А. Әшімбаев Әбілхан қастеев шығармашылығы арқылы білімгерлердің



Pdf көрінісі
бет3/26
Дата22.12.2016
өлшемі6,85 Mb.
#66
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

 
АннотацияВ статье рассматриваются методы организации уроков по изобразительному искусству в 
системе 12-летнего образования. 
Annotation.  In  this  article  consider  methods  of  organization  lessons  graphic  art  in  system  of  12-yaer 
education. 
_____________________ 
1.
 
Изобразительное  искусство  в  начальных  классах  /Б.П.Юсов,  М.Н.Семенова,  Г.С.Лепский  и  др.;  Под.ред. 
Б.П.Юсова, Н.Д.Минц. – Мн.: Нар.асвета, 1986. – 167 с.: ил. 
2.
 
Новые  педагогические  и  информационные  технологии  в  системе  образования:  Учеб.  пособие  для  студ.пед. 
вузов и системы повыш. Квалиф.пед.кадров /Е.С.Полат, М.Ю.Бухаркина, М.В.Моисеева, А.Е.Петров; Под.ред. 
Е.С.Полат. – М.: Издательский центр «Академия», 2000. -272 с. 
3.
 
Сухомлинский В.А. Сердце отдаю детям. – Киев: Ряданська школа, 1973. 
 
 
 
А.Е. Жаскиленова 
 
ЖЕКЕЛЕГЕН МАМАНДЫҚТАРДЫҢ МҦҒАЛІМДЕРІН 12 ЖЫЛДЫҚ  БІЛІМ  
БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ДАЯРЛАУДЫҢ КЕЙБІР ПРОБЛЕМАЛАРЫ 
 
ӘОЖ 04(574):371.214.46 
                                        
Қазақстанның  ҽлемдегі  бҽсекеге  қабілетті  50  елдің  қатарына,  экономикада  білімді  қолдану 
индексі  бойынша  кіруін, ұлттық ғылыми-зерттеу  қызметін  басқарудың  халықаралық  стандарттарын 
енгізуге назар аударған, осы орайда сапалы білім беру арқылы ғылым негіздерін меңгерген жоғары 
білікті  мамандарды  кҽсіби  даярлауды  қажет  етеді.  Бүгінгі  таңда  жаппай  орта  білім  беруге  кҿшу 
жүзеге  асырылып  жатыр.  Осы  уақытта  ҽрбір  орта  білім  алған  жастарымыз  заман  талабына  сай  ҿзі 
қалаған белгілі бір кҽсіпке бейімделуі тиіс. Мектептерде мектеп аралық оқу-ҿндірістік комбинаттарда 
жҽне  басқа  да  оқу  орындарда  кҽсіптік  бағдар  беру  жұмыстарын  оқушының  еңбектегі  іс-ҽрекетін 
дұрыс  бағыттап,  психологиялық  дайындықтан  ҿткізу  керек.  Оқушылар  ҿздерінің  болашақ  таңдаған 
мамандығына  ерекше  кҿңіл  аударуы  тиіс.  Ҽсіресе,  бітіруші  сыныптарда  осы  жұмыспен  сынып 
жетекшілері  айналысып,  дұрыс  бағдар  беруі  қажет.  Сонымен  қатар  оқушылардың  оқудағы  іс-
ҽрекетіне  қызығушылығына,  таңдаған  мамандығына  сай  білім  деңгейіне,  соны  жоғарғы  оқу 
орындарында  жалғастыратынына  кҿңіл  аударған  жҿн.  Одан  басқа  оқушының  оқудағы 
қызығушылығы  мен  сыныптан  тыс  іс-ҽрекеттерін  білген  абзал.  Оқушылардың  кҽсіпке  деген 
қызығушылығын, ой-ниетін анықтауда ҽртүрлі ҽдістерді пайдалануға болады. Мысалы, оқушылардан 

 
 
27 
сауалнамалар алуға болады. Бұл ҽдіс оқушының таңдаған мамандығына, танымдық қызығушылығын 
жҽне  сол  мамандық  адамға  қандай  физиологиялық  жҽне  психологиялық  талаптар  қоятынын  білуге 
кҿмектеседі 
 
 
Білім  беру  жүйесінің  қызметкерлерін  қайта  даярлау,  кадрлар  қорын  жасақтау,  біліктілік 
арттыру  институттарының  материалдық-техникалық  базасын  нығайту  жан-жақты  жедел 
жаңғыртуларды қажет етеді, мұғалім біліктілігін неғұрлым сапалы да жаңа деңгейге кҿтеру керек. 
Еліміздің  экономикалық  дамуы  ҽлеуметтік  ресурстардың  кҿтерілуіне  байланысты,  сондықтан 
да  экономикамыздың  кҿтерілуі,  одан  ҽрі  дамуы  ҽр  маманның  ҿндірісте  ҿзінің  жоғары  кҽсіби 
шеберлігін  кҿтеруіне  жаңа  технологияны  меңгеруіне  байланысты.  Қазіргі  кезде  мектептерде  12 
жылдық  білімге  кҿшуге  байланысты,  оқушылардың  кҽсіби  мамандық  алуына    жете  кҿңіл  бҿлінеді. 
Заман  талабы,  уақыт  ағысы  жастарды  кҽсіби  мамандық  алуына  итермелейді.  Қазір  -  еліміздің 
экономикасы  кҿтерілген,  халқымыздың  ҽл-ауқаты,  тұрмыс-жағдайы  жақсарған  кез.  «Қазақстан 
ҿздерің сияқты жас мемлекет, біздің болашағымыз да  - жастар» деп, елбасшымыз ылғи да жастарға 
қолдау  кҿрсетіп  отырады.    Болашақта  елімізді  ҿркендетіп  ҿсіретін  де  жастар!  Қандай  мамандық 
аламын десең де, осындай жауапкершілігі мол сҽтте ҿз қалауыңды дұрыс таңдай білуіңде. Мамандық 
таңдауда  қателеспеу,  ҿмірде  ҿзің  қалаған,  жүрегіңе  жақын,  ҿзіңнің  кҿңілің  толатын  іспен  айналысу 
адам ҿмірінде ҿте маңызды. Сондықтан үлкен жауапкершілікті талап ететін мұндай іс мамандықтың 
сырт  болмысына,  беделдігіне  «сҽнді  мамандық»  болуына,  адамның  сол  мамандыққа  деген  шамасы, 
икемділігі,  бейімділігі  үйлесіп  жатса  жҽне  ҿзінің  психологиялық  ерекшеліктерін  ескере  отырып, 
дұрыс  шешім қабылдауында.  Мамандықты  дұрыс  таңдай  білу  деген,  яғни болашақ жұмыс  ҿздеріне 
қанағат, қоғамға пайда ҽкелуі екенін жас жеткіншектер түсінуі керек. 
«Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан!» - деген Абайдың  астарлы сҿзінде үлкен 
мҽн-мағына  жатыр.  Ал  енді  мамандықты  дұрыс  таңдамаған  жағдайда  қандай  жағдайлар  болуы 
мүмкін, соған тоқтала кетейік. 
1.  Бірден  басты  және  жоғары  дәрежелі  мамандықтарды  бағдарлау.  Кімде-кім  шеберліктің 
бастапқы  баспалдағынан  табысты  ҿткен  болса,  ол  қызметтің  қай  саласында  болсын,  ең  жоғарғы 
нҽтижеге жете алады. Жаңадан мамандық алған жас маманды бірден басшылық қызметке қоймайды. 
Ҿзіңді  жоғарғы  дҽрежелі  маман  ретінде  кҿрсету  үшін,  ҿз  ісіңді  жете  меңгеру  қажет,  ҿз  біліміңді 
ҽрқашан  толықтырып,  жетілдіріп  отыруың  керек  жҽне  ҿз  ісінде  ҿзіңе  сенімді  болуың  керек.  Міне, 
осындай басты талаптарды ҿзіне дұрыс қоя білгенде ғана адам үлкен жетістіктерге жете алады.  
2.  Мамандықтың  беделдігі,  беделсіздігі  жөніндегі  жаңсақ  түсінік.  Қазіргі  кезде  жастардың 
арасында «сҽнді мамандық», «сҽнді жоғарғы оқу орны» деген жаңсақ түсінік етек алуда. Ҽрине, бұл 
қателік.  «Сҽн»  -  деген  ұғым  белгілі  бір  уақыт  аралығында  ҿзгеріп  отыратын  құбылыс.  Сондықтан 
мамандық  таңдауда  мұндай  кҿзқарас  дұрыс  емес.  Бүгін  «сҽнді»  болған  мамандық  бес-алты  жылда 
сҽннен шығып кетіп жатса, не болғаны? Таңдаған мамандығың ҿмірлік азығың! Барлық еңбек ҿзіне 
құрметті талап етеді.  
3.  Мамандықты  біреулерге  ілесіп,  серіктесіп  таңдау.  Мектеп  бітірушілердің  оқу  орнын, 
жұмысты  достық,  жолдастық  принципін  сақтап.  солармен  бірге  таңдап  алатын  жайттары  жиі 
кездеседі. Бұл дұрыс па ҽлде бұрыс па? Егер достардың қалап алған кҽсіби қызметке деген ықыласы, 
бейімділігі,  қабілеттері  бірегей  болса,  онда  жақсы.  Ал  егер  қайда  болсақ  та  ҽйтеуір  біргеміз  деген 
принцип ұстаса, ҽрине қателік болар еді.  
4.  Мамандыққа  сырттай  еліктеу.  Кейбір  кездерде  мамандыққа  сырттай  еліктеу  қателігі 
кездесіп жатады. Мысалы, ата-анасының немесе жақын туысының мамандығына, қызметіне сырттай 
қызығушылық.  Жақын  адамның  мамандығына  жете  кҿңіл  бҿлмей,  тек  қызметіне  қызығушылық 
танытқан жағдайлар болып жатады. Ҽр жұмыстың қызығы да қиындығы да мол болады. Сондықтан 
да мұндай жағдайда, кҿңіл бҿлген мамандық жайында толық мағлұмат алған артық болмас.  
Қазіргі  кезде  жастардың  ҿздерінің  қабілетін  ескермеуден,  еңбек  рыногында  қандай 
мамандықтарға сұраныс жоғары немесе тҿмен екнін біле бермейді, кҿпшілігі қай оқу орнына түсуді 
немесе  қандай  мамандықты  таңдауын  біле  бермейді.  9-сынып  оқушыларының  арасында  35% 
сауалнамалардағы  «сіздің  болашақ  мамандығыңыз?»  деген  сұраққа  «Мен  мамандығымды  ҽлі 
анықтаған  жоқпын»,  деп  жауап  береді.  Ҽрине,  қазіргі  таңда  ҿмір  талабына  сай  еңбек  рыногын 
ескермеуге болмайды. Сондықтан еңбек рыногына қандай мамандықтар тапшы, міне, осы жағына да 
кҿңіл аудару керек. [8] 
Қазіргі  ғылым  мен  техниканың  қарыштап  ҿсуі  мен  ел  экономикасының  қарқынды  даму 

 
 
28 
үстінденгі  кезеңде  адамдардың  кҿзқарасының  заман  талабына  сай  ҿзгере  бастағаны  олардың  ҿмір 
сүру  дҽстүрінен  анық  байқалады.  Бұл  -  ҽлемді  қамтыған  жаҺандану  дҽуірінің  бастапқы  кҿрінісі 
қоғамдағы  түрлі  ҿзгерістер  мен  ондағы  адамдар  тіршілігіндегі  маңызды  мҽселелер  білім  саясаты 
арқылы ғана шешімін тауып жатады. Білім беру жүйесі - ҽр елдің даму болашағын айқындайтын,  
 
ҽлемдік ҿркениетке жетуде негізгі  бағыттарын кҿрсететін біртұтас құрылым.  
12  жылдық  білім  беру  жүйесіне  кҿшу  -  ҽлемдік  білім  кеңістігіне  еркін  енуді  кҿздейтін  заман 
талабынан  туындаған  мҽселе.  Мектеп  бітірушінің  ҽлеуметтік  жҽне  қоғамдық  ҿмірдегі  ҿзгерістерге 
икемделе отырып, ондағы ҿз орнын анықтауын тың мазмұнды жаңа мектеп қана қамтамасыз ететінін 
ҽлемдік тҽжірибе кҿрсетіп отыр.  
Бүгінгі  күні  қарқынды  даму  үстіндегі  бірқатар  елде  12 жылдық  оқытуды  білім  беру  жүйесіне 
енгізуде нақты қадамдар жасалуда  
12 жылдық білім беруге біртіндеп кҿшуді жүзеге асыру  - оның қажеттілігі мен тиімділігін ҽр 
педаготың,  ата-ананың  саналы  түрде  түсінуін,  қабылдауы  мен  оған  белсенді  түрде  араласуын, 
икемділік танытуын қамтитын процесс.  
Уақыт  ҿткен  сайын  адамның  жалпы  орта  білімі  мен  кҽсіби  дайындығының  деңгейіне 
қойылатын  талаптар  үнемі  артып,  жандана  түсуде.  "Білім  сапасы"  атты  жаңа  анықтама  1993  жылы 
Еуропалық кеңесте ХХІ ғасырға бет алған білім жүйесін дамытудағы басты міндет ретінде танылды. 
Бұл. үрдіс кҿптеген елдердің орта білім беретін мектептерінің 12 жылдық, тіпті 13 жылдық мектепке 
айналуынан кҿрініс тапты.  
Еліміздегі  жаңа  білім  беру  реформасы  12  жылдық  білім  беруге  кҿшу  арқылы  шығармашы-
лықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, "жалпыға 
арналған  білімнен",  "білім  ҽркімге  ҿмір  бойы"  үлгісіне  кҿшуді  жҽне  ҽлемдік  білім  беру  кеңістігіне 
жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді.  
Мұғалімнің  кҽсіби  қызметінде  12  жылдық    профильді  білім  беру  жағдайында  оқу-тҽрбие 
үрдісін ұйымдастырудың ерекшеліктері мен жүзеге асыру жолдарына жан-жақты талдау мақсатында 
ҿз тҽжірибемізде нақты іс-шаралар атқарылуда. 
Білім  алушыларды  кҽсіби  оқытудағы  негізгі    мақсаттарымыздың  бірі  ғылыми-педагогикалық, 
ҿндірістік-техникалық  міндеттерді  шешуге  қабілетті  жҽне  мұғалімнің  кҽсіби  қызмет  түрі  мен 
функциясына қажетті маманды жаңа формация ұстазын, білім беру саласындағы мемлекеттік  білім 
беру  саясатының  стратегиялық  негізгі  бағыттарының  мҽселелерінің  бірі  12  жылдық  білім  беру 
жағдайында  тиісті функция  атқару  мҽселелерін шешуге қабілетті  мамандарды қалыптастыру  болып 
табылады.  Осы  мақсаттарды  жүзеге  асыру  үшін  жоғарғы  курс  студенттері  мен  магистранттарға 
арнайы  курстар  оқыла  бастады.  Курстарды  оқытудың  негізі  –  математика  мамандығы  бойынша 
мамандар  дайындаудағы  мемлекеттік  стандарты  орнатқан  талаптарды  жүзеге  асырумен  қатар,    12 
жылдық оқытуға кҿшуге байланысты негізгі мҽселелерді болашақ педагогтарға түсіндіру.  
Осы аталған білім беру мекемелерімен қоса жергілікті оқу орындары  Қызылорда облысының 
педагог- мамандарын 12 жылдық білім беру жүйесіне даярлау жұмыстарында ҿңірлік орталыққа баға 
жетпес үлестерін қосып келеді. 
Арнайы дайындалған сауалдар бойынша дҽріскер ғалымдар арасында сауалнамалар жүргізіліп, 
материалдардың тезистері жинақталып, «Хабаршы» ақпараттық  - ҽдістемелік журналы шығарылған. 
Ҽрбір курстан кейін «12 жылдық білім беруге кҿшудің ҿзекті жҽне түйінді мҽселелері», «Білім 
беру  реформасы    -  Қазақстанның  бҽсекеге  қабілеттілігінің  кепілі»  тақырыптарында  жергілікті 
атқарушы ұйым басшыларының, аудандық білім бҿлімдері қызметкерлерінің, БАҚ ҿкілдерінің жҽне 
дҽріскер  ғалымдар  мен  ҿңірлік  орталық  қызметкерлерінің  қатысуымен  басқосулар,    дҿңгелек 
үстелдер,  брифинг  жиындар,  педагогикалық  маслихаттар  ҿткізу  дҽстүрге  айналған.  Осындай 
шараларды ұйымдастыру арқылы педагог мамандар білім саласында болып жатқан жаңалықтар мен 
ҿзгерістер  тҿңірегіндегі  мҽселелердің  шешімдерін  тауып,  себептерін  анықтауға  мүмкіндік  алып 
отырады.  Соның ішінде ауыл  мектептерін  ақпараттандыру,  компьютерліндеруді жетілдіру,  педагог-
мамандардың  мҽртебесін  кҿтеру,  сынып  жетекшілерінің  қосымша  ақысын  кҿтеру,  оқу-ҽдістемелік 
кешендермен қамтамасыз етуді жетілдіру жұмыстары талқылау ҿзегіне айналуда.  
Қазақстанның  қазіргі  халықаралық  стандарттарға  сҽйкес  келетін  ұлттық  мектептің  даму 
стратегияларының  ғылыми-теориялық  негіздерін  айқындау,  қоғамның  жаңару  қажеттілігіне  сай 
келетін  тҽрбие  мен  білім  беруді  ғылыми  негіздеу  мақсатында  «12  жылдық  білім  беруге  кҿшу 
жағдайында  мектептің  жүйелі  дамуын  ғылыми  негізде  басқару»  тақырыбында  облыстық  ғылыми-
ҽдістемелік конференция ҿткізіліп, материалдары жинақ ретінде жарық кҿрді. 

 
 
29 
Қазіргі  таңда  жеке  тұлғаның  толыққанды  тұтастығын,  тұлғалығын  сақтай  отырып  оқыту, 
педагогикалық үдеріске инновациялық технологиялардың енгізілуін талап ететіндігін ескере отырып, 
оқылатын курстардың   мазмұнына толықтырулар енгізілуде.  
 
 
Мұғалімдерді  даярлауда  тҿмендегі жағдайларға баса назар аударылады: 
- білім беру үдерісін құзыреттілік тҽсілдерге кҿшіру негізінде ҽрекеттілікке тарту, ҿзгерістерге 
сҽйкес    білім  беру  процесін  ұйымдастыру  мен  жүзеге  асырудың  мақсатты  негізгі  бағыттарымен 
таныстыру. 
-  инновациялық  ҽдістемелік  жаңалықтар  мен  жаңа  технологиялармен  таныстыра  отырып, 
кҽсіби икемділігі мен шығармашылыққа талпынысының артуын қамтамасыз ету. 
-  болашақ    мектеп  мұғалімдерінің  ҿзін-ҿзі  үздіксіз  дамытуға  дайындығын  жетілдіру, 
сабақтастық мҽселелеріне кҿңіл аудару, психологиялық қолайлылықты қамтамасыз ету жҽне т.б.. 
Ҿскелең  ұрпаққа ҽлемдік стандарттарға сай білім, тҽлім-тҽрбие беру мақсатында кҿптеген игі 
істердің жоспарланып, атқарылып жатқаны баршамызға аян. Алайда білім сапасын ҽлемдік деңгейде 
қамтамасыз ету – бұл оңай міндет емес. Жеткіншек ұрпақтарды адамзат мҽдениетінің мүлдем басқа 
жағдайларына  бейімдеу,  ҿздігінен  икемделе  отырып,  белсенді  білім  алушыға  айналдыру  –  күрделі 
міндеттердің  тұтас кешенінен тұратын айрықша проблемаларды шешуді ҿз-ҿзінен кҿздейді. 
 
Аннотация. В статье расматриваются проблемы 12-летнего обучения и подготовка учителей новой 
формации.  
Annotation. 
This article considers problems of 12- year education and preparation teachers of new wave formation.
 
_______________________ 
1.
 
Современное образование  №2-3, 2008. 
2.
 
12 жылдық білім беру. Ғылыми-ҽдістемелік журнал  №2, 2007. 
3.
 
Жаңа жүйеге ҿтудің мҽселелері мен шарттары. 12 жылдық білім (Қазақстан мұғалімі – 2006 – 2 қыркүйек 3б.). 
4.
 
Хайрулина. А.Б 12 жылдық білім журналы, №3/2006ж – 18-20 бет 
5.
 
Жексенбаева.  Ү.Б  12  жылдық  білім  берудің  құрылымдық,  мазмұндық  ерекшеліктері.  12  жылдық  білім 
журналы, №5/2006ж – 3-6 бет 
 
 
 
И.Ильяс, Б.Торекеев 
 
М.ЖАНПЕЙІСОВАНЫҢ МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ 
ОҚУШЫЛАРДЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН ДАМЫТУҒА ЫҚПАЛЫ 
 
Қазіргі  білім  беру  саласындағы  оқытудың  жаңа  технологияларын  меңгермейінше  сауатты, 
кҽсіптік,  адамгершілік,  рухани,  жан-жақты  маман  болуы  мүмкін  емес.  Жаңа  технологияны  меңгеру 
мұғалімнің  интеллектуалдық,  кҽсіптік,  азаматтық  жҽне  де  басқа  кҿптеген  адами  келбетінің 
қалыптасуына  игі  ҽсерін  тигізеді.  Ҿзін-ҿзі  дамытып,  оқу-тҽрбие  үрдісін  ұйымдастыруына 
кҿмектеседі. 
Осыған  байланысты  оқытудың  тиімділігін  арттыру  мақсатында  жаңа  білім  парадигмасына 
сүйене  отырып,  М.М.Жанпейісованың  «Модульдік  оқыту»  технологиясының  ҿзіндік  нұсқасы 
жасалынды.  Осы  технологияның  идеяларына  тҽжірибелік  негіздеме  беру  мақсатында  тоғыз  жыл 
бойына  (1992-2001ж)  оның  ғылыми-теориялық  ҽзірлемесі  Қазақстанның  ҽртүрлі  аймақтарындағы 
білім  мекемелерінде  сынақтан  ҿткізілді.  Зерттеу  нҽтижелері  мен  тҽжірибелік-эксперименталдық 
жұмыс  оны  орта  мектептерде,  гимназияларда,  лицейлерде,  колледждерде,  институттарда  жҽне  т.б. 
оқу орындарында қолдануға болатынын кҿрсетті. Оқыту технологиясының ҽзірлеген нұсқасының бір 
ерекшелігі  –  оның  білімді  меңгеруге  емес,  тұлғаның  танымдық  қабілеттерін  жҽне  танымдық 
үрдістерді: яғни, жадының алуан түрлерін (есту, кҿру, қимыл жҽне т.б.) ойлайды, ынтаны, қабылдау 
қабілетін  арнайы  жасалған  оқу  жҽне  танымдық  жағдайлар  арқылы  дамытуға,  сондай-ақ  тұлғаның 
қауіпсіздігін,  ҿзін-ҿзі  ҿзектілендіру,  ҿзін-ҿзі  бекіту,  қарым-қатынас,  ойын,  танымдық  жҽне 
шығармашылық  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға,  белсенді  сҿздік  қорын  дамытуға  бағытталуда. 
Модульдік  оқыту  технологиясында  оқушы  ҿзінше  мақсатты  жеке  бағдарламамен  оқитындай  етіп 
оқыту үрдісін ҿзгертеді, қайта құрады. 

 
 
30 
М.М.  Жанпейісованың  модульдық  оқытудың  білім  мазмұнын,  білімді  игеру  қарқынын,  ҿз 
бетінше  жұмыс  істей  алу  мүмкіндігін,  оқытудың  ҽдісі  мен  тҽсілдері  бойынша  ҿзге  тҽсілдерге 
қарағанда  ҿзгешеліктері  бар.  Соған  байланысты,  М.Жанпейісова  ұсынған,  Ақтҿбе  облысында 
сыналған педагогикалық технологияның мазмұны мынадай болады: 
 
1.
 
Жалпы оқу мақсатын қою
2.
 
Жалпы тұжырымдалған мақсатты анықтау; 
3.
 
Оқушылардың білім деңгейін алдын-ала анықтау; 
4.
 
Жедел, кері ҽсер негізінде оқыту үрдісіне түзетулер енгізу; 
5.
 
Нҽтижені бағалау. 
Осындай  құрылыстағы  блоктардан  тұратын  оқу  процесі  модульдік  сипат  алады.  Жалпы 
модульдік  оқыту  технологиясынан  М.Жанпейісова  нұсқасының  ерекшелігі  сол,  мұнда  балаларды 
оқуға ұмтылдыру емес, жеке танымдық ҽрекеттерін ұйымдастыру, оқу процесін диалогтық қатынас 
негізінде  құру  кҿзделген.  Мысалы,  онда бір  блокты  меңгеруде  мұғалімнің жұмысы  мынадай  болып 
келеді: 
1.
 
Балаларды оқу мақсатымен таныстыру
2.
 
Мазмұны  жағынан  маңызды  тақырыппен  жҽне  тарау  бойынша  құрылған  блоктармен 
оқушыларды таныстыру; 
3.
 
Мұғалім  сызба,  кесте  қолдана  отырып  материалды  қысқаша  баяндайды.  Оқушыларды 
зерттеуге, іздеуге жетелейді. 
4.
 
Диалогтық  қарым-қатынас  негізінде  оқушылардың  танымдық  іс-ҽрекетін  ұйымдастыру. 
Оқушылардың іс-ҽрекет нҽтижесін бағалау. 
5.
 
Оқу  материалына  бірнеше  рет  орала  отырып  тарауды  аяқтау.  Ҿтілген  тарау  бойынша 
тестілеу жүргізу. 
6.
 
Үш  деңгейлік  жүйемен  дайындалған  билеттер  бойынша  зачет,  бақылау  жұмысы,  сын 
жұмысын ҿткізу. 
Модульдік оқыту технологиясының мақсатын 3 деңгейде қарастыруға болады:  
І. Білімділік:  
1.  Білімді  қалыптастастыру  (оқушыларды  білімнен  хабардар  етіп  қана  қоймай,  оларға 
мҽліметтер беріп білімді қалыптастыру). 
2.  Пҽн  бойынша  білім  білік  дағдыларын  қалыптастыру.  Оқушыларға  деңгейлік  тапсырмалар 
беру арқылы алған білімдерін бағалау. 
3.  Оқушылардың  ҿздерінің  жетістіктерін  ҿздеріне  талдатып,  ҿзіндік  бағалар  ҽрекетін 
ұйымдастыру. 
ІІ. Тәрбиелік:  
1.  Адамгершілік  тҽрбиесін  беру.  (Қазақстандық  патриотизм,  ұлттық  келісім  ұғымдарын  дұрыс 
қабылдау, үлкенге сый, кішіге жол кҿрсету. 
2. Еңбек тҽрбиесі (еңбекке баулу, еңбек адамдарына сый құрмет, мамандыққа бағдарлау жҽне 
экономикалық тҽрбие). 
3.  Сұлулық  тҽрбиесі  (табиғат  пен  ҿнердегі  сұлулықты  түсінуге,  ҽдептілік  ережелерін  бойына 
сіңірген шығармашылық  қабілетін мүмкіндігінше дамыған азамат тҽрбиелеу. 
ІІІ. Дамытушылық:  
1.  Жеке  тұлғаны  дамыту  (талдау  салыстыра  білу  қабілеттерін  дамыту,  оқу  материалының  ең 
бастысын, мазмұнын ажыратуы, классификациялау). 
2. Жалпы қабілеттелікті дамыту (ҽдебиеттер мен қосымша кҿрнекіліктерді тиімді пайдалану) 
3. Еріктілікті дамыту, қабілеттелік пен белсенділік, танымдық қиыншылықты жеңуге тырысу. 
4.  Танымдық  қызығушылықты  дамыту  (  танымдық  қызығушылықты  дамытудың  стимулы, 
жаңашылдық, ғылым мен жетістіктерін пайдалана білу) 
5. Сезімді дамыту. 
Модульді 3 бҿлімнен тұрады деп қарастыруға болады. 
1.
 
Кіріспе бҿлім (модульге, тақырыпқа ену). 
2.
 
Диалог,  сұхбат  (сҿйлеу  бҿлімі)  арқылы  оқушылардың  танымдық  іс-ҽрекетін  ұйымдастыру 
бҿлімі. 
3.
 
Қорытынды бҿлім (бақылау жұмыстары). 
Ҽр модульдегі сағаттар саны ҽр түрлі. Бұл бағдарлама бойынша тарауға бҿлінген сағат санына 
байланысты. 

 
 
31 
М.Жанпейісова  жүргізген  зерттеулер  7-12  сағаттан  тұратын  оқу  модулі  ҿте  тиімді  екендігін 
кҿрсетті. Кіріспе бҿлімге 1-2 сабақ, қорытынды бҿлімге 2-3 сабақ, қалғаны түгелдей сұхбат бҿліміне 
беріледі. Бұл ҽрбір оқушының білімді меңгеру, дайындық деңгейіне қарай оқу материалын 3 деңгейде  
 
 
қарастыру  қажеттігінен  туындаған.  Мысалы,  мұғалім  9  сағатқа  арнап  оқу  модулін  құрса,  1  сағат 
кіріспе бҿліміне, 2 сағат қорытынды бҿліміне, 6 сағат сұхбат бҿліміне бҿлінеді. Осы сұхбат бҿлімінде  
сыныпты 4-7 баладан тұратын топтарға бҿліп олардың ҿзара ҽрекетін ұйымдастыру керек. Мұғалім 
бұл жерде ынталандырушы ролінде болады. 
М.Жанпейісованың  оқыту  технологиясында  мұғалімнің  алдын-ала  жұмыстары  келесі  түрде 
болады: 
1.
 
Тарау  немесе  блок  бойынша  меңгерілуі  тиіс  білім,  білік,  дағдыны  анықтау,  модульден 
негізгі ұғымды бҿліп кҿрсету. 
2.
 
Тақырып бойынша тірек-сызбаларды салу. 
3.
 
Тексеру  бҿлімі  үшін  оқу  модулінің  бүкіл  мазмұны  бойынша  15-20  тапсырмадан  тұратын 
тест  құрастыру.  Сынақ  немесе  бақылау  жұмысы  үшін  модуль  бойынша  сұрақтар  мен  тапсырмалар 
блогын құрастыру. 
4.
 
Диалогтық  сұхбат  бҿлімі  үшін  3 деңгейдегі  ҿз  бетінше жұмысқа арналған  тапсырмаларды 
бүкіл сынып үшін дайындау. 
Модульдің әр бӛлімінде пайдаланатын әдістемелер 
І. Кіріспе бӛлімде М.Жанпейісова Л.Фридманның келесі іс-ҽрекеттерін ұсынады: 
1.
 
Проблемалық ситуация тудыру. 
2.
 
Негізгі оқу міндетін анықтау. 
3.
 
Ҿзін-ҿзі бақылау мен бағалау. 
4.
 
Жұмыс жоспарын жасау жҽне талқылау. 
Оқу модулінің кіріспе бӛлімінде мҧғалімнің атқаратын қызметі: 
а) оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен жҽне мазмұнымен таныстырады. 
ҽ)  оқушылардың  осы  оқу  модуліндегі  танымдық  қызметінің  мақсаттары  мен  міндеттерін 
анықтайды, ҽсіресе бұл мақсаттар мен міндеттерді ҽрбір оқушының «қабылдауына», түсінуіне ерекше 
кҿңіл бҿледі; 
б)  тірек  сызбаларға  («орамаларға»,  белгілік  үлгілерге)  сүйене  отырып,  модульдіңтұтас 
тақырыбы бойынша оқу материалын қысқаша 15-20 минут) ішінде түсіндіреді. 
ІІ. Диалогтар, сҧхбат бӛлімі
Бұл  бҿлімде  сабақтарды  ҿткізудің  ҽртүрлі  түрлері  қолданылады.  Оқытылатын  оқу 
материалының  мазмұнына  қарай  жеңіл  деңгейдегі  тапсырмалар,  орта  деңгейдегі  жҽне  қиын 
деңгейдегі зерттеу элементтері бар күрделенген тапсырмаларды ҽр оқушы үшін алдын-ала дайындап 
қою  керек.  Кҿтерілген  мҽселе  бойынша  пікір  алмасуды  ұйымдастыру  педагогикалық  тҽжірибеде 
кеңінен  белгілі.  Мысалы,  «Британдық  дебат»,  «Дҿңгелек  стол»,  «Форум»  сияқты  кҿптеген  пікір 
алмасулар белгілі. Мұғалім пікірталастың ҿзі қалаған кез-келген түрін алады. Бұл бҿлімінде, мұғалім 
сыныпты  2-6  адамнан  шағын  топтарға  бҿлу  арқылы  негізінен  оқушылардың  ҿзара  ҽрекет  етуіне, 
ізденуіне ықпал етеді. Бұл бҿлімде оқушы – ізденуші, сҿйлеуші, қорғаушы, ал мұғалім – бағыт беруші 
жҽне оқушының жұмысын бағалаушы қызметін атқарады. 
Кіріспе  бҿлімінде  мұғалім  оқушыларды  оқу  модульін  жалпы  құрылымымен,  оның  мақсат-
міндеттерімен  таныстырады.  Содан  соң  мұғалім  осы  оқу  модулінінің  барлық  уақытына  есептелген 
оқу  материалын  қысқаша  (10-20  минут  ішінде),  сызба,  кесте  жҽне  тағы  да  басқа  белгілік  үлгілерге 
сүйене  отырып  түсіндіреді.  Оқушылардың  оқу  материалын  қайта  жаңғырту  деңгейін,  қарапайым 
білік  пен  дағдыларды  жҽне  білімін  іс-жүзінде  бірнеше  рет  қайта  қолдануы  сҿйлесу  бҿлімі 
сабақтарында жүзеге асырылады. 
Тақырып  мазмұнына  (тұтас  тақырып  немесе  тарау  бойынша)  «ҿсу»  бағытымен  – 
қарапайымынан 
күрделіге, 
репродуктивтік 
тапсырмалардан 
шығармашылық 
сипаттағы 
тапсырмаларға,  зерттеушілік  қызмет  элементеріне  қарай  бірнеше  мҽрте  қайта  оралып  отыру  ҽр 
оқушыға  оқу  материалымен  жұмыс  істей  отырып,  ҿз  қабілеттерін,  жадын,  ынтасын,  бойлауын, 
ауызша жҽне жазбаша тілін дамытауға мүмкіндік береді. 
Ҽрбір  дербес  тарауды  (тақырыпты)  оқып  үйрену  үш  негізгі  кезеңнен:  1.  Кіріспе  – 
қызықтырушылық; 2. Операционалдық  – танымдық. 3. Рефлекциялық бағалау кезеңдерінен тұрады. 
Аталмыш  модульде  кіріспе  –  қызығушылық  кезең  кіріспе  бҿлімінде  іске  асырылады.  Бұл  кезеңде 

 
 
32 
оқушылар  тағы  да  бағдарламаның  осы  тарауын  неге?  жҽне  не  үшін?  оқып-үйренулері  керек,  ҿздері 
нақты  нені  меңгеріп,  үйретулері  тиіс,  алдағы  жұмыстың  негізгі  оқу  міндеті  қандай  екенін  түсінуі 
қажет. Білімді неғұрлым тиянақты меңгеру үшін оқушының мақсатты түсінуі (мақсаттың қозғаушы,  
 
 
қызықтырушы  күш  болуы)  аса  маңызды.  Ол  үшін,  мақсат  (нені  білу,  нені  үйрену,  оның  мағынасы 
(бұл не үшін қажет) нақты айқын белгіленіп, мақсатқа жету тҽсілдері кҿрсетілуі керек. 
Объектілердің нақты қасиеттері жайлы білімді қалыптастыруда түсіндіруді сызба жҽне белгілік 
үлгілер  түрінде  кҿрініс  тапқан  ҽрекеттен  бастаған  тиімдірек.  Қандай  да  бір  құбылысты  тану 
барысында адамда оны түсінгендік, меңгергендік сезімі пайда болуы тиіс. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет