  жобалау 
оқушылардың  ерекшеліктері  мен  даму  деңгейін  ескеретін  психологиялық  –педагогикалық 
принциптерге негізделуге тиіс.  
12 жылдық  мектепке кҿшу білім беру процесін технологиялық деңгейге ауыстыруды кҿздейді. 
Бұл ретте жеке тұлғаға бағдарланған білім беру технологиялары, «ынтымақтастықта оқыту», жобалар 
ҽдісі, оқытудың ҽр деңгейлі топтық жҽне қосарлы нысандары, шығармашылық «бойлау», сабақтарды 
эвристикалық  жүргізу  ҽдістері  сияқты  мектеп  оқушыларының  жас  жҽне  жеке  психологиялық 
ерекшеліктерін  ескеретін  оқытудың  нҽтижелі  нысандары  мен  ҽдістері  пайдаланылуы  тиіс.  Бұл 
нысандар,  ҽдістер  мен  технологиялар  оқушылардың  қабілет-дарынын,  олардың  жеке  қасиеттерін 
дамытуға  ықпал  ететін  оқытудың  сараланған  тҽсілін  кҿздейді.  Соңғы  жылдардағы  ақпараттық 
революция  ҽлемді  бірыңғай  білім  беру  кеңістігіне  топтастыруда.  Қоғамды  ғаламдық  деңгейде 
ақпараттандыру  мектеп  оқушылары  мен  педагогтарға  ҿзінің  дүниетанымдық  тұрғысынан  ашық 
ақпараттық-  білім  беру  кеңістігіне  енуге  мүмкіндік  беретін  қашықтықтан  оқыту  технологиясын 
меңгеруге  жағдай  жасайды.  Субъективтік  ойлау  арқылы  оқытудың  ақпараттық  оқытумен 
салыстырғандағы басымдығын сақтай  отырып,  12 жылдық  мектеп  оқушылардың  бойында бұрынғы 
«бағдарламалық» 
түсініктердің 
орнына  дүниенің 
кҿптеген 
субъективтік 
картиналарын 
қалыптастыруға,  білім  беру  жағдайлары  арқылы  оқу  міндеттерін  оқушылардың  ҿмірлік 
проблемаларының желісіне кіргізуге, оларды нақты жҽне виртуалды дүниеде дұрыс бағдар үйретуге 
тиіс. 
Қазіргі  кезде  Қазақстан  Республикасының  мектептеріндегі  білім  беру  мазмұнының  кҿлемін 
дамыған  Еуропа  елдерінің  деңгейімен  салыстыруға  болады.  Ҽлемдік  тҽжірибеге  сҽйкес  12  жылдық 
оқытуға  есептелген жалпы  орта  білім  берудің  бағдарламасын  біздің  оқушыларымыз  11  жыл  ішінде 
меңгереді.  Республиканың  11  жылдық  жалпы  орта  білім  беретін  мектебінде  қай  кезде  де 
оқушылардың артық жүктемесі байқалып келді. 
Оқушылардың оқу жүктемесі оларды оқуға бҿлінген міндетті пҽндер мен апталық сағаттардың 
санына,  сондай-ақ  оқу  материалын  сыныптар  мен  білім  деңгейлерінің  арасында  тиімді  бҿлуге 
байланысты. 
 

 
 
49 
 
12  жылдық  оқыту  мерзіміндегі  жалпы  білім  беретін  мектеп  оқушылардың  оқу  жүктемесі 
проблемасын  шешуге  ықпал  етеді.  11  жылға  есептелген  жалпы  білім  беретін  пҽндер  жҿніндегі 
бағдарлама, 12 жылдық мектеп жағдайында 12 жыл ішінде меңгерілетін болады. Оқу материалдары 
мектеп сатылары мен білім беру деңгейлері арасында қайта бҿлінеді. 
12  жылдық  білім  беруге  кҿшудегі  жалпы  білім  берудің  басты  мақсаты  -  ҽлемдік  білім  беру 
стандарттарына  сҽйкес келетін білім берудің жоғарғы сапасын қамтамасыз ету,ҿзін-ҿзі тҽрбиелеуге, 
ҿздігінен білім алуға, ҿзін-ҿзі тануға, ҿзін-ҿзі іске асыруға, ҿзін-ҿзі дамытуға жҽне кҽсіптік білім беру 
бағдарламаларын  меңгеруге  дайын,жеке  жҽне  қоғамдық  мүдделерді  үйлестіре  білетін  жан-жақты 
мҽдениетті,шығармашылық тұлғаны қалыптастыру. 
Еліміздегі тҽуелсіздіктің ҽсері қоғам дамуының барлық салаларын қамтып, жаңаша мазмұнды, 
ҽлемдегі озық тҽжірибелерге негізделген оқу – тҽрбие жүйесінің қалыптастыруына ықпал етті. 
Қазақ  халқының  тарихына,  мҽдениетіне,  дүниетанымына,  ұлттық  қасиеттеріне  қатысы  бар, 
бұрын – соңды жарияланбаған, немесе «саясатқа қайшы» деп, кезінде жауап тастаған туындылар мен 
шығармалардың бүгінде беті ашылды. Ұлттық сана – сезім қайта жаңғырып, жаңаша рухани кҿтерілу 
үрдісі  басталады.  Білім  беру  тҽрбие  мҽселелеріне  кҿзқарастар  мен  талаптар  ҿзгерді,  оның 
нҽтижесінде жаңа идеялар дүниеге келді. Ұлтымыздың тағдыры тіліміздің, дініміздің, тарихымыз бен 
рухани  –  мҽдени  мұраларымыздың,  салт  –  дҽстүр,  ҽдеп  –  ғұрпымыздың  сақталуымен  тығыз 
байланысты.  Ұлттық  тҽрбие  дегеніміз  не?  Ұлттық  мектепте  тҽрбие,    білім  беру  ісін  қандай 
ұстанымдарға  сүйеніп  құру  керек?  Оның  мақсат  –  міндеттері  қалай  анықталады?  Тҽрбиенің  басты 
құралы  не?  –  деген  сұрақтарға  ұлттық  мектептің  ғылыми  негізін  қалаған  белгілі  ағартушылар  мен 
ғалым- педагогтардың пікірлерінен жауап іздеп кҿрейік. 
Ұлттық мектептің проблемаларымен айналысқан орыс ғалымы В. Н. Сурока – Росинский 1916 
жылы «Орыс мектебі» журналында жарияланған мақаласында: «Білім мен тҽрбиенің негізі міндетті 
түрде ұлттық болуға тиіс, ҿз Отанының алдындағы борышын ҿтемей, жалпы адамзатқа қызмет істеу 
мүмкін емес...» деген. К. Д. Ушинский ҿзінің «Орыс мектебі қылу қажеттілігі туралы» мақаласында 
күйінішпен  былай  дейді:  «...  Неліктен  орыс  баласын  тарихпен  танысуын  Рюрихпен  емес, 
Наболасардан  емес,  географиямен  танысуды  Киев  немесе Москвамен  емес,  қайдағы  бір  Сиднеймен 
немесе Вандилен жерімен, неліктен орыс географиясы небҽрі 40  – 50 сағат оқытылады...» Неліктен 
біздің балалар алдымен орыс тілін біліп алмай, латын, неміс, француз тілінде етістікті жіктеумен, зат 
есімін септеуді үйренуге кіріседі?. 
В.Я.  Стоюнин  ұлттық  орыс  орыс  мектебі  туралы    «Мектептің  жансыз»,  дҽрменсіз  болуының 
басты  себебі  –  мектептің  ұлты  мен  дербестігінің  жоқтығында  жҽне  оның  космополиттік  бағытты 
ұстануында. Мектеп құрғанда... ең басты мектеп басқа халықтың тарихы мен тҽжірибесіне негізделіп, 
соған  байланысты  қайта  құрылуы  керек»  деп  атап  кҿрсетеді.  Академик  Ш.  А.  Амоношвили  пікірі 
бойынша  «Грузин  тілінде  сабақ  жүретін  мектептердің  бҽрін  бірдей  ұлттық  мектеп  деп  айтуға 
болмайды,  бұлардың  нағыз  ұлттық  мектебі  болу  үшін  онда  грузин  халқының  рухы  болуы  керек» 
деген.  
Қазақстан халқының зиялы азаматтарының ұлттық мектеп пен тҽрбие жҿніндегі ой – пікірлері 
былай ҿріледі: 
«Мектебімізді  сау,  берік  Һҽм  ҿз  жанымызға  қабысатын,  үйлесетін    негізге  құра  білсек, 
келешегімізге тайынбай – ақ серттесуге болады. ..... 
Ҽрбір ел келешегін  негізді балаларын  тҽрбиелейтін,  даярлайтын  мектебінде  салмақ.  Бір  елдің 
тағдыры  мектебінің  құрылысына  байланысқан  нҽрсе...»  -  деп    Мағжан  Жұмабаев  айтса,    «Қай 
халықтың  мектебінде  болса  да  оқу  кітаптары  ана  тілімен  ,ҿз  ұлтының  тұрмысынан, һҽм  табиғаттан 
жазылып, баяндап оқытқанда, балқыған жас баланың, ойына, қанына, сүйегіне ұлт рухы сіңісіп, ана 
тілін  анық  үйреніп,  керек  мағлұмат  алып  шығады.  Мұндай  балалар  мектепті  бітіргеннен  кейін  қай 
жұрттың  арасында  жүрсе  де,  сүйегіне  сіңген  ұлт  рухы  жасымайды...  ұлт  ұлы  болып  қалады»-деген 
ойды Міржақып Дулатов жазады. Жазушы Ҽбіш Кекілбаев былай дейді: «Бүгін тҽрбие тағылымының 
қай түрі болмасын, тек сол кемел тарихи сананы қалыптастырған күнде ғана мақсатқа жете алады... 
Тарихи санадан атымен жұрдай ата – ана ҿз кҿкірегінен шыққан перзентін, ҿзін жаратқан халықтың 
ғасырлар  бойы  жиып-терген  қазынасынан  қаралай  қағып,  ...  не  менсінбей  қаратып  рухани 
мүгедектікке ұрындырады.»  
«Ҽрбір  ұлттың  баласы  ҿз  ұлтының  арасында,  ҿз  ұлты  үшін  қызмет  қылатын  болғандықтан, 
тҽрбиеші  баланы  сол  ұлт  тҽрбиесімен  тҽрбие  қылуға  міндетті»–  деген  М.Жұмабаевтың  құнды 
пікірлерін, сондай – ақ этнопедагогика саласында ғылыми – зерттеу жұмыстарын жүргізген қазақ  

 
 
50 
 
ғалымдары  Р.Жарықбаев  ,  С.  Қалиев,  К.Ж.  Қожахметовалардың  еңбектері,  зерттеулері,  идеяларын 
мектептің тҽрбие жүйесінің тұжырымдамасының негізіне алу керек. 
Рухани  сұраныс  пен  ҽлеуметтік  –  экономикалық  ҿмір  талаптарына  сай  қазақ  мектебінің 
қоғамдық, мемлекеттік қызметін айқындау барысында жас ұрпақты қоғамдық ҿмірге даярлауда, ұлы 
Мағжан  сҿзімен  айтқанда:  «Баланы  тҽрбиелі  қылу  тұрмыс  майданында  ақылмен,  ҽдіспен  күресе 
білетін адам шығару деген сҿз, қалса ҿзің, асса барлық адам баласын адал жолмен ҿрге сүйрейтін ер 
шығару  деген  сҿз.  Тұрмыста  түйінді  мҽселелерді  шеше  білетін,  тұрмыстың  тұңғиық  теңізін  қалың 
қайратпен  кеше  білетін,  адалдық  жолға  құрбан  бола  білетін,қысқасы,  адамзат  дүниесінің  керек  бір 
мүшесі болатын тҿрт жағы түгел кісі қылып шығару». 
Бүгінгі  таңда  12  жылдық  білімге  кҿшу  үшін    демократияландыру  мен  ізгілендіру  жҽне  оқу  – 
тҽрбие үрдісі барысында дамыту туралы ұстанымдар мен этнопедагогика қағидаларын басшылыққа 
алу қажеттілігі айдан анық болып отыр. Сондықтан мектептегі оқу-тҽрбие жұмыстарын мектебімізде 
инновациялық  бағытта  жүргізіп отырмыз.  
Осы бағытта оқу -тҽрбие үрдісін жаңаша ұйымдастырудың міндеттері келіп шығады: 

 
Оқыту мекемесінің жаңа үлгісін түзу; 

 
Дҽстүрлі емес оқыту бағдарламаларын, оқу жоспарын, оқу құралдарын, оқулықтар дайындау

 
Олардың технологиялары мен механизмдерін қала экономикасының қажеттілігіне сай құру

 
Білім берудің инновациялық процестерін ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету

 
Оқыту  мекемелерінде  оқушының  жеке  тұлға  ретінде  дамуына  бағытталған  педагогикалық 
үлгіні ҿңдеу; 

 
Мемлекеттік  стандарт  кҿлемінде  барлық  оқушылардың  білім  алуына  жҽне  тілек 
білдірушілерге кең кҿлемде білім алуға мүмкіндік туғызу; 

 
Жеке басты дамытуға бағытталған оқыту технологияларын, сондай-ақ, оқушының оқу-тҽрбие 
саласында дамуының деңгейін диагностикалық тұрғыдан анықтауға арналған бағдарламаны сынақтан 
ҿткізу жҽне ҿңдеу; 

 
Оқушылардың  шығармашылық,  ҿз  бетінше  ойлау,  ғылыми  жҽне  зерттеу  дағдыларын, 
гуманитарлық ғылымдар бойынша жеке шығармашылық қызығушылық қабілеттерін дамыту; 

 
Мектептегі  ортаны  жеке  тұлғаны  интелектуалдыққа,  адамгершілікке,  эстетикаға  жҽне 
шынығып,  нығайып  ҿсуге  бейімдеу,  сонымен  бірге,  оқушыларды  қазақ  мҽдениетінің  халықтық 
қайнар кҿзіне, Қазақстан мен Тараз қаласының тарихына қызығушылығын ояту

 
Даму мониторингінің 2 жүйесін құру - жеке оқушыға жҽне мектепке арналған. 
Осы  орайда,    мектебіміз    оқу  жҽне  тҽрбие  саласында  оқушының  жеке  дамуының  тиімді 
жолдарын  қарастыруда,  іздестіруде  тҽжірибелі-экспериментальдық  жұмыстарды  ғылыми  деңгейде 
ұйымдастыруға  арналған  оқу  орны  болып  анықталды.  Бүгінгі  күнде  мектебіміздегі  эксперимент 
жұмыстары толық аяқталды.  1991жылы құрылған мектеп құрылымы сақталынды. Мектеп құрылымы 
үш сатыға бҿлініп, бастауыш 1-4 сыныптар, негізгі 5-9 сыныптар, бағдарлы 10-11 сыныптар ретінде 
жұмысын жалғастырды. Ҽр  сатыда оқу-тҽрбие  үрдісінің  мақсаты  мен  нҽтижесі анықталды.  Басқару 
жүйесі  түбегейлі  ҿзгерді.  Оқу-тҽрбие  жұмыстарының  күрделенуіне  байланысты  алғашқы 
эксперименттегі  «Шапағат»  ғылыми-ҽдістемелік  орталығы  мен  «Азамат»  тҽрбие  мҽселелері 
орталықтары    «ғылыми-ҽдістемелік  зертхана»  жҽне  «тҽрбие  мҽселелері  зертханасына»  айналды. 
Мектептегі мұғалімдердің кҽсіби деңгейінің ҿсуіне, ғылыми-ҽдістемелік жүйесінің  дамуына, тҽрбие 
мҽселелері  бойынша  жүргізіліп  жатқан  жұмыстарға  сараптама  жасайтын,  екі  орталықтың 
жұмысының  нҽтижесін  қорытындылайтын  мектепішілік  «талдау-болжамдау»  зертханасы  ашылды. 
Барлық орталықтарға мектеп директоры басшылық жасайды. 
Бүгінгі  таңдағы    егеменді    еліміздің    білім  беру    жүйесінің    ҿзекті  мақсаты-  ҿркениетті  
деңгейлес    дамуымызға    мүмкіндік    беретін  жаңа    білім  беру    жүйесін  қалыптастыру.  Ендеше,  бұл 
орайда оқу-тҽрбие  үрдісін  түбегейлі жаңартып  оқытуда  оқушы  мен  оқушылардың    шығармашылық 
ҽрекетін  дамыту,  арттыру  қажеттілігі  туындайды.  Дамыған  мектеп  ортасын  құру,  ҽр  оқушының  
бойындағы  интеллектуалдық,  шығармашылық  қабілетін  ашу,  олардың  негізгі    қажеттіліктерін 
қанағаттандыру, мектептің  басқару құрылымына да  ҿзгерістер енгізу  ҿмір талабына айналады. 
Сол  себептен,  2002  оқу  жылынан  бастап  Жамбыл  атындағы  №5  орта  мектептің  басқару 
құрылымының    ҿзгеруіне  байланысты  «Шапағат»  ҽдістемелік  орталығы    ғылыми-ҽдістемелік 
зертхана  болып ҿзгерді. 
«Шапағат» ғылыми-ҽдістемелік орталығы мектеп кҿлеміндегі ғылыми-ҽдістемелік жұмыстарды 
ұйымдастырса, ғылыми-ҽдістемелік зертхана кафедралар жүйесі арқылы  ғылыми- ҽдістемелік  

 
 
51 
 
жұмыстарды   ұйымдастыруда    зерттеу,  талдау  жасай  отырып, сараптама жүргізеді.  Сонымен  қатар, 
іс-тҽжірибелерді  қала,  облыс  кҿлемінде  насихаттап,  таратты.    Яғни,  ғылыми-ҽдістемелік    орталық 
жұмысының  күрделенуі мен  шығармашылық  жұмыс ауқымының  артуына  байланысты  ғылыми-
ҽдістемелік  зертханаға  кҿшті.  Ғылыми-ҽдістемелік  зертхананың  негізгі  мақсаты:  Мектеп-зертхана 
кешеніндегі ғылыми-ҽдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру мен жүйелеу. 
Міндеттері : 
1.
 
Білім беру мекемесі ҽдістемелік қызметінің  негізгі бағыттарын белгілеу. 
2.
 
Білім  беру саласын ҽдістемелік  тұрғыдан  қамтамасыз ету.  
3.
 
жаңа педагогикалық  технологияларды меңгеруге,  авторлық  бағдарламаларды құруға, оқу-
ҽдістемелік  кешендерді  қолданып кҿруге бағытталған  білім беру мекемесінің  тҽжірибелік-іздену, 
инновациялық жҽне зерттеу қызметін жүйелеу. 
4.
 
Жас мамандардың  педагогикалық  іс-тҽжірибелерін  практика жүзінде  арттыру. «Ізденіс» 
мектебі жас мұғалімдердің, жаңа келген мұғалімдердің жұмысына кҿмек беріп, жұмыстарын жүйелі 
жүргізуге басшылық жасайды. 
5.
 
Педагогикалық жҽне ҽдістемелік  сараптамалар жүргізу. 
6.
 
Оқушылардың  ғылыми  қоғамы  ҿздерінің  бекітілген  ережелері  бойынша  жұмыс  жасайды. 
Ғылыми қоғамның жетекшісі ҽр кезеңге сараптама жасап отырады. 
7.
 
Мектептің «кіші олимпиада» мектебі де оқушыларды жыл бойында олимпиадаға дайындап, 
жоғары кҿрсеткіштерді кҿрсетеді. 
Пҽн  кафедраларының  жұмысы  А.М.Моисеев  пен  М.Т.Моисеевалар  анықтаған  мектеп 
жағдайына  ыңғайланған  «Кафедра туралы  ереже» арқылы жүргізіледі. 
Білім  мазмұны  демократияландыру,  ізгілендіру,  дамыта  отырып  оқыту  ұстанымдарын 
басшылыққа  ала    отырып,  ұлтымыздың  тілдік,  психологиялық,  ҽлеуметтік  ерекшеліктері  ескеріліп, 
қазақ баласының  дүниетанымына  сай,  теориялық деңгейі  жоғары,  ата-баба  ҿсиеті  негізінде  рухани-
мҽдени мұралар үлгісінде құрылды.  
Білім  сапасын  кҿтерудің  құзіреттілігі,  білім  жүйесін  оқу  үрдісіне  енгізудің  негізгі  жолы  – 
«технологияландыру» қызметі болып табылады. Сол себептен, мектептің оқу жҽне тҽрбие үрдісінің 
жүйелі  түрде  технологияландыру  мҽселесі  эксперимент  барысында  ҿз  шешімін  тапты. 
Технологиялық  қызмет  мектептің  үш  сатысында  құралып,  ҽрбір  сатының  бас  технологтары 
технологиялық  мҽдениеті  жоғары,  зерттеу  жұмыстарымен  шұғылданатын  мұғалімдер  қатарынан 
мектептің  ғылыми-зерттеу  орталығының  кеңесінің  шешімімен  тағайындалған.  Технологиялық 
қызметтің  негізгі    мақсаты:  мектеп  мұғалімдеріне  педагогикалық,  коммуникативтік,  басқару 
технологияларының  теориялық  модельдерімен  таныстыру,  қажетті  технологиялардың  жүйесімен 
таныстырып алгоритмдеу, оны ғылыми тұрғыдан байқаудан ҿткізу, сараптама жасау болып табылды. 
Бұл  қызметтің  потенциалы  ҿте  үлкен  екені  анықталды.  Мұғалімнің  кҽсіби  шеберлік  деңгейін 
арттыруда  ҿзіндік  білімін  жетілдіру  сабағынан,  синдикативтік  оқудан,топаралық  оқудан 
синдикативтік  танысудан  тұратын  топтық  оқыту  технологиясының  ҿте  тиімді  екенін  анықтадық. 
Яғни  мектеп  мұғалімдерінің  95%  педагогика  саласындағы  инновациялық  теориялармен  танысып, 
75% ұстаздар ҿз жұмыстарын инновациялық бағытта жүргізуде.  
Мектептегі  оқу  -тҽрбие  жұмысын  ұйымдастыруда  жүргізілген  жұмыстардың  ғылыми 
жаңашылдығы  мен  теориялық  ерекшелігі  оқушыны  жекелей  дамытуды  кҿздеген  педагогикалық 
технологиялардың негізі мен жиынтығын анықтауда, мектеп пен оқушы арасындағы горманизацияны 
ашуда, сонымен қатар, жеке басты оқыту технологияларына жататын түрлі деңгейлік варианттарын, 
модульдік,  биоақпараттық  оқыту  технологияларын  ҿңдеп,  технологиялық  режимде  жұмыс  істейтін 
мектеп моделін құруда айқындалады.  Бұл тҽжірибелік жұмыстарды жүргізу үшін зерттеу топтарын 
құру қажет. Зерттеу топтары түрлі деңгейдегі жұмыс жүйесін қарастырады: 
І топ – теориялық-ҽдіснамалық тұрғыдан қамтамасыз ету; 
ІІ топ – мониторингті құру жҽне ҿңдеу; 
ІІІ топ – жеке бастың педагогикалық жҽне психологиялық диагностикасын жасау; 
IV топ – оқу-тҽрбие саласының педагогикалық жҽне психологиялық диагностикасын жасау; 
V  топ  –  оқушының  жеке  басы  мен  мектеп  ұжымының  ҿзара  іс-ҽрекетін  модульдік  басқару 
саласында  дайындау.  
VI топ – сынып жетекшісінің модульдік іс-ҽрекетін дайындау. 
 
 

 
 
52 
 
Жҥргізілген  зерттеу топтарының нәтижелік критерийлері былайша саралануы керек: 
1.
 
Мектеп  ортасына  келген  оқушылардың  сезімдік  ҽрекеттерінің  жоғары  деңгейде 
қанағаттанушылығы. 
2.
 
Шаршаудың тҿмендеуі, физиологиялық статустың ҿсуі.  
3.
 
Психологиялық 
қорғану 
аумағының 
кеңеюі. 
Ҽлеуметтік 
қажеттілік 
пен 
коммуникабельдіктің артуы.  
4.
 
Есте сақтау жҽне ойлау қабілетінің, екпінінің қарқындауы.  
5.
 
Оқушылар шығармашылығының белсенділігі жҽне олардың білім сапасының артуы. 
6.
 
Мұғалімдердің педагогикалық іс-ҽрекеттерге психологиялық дайындығының артуы. 
7.
 
Мұғалімдердің оқушыларға психо-педагогикалық ҽдістермен болжам жасауды меңгеруі.  
8.
 
Мұғалімдер  мен  оқушылар  тарапынан  зерттеу  іс-ҽрекеттеріне  тұрақты  қызығушылықтың 
пайда болуы.  
9.
 
Мектептегі ҽр оқушының қажеттілік ҿрісінің ҿзгеруін бақылау, байқау жүйесін құру.  
10.
 
Жеке басты дамытуда психологиялық жас ерекшеліктерге сай тиімді іс-ҽрекеттерді іріктеу. 
Мектепте жүргізілген жұмыстардың нҽтижесінде тҽрбие жұмысы да ҿзгеріске ұшырап, ұлттық 
мазмұнға ие бола бастайды. 
  Арнайы тҽрбиеде үш блоктан /ұжымды ұйымдастыру, тҽрбиелік іс-ҽрекеттерді ұйымдастыру, 
оқушылардың  ҿзіндік  қасиеттерін  қалыптастыру/  тұратын  жоспар  үлгісі  арқылы  7  ҽрекет  жүзеге 
асырылады. 
Сондай-ақ,  тҽрбие-мҽселелері  зертханасы  мектептегі  «Психодиагностикалық»,  «Ҿзін-ҿзі 
басқару»  орталықтарымен,  Алматы  қаласындағы  «Білім  беру  жүйесінің  басшы  жҽне  ғылыми-
педагогикалық  кадрлары  біліктілігін  арттыратын  республикалық  институтпен»,  мектепішілік 
үйірмелермен,  мектептен  тыс  мекемелермен  жҽне  ата-аналармен  үнемі  жүйелі  байланысты  бола 
отырып,  1-4  сыныптар  бойынша бастауыш  сатысы  түлегінің  моделі, 5-7  сыныптар бойынша  негізгі 
сатының оқушы  моделі, 8-11  сыныптар  бойынша  бағдарлы  сатының  оқушы  моделін шығарады.  Ол 
оқушы  моделі  арқылы  текті,  алғыр,  тҽкаппар,  батыл,  ҿз  халқының  патриоты  болатын  «Азия 
барысының» негізі қаланады. 
Оқу-тҽрбие үрдісі - ҿзара кіріктіріле интеграциялы-кешенді жүретін үрдіс. Ендеше, бұл салада 
сҿзсіз оқытудың тҽрбиелік мақсаты мен тҽрбиенің білімдік мақсаты ҿзара кіріктіріле қарастырылады. 
Ғылыми-ҽдістемелік  жҽне  тҽрбие-ҽдістемелік  зертханаларының  жұмыс  жоспарлары  тығыз 
байланыста,  шығармашылық  бірлікте  қарастырылады.  Бұл  зертханалар  оқу-тҽрбие  жұмысына 
байланысты мҽселелерді ұйымдастырып, мұғалімдерге ҿз тарапынан үйрету, кҿмек беру жұмыстарын 
жүргізеді.  Ал  талдау-болжамдау  зертханасы  зерттеу  жүйесі  бойынша  мониторинг  пен  рейтингтік 
жүйе жасайды. Ол білім мазмұнын қалыптастыруда бұл саралау негіз болып табылады. 
Тҽрбие  жұмыстарының  оқу  үрдісімен  кіріктірілуі,  арнайы  курстардың,  арнайы  тҽрбиенің 
белгілі  жоспармен  жүйелі  жүргізілуі,  үйірме  жұмыстарына  оқушылардың  кҿптеп  тартылуы 
нҽтижесінде  мектеп  оқушылары  ҽр  саладан  қалалық,  облыстық,  республикалық,  халықаралық 
байқауларда ҿнер кҿрсетіп жеңімпаз атанып, мектеп мақтанышына айналуда. 
Қазіргі кезде республикамызда үздіксіз білім берудің жаңа жүйесі жасалып, ҽлемдік білім беру 
кеңістігіне  енуге  бағыт  алып  жатқан  кезеңде  біздің  мектепте  жүргізілген  кҿп  жылдық 
эксперименттік-зерттеу  жұмысының  нҽтижесі  мұғалімдеріміздің  интеллектуалдық,  кҽсіптік, 
азаматтық деңгейлерінің жоғарылауына ізгі ҽсерін тигізді. 
Оған дҽлел: 
1.
 
Ұстаздар тарапынан: 
-
 
кҽсіби деңгейінің кҿтерілуі; 
-
 
ғылыми – ізденіс жұмыстарының қолға алынуы; 
-
 
іс-тҽжірибелердің қала, облыс, республика кҿлемінде насихатталуы; 
-
 
авторлығымен жарық кҿрген оқулықтар
-
 
«Мұғалім - зерттеуші» дҽрежесіне кҿтерілуі. 
2.
 
Оқушы тарапынан: 
-
 
білім сапасының кҿтерілуі; 
-
 
ізденушілік-шығармашылық жұмыстармен айналысуы; 
-
 
қалалық, облыстық, республикалық пҽн олимпиадаларында жүлделі орындарды   иемденуі; 
 
 

 
 
53 
 
3.
 
Мектеп тарапынан: 
-құрылымы  мен  білім  мазмұны,  оны  оқытудың  ҽдіс  –  тҽсілдерінің  бүгінгі  күн  талабымен 
үндесуі; 
Тҽуелсіз  еліміздің  ертеңгі  болашағы  жас  ұрпақты  елжандылыққа,  ҿз  Отанының  адал  азаматы 
болуға,  ұлттық,  халықтық  тұрғыда  тҽрбиелеу  бүгінгі  күннің  ҿзекті  де  кҿкейтесті  мҽселесі  екені 
баршамызға аян. 
Қазақ  ұлт  болып  қалыптасқалы  ұзақ  тарихында  сан  алуан  кезеңдерді  бастан  ҿткізіп,  тар  жол 
тайғақ кешкенмен, болашақ ұрпақ тҽлім-тҽрбиесіне зор кҿңіл бҿле отырып, ұлы дала перзентіне тҽн 
еркіндік  пен  тҽуелсіздік,  қайсарлық  пен  қайырымдылық,  ақ  ниеттілік  пен  парасаттылық,  ҿрлік  пен 
ерлік тҽрізді асыл қасиеттерді ұрпақ бойына дарыта білген. Осы аталған қасиеттерді ҿскелең ұрпақ 
ата-бабадан қалған ҿнеге ретінде қабылдаса, ертеңгі күннің жарқын болашағына сеніміміз арта түсері 
анық. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал