Бақылау сұрақтары:
Тектоника карталары қандай түрлерге бөлінеді?
Тектоника карталарының мазмұны неден тұрады?
Картаның легендасын құрастыру тәсілі, безендіру әдісі қандай?
Тектоника карталарын құрастыру принциптері.
ГЕОМОРФОЛОГИЯЛЫҚ КАРТОГРАФИЯЛАУ
5.1 Геоморфология карталарының типтері және мазмұны
Жер бедерінің картографиялау нысаны ретінде әр түрлі сипатталған: морфологиялық – бедердің түрі мен пішінінің сыртқы сипатын көрсетеді; морфометриялық – сандық көрсеткіштері арқылы және морфогенетикалық қазіргі бедер пішінінің өзгеруі мен оның даму тарихын, жасын және қалыптасуын бейнелейді (4-сурет).
4-сурет. Геоморфологиялық картасының көрінісі
Морфология көрсеткіштері карталар тобымен беріледі: гипсометрия, орография және физикалық. Оның ішінде гипсометрия карталары - бірнеше сипаттамалардан тұратын ортақ карта болып саналады, орографиялық картада жер бетінің орографиялық құрлымы көрсетіледі, ал физикалық карта - бедердің сыртқы пішінін бейнелеу арқылы бірін-бірі толықтырады.
Морфогенетикалық сипатын көрсететін көптеген карталар тобы бар: эндогенді және экзогенді үрдістердің нәтижесінен қазіргі бедердің пайда болуын түсіндіретін жалпы геоморфологиялық карталар; қандай болсын қазіргі бедер түзуші үрдісінен (мысалы, теңіз әрекетінен пайда болатын жағадағы үрдістер) пайда болған бедерді көрсететін жеке карталар; арнайы карталар нақты мақсатқа арналған карталар.
Бедердің барлық тақырыптық карталарын құрастыру үшін география негізбен база болып, басқа тақырып топтарындағы карталармен байланыс қамтамасыз ететін, жалпы география атластарда оның көлденең түрде бейнеленуі қызмет етеді.
Гипсометрлік карталарды толықтыратын карталардың жаңа типі болып орография карталары саналады. Бейнелеудің гипсометрия әдістері бойынша орография құрылымның толық және жеткілікті түрде бейнеленуі горизонтольдар мен изобаттар арқылы шкаласын жетілдіре алмайды: тау жоталарының әр түрлі бағыталуы, орналасуы мен бөлінуін, құрылымдық типін, ірі бедер пішін (тау жоталары, аласа таулар, қыраттар, қазаншұңқырлар және т.б. пішіндер) типін анықтайды, мысалы, б. КСРО мен Дүние жүзінің гипсометрия карталары жатады. Оларда көптеген жоталар мен қазаншұңқырлар жоқ, тау жүйесін бейнелеуде бір тұтастық жоқ.
Дүние жүзінің орография картасы жалпы топография және тектоникалық карталары, құрылымдар ерекшеліктері, ғарыштық түсірілімдер көмегімен құрастырылады. Картаны құрастыру кезіндегі жалпылаудың негізгі мақсаты - жүйенің нақты рангін анықтау: жаһандық және субжаһандық, аумақтық және жергілікті. Жүйе бөлімдерін бейнелеуде картаның авторлары бірнеше кешендік сипаттарына сүйенеді. Соның ішінде: абсолюттік және салыстырмалалы биіктіктері мен жүйенің қашықтығы. Бөлімдерді іріктеп таңдауда жалпы құрылымның өлшемі, күрделілігі, графикалық мүмкіндіктері назарға алынады.
Карта мазмұнының негізгі түрі ретінде құрылымдардың штрихпен бейнеленуі – гипсометрлік шкаланың горизонталь және изобат сияқты сызықтар деңгейі саналады. Гипсометрлі шкала деңгейлері гипсометрлі карталарымен салыстырғанда өте қатты үлкейтілген.
Морфометрия карталары мазмұны бойынша өте қарапайым, онда бір-екі көрсеткіштер беріледі. Бейнелеу тәсілі – картада ареалдармен көрсетілетін шкала бойынша градациямен сандық фон. Сонымен қатар, псевдоизосызықтар да пайдаланады. Бірақ, олар керек емес жерге жасанды өзгертулер енгізе отырып, градацияның алмасуын бұзады. Гипсометрлі карталардан палеткалар арқылы сандық көрсеткіштерді алу үшін көп уақыт кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |