А. Ғ. КӨшім географиялық картографиялау: табиғат карталары оқу құралы Алматы 2014


Карталардың легендасын құрастыру ерекшеліктері



бет15/32
Дата16.02.2023
өлшемі3,14 Mb.
#68308
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32
Байланысты:
treatise22703

5.5 Карталардың легендасын құрастыру ерекшеліктері

Геоморфология картографиялаудың осы уақытта дейін қабылданған бір принципі жоқ. Бірақ, жалпы геоморфология картлардағы жер бедерінің сипаты үш көрсеткіш бойынша берілуі бекітілген: генезисі, жасы және морфологиясы. Геоморфология түсірілімнің әр түрлі мақсаттарымен, аумақ бедерінің әр түрлілігімен, сонымен қатар, қалыптасқан типологиялық геоморфология картлардың ортақ легендаларын құрастыру принциптері мен әдістемелері әлі де шешілген жоқ.


Карталарда бедер пішінін немесе олардың табиғи топтамаларын, яғни қай элементтерді ерекшелеу керек және картографиялық бейнелеудің әдістемелерін қалай дұрыс пайдалану керектігі туралы пікірлер көп. Бейнелеу құрылғыларын, пішіндер мен көрсеткіштер жүйесін таңдау және олардың қайсысы карталарды құрастыру кезінде пайдалану керектігі қазіргі кезге дейін әрқалай.
Геоморфология картографиялауында негізгі үш бағытты қарастырылады: генетикалық, морфогенетикалық және морфоқұрылымдық.
Генетикалық қағиданың негізінде карталардың мазмұнын дайындау және легендасын құрастыруында В.Пенктің идеясы жатыр. Жер бедері жазықтық пен беткейлер жиынтығын құрайтын, бедердің даму бағыттылығын көрсетеді. Ұсақмасштабты карталарда жергілікті жерде үлкен аумақты ауданға сәйкес генетикалық тұрғыдан біртекті кешендердің кескіндері көрсетіледі.
Жер бедері мен беткейлер ұқсастығын бейнелеу үшін Д. В. Борисеевичпен құрастырылған легендада 62 белгі берілген. Ол арқылы жер бедерінің көптеген генетикалық пішіндерін сипаттауға болады. Ұсақ масштабта жер бедерін сәйкестендіру өте күрделі, сондықтан генетикалық бағытталу ірі және орта масштабтағы карталар мен далалық картографиялауда пайдалынады. Осы принцип негізінде б.КСРО кезінде шыққан «жаңа сериялы» геология карталарына қосылған, 1:1 000 000 масштабтағы геоморфология карталар легендалары құрастырылған.
Морфогенетикалық негізінде бедердің морфологиясын, генезисін (шығу тегі) және жасын бірге бейнелейтін кешенді ұстанымдары жатады. Карта мазмұнының негізгі нысандары болып әр түрлі таксономиялық рангтегі бедер категориялары табылады. Бұл категориялар легендада толықтай сипатталады. Бедердің морфогенетикалық типі бірнеше болады: морфологиялық, гипсометриялық, генезисті, жаңа тектоникалық, құрылымның ерекшеліктері, басқа құрылымдармен байланысы, кейде субстраттың сипаттамасы, жасы және т.б. Бедер пішінінің жасы, көп жағжайда, генезисімен бірге берілген түстердің қанықтылығы немесе геологиялық индекстермен беріледі. Бедердің морфологиясын бейнелеу, горизонтальдар және оларға қосымша ретінде масштабтан тыс шартты белгілер, ал кейде, биіктің өсуіне байланысты түстер қоюлану арқылы беріледі. Бұл топтағы карталарды құрастыру үшін әр түрлі ұқсас әдістер қолданылады.
Сонымен бірге, геоморфология картографиялауында морфоқұрылымдық бағыты кеңінен дамуда. Ол бедер пішіндерін анықтау принциптерінде эндогенді және экзогенді факторлардың бірге рөлі басым болып келетін, әрекеттесу нәтижесінде пайда болуына сүйенеді. Даму нәтижесінде жаңа типті, яғни морфоқұрылымдық карталар дайындалады. Оларды дайындау үшін, жер қыртысының блокты және қатпарлы морфоқұрылымдарын анықтауға мүмкіндік беретін, морфоқұрылымдық талдау пайдалынады. Блокты тектоника тау бедері қалыптасуының негізгі факторы ретінде саналады.
Картаның легендаларын құрастыру негізінде жер бедері пішіндерінің, басты генетикалық факторы бойынша анықтау қажет. Бұл көптеген аумақтар үшін басты тектоника саналса, онда блокты морфоқұрылымдардың элементтерін картографиялау қарастырылады: биік, төбешікті бедерлер, гросты жоталар мен әртүрлі типтегі көтерілімдер, беткейлер, қазаншұңқырлар – грабендердің және маржанды аңғарлардың түбтері, «баспалдақтар» мен кертпештер және т.б.
Легенданың ерекшелігі. Легенда арқылы құрастылатын картлар, жер бедерінің құрылымдық негізін бейнелей отырып, оның алғашқы пайда болуын көрсетеді, бұл жағдайда, эндогенді құраушы басты рөл атқарады. Морфоқұрылымдық картографияның алдына қойған мақсатына теконикалық құрылымдардың денудация және аккумуляция әсерінен өңделу дәрежесін де бекітеді. Сондықтан да осы легенда бойынша құрастырылған карталарды жалпы геоморфология карталар ретінде қабылдауға болады.
Морфоқұрылым да картада түспен беріледі, ал оның артуы морфоқұрылымдық гипсометрияны бейнелеу үшін әрекет етеді: орташа және биік таулы картада жер бедерінің көрінісінде анық көрінетін, төменгі қатардағы жарылымдар мен тереңдік жарылымдар зоналары көрсетіледі. Денудация мен аккумуляция типтерін көрсету үшін штрих қолданылады. Оның түстері экзогенді үрдістердің дамыған зонасын көрсетеді. Картаның негізгі мазмұны эндогенді, сонымен қатар, экзогенді үрдістерге байланысты, жер бедерін немесе жеке пішіндердің масштабтан тыс белгілер арқылы толықтырлады.
Теңіз бен мұхиттардың бедерінің құрылымдық жаңа геоморфология карталарында бейнеленуі, су асты бедер пішіндерінің генетикалық жіктеу негізінде құрастырылған. Жер қабығының құрылымдық типіне сәйкес келетін дүние жүзілік мұхит түбінің ірілеу жеке бөліктері болып келесі саналады: құрлықтардың су жағалаулары мен құрлықтың беткейі, мұхит түбі – мұхиттық платформалармен орта мұхиттық жоталар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет