А. Ғ. КӨшім географиялық картографиялау: табиғат карталары оқу құралы Алматы 2014



бет16/32
Дата16.02.2023
өлшемі3,14 Mb.
#68308
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32
Байланысты:
treatise22703

Бақылау сұрақтары:

  1. Геоморфология карталарының типтері?

  2. Геоморфология карталарының мазмұнына не кіреді?

  3. Картаның легендасын құрастыру тәсілдері.

  4. Геоморфология карталарын безендіру әдістері.

  5. Карталарды құрастыру принциптері.




  1. КЛИМАТТЫҚ КАРТОГРАФИЯЛАУ



6.1 Климаттық карталардың мазмұны және маңыздылығы

Климаттық карталар мазмұны және маңыздылығы бойынша келесі топтарға бөлінеді:



  • кеңінен пайдаланатын климаттың негізгі элементтер карталалары;

  • қолданбалы көрсеткіштер карталары;

  • климаттық аудандастыру карталары (жалпы климаттық және қолданбалы);

Климаттың негізгі элементтер карталалары арасында келесі карталарды ажыратуға болады:

  • климат қалыптастырушы факторлар карталары: тура, таралу, қосынды күн сәулелерінің радиациясы және радиациялық баланс, циклондар және антициклондар жылжуы және олардың қайталануы және т.б.

  • термикалық режим: жыл бойы және ай бойынша ауаның орташа температурасы, ауа температурасының жылдық және тәуліктік амплитудасы және т.б.;

  • ылғалдану және жел режимі (жауын-шашын, қар жымылғысы және т.б.);

  • атмосфералық құбылыстар картасы (күн күркіреу, аяз түсу, тайғак болу және т.б.)

Типтері бойынша климаттық карталар аналитикалық, сиететикалық және кешенді карталарға бөлінеді.
Аналитикалық карталар климаттың жеке элеметтерін, мысалы, ауа температурасын, жел бағытын, жауын-шашынды көрсетеді. Кейде аналитикалық карталар кешенді карталарға ауысып бір-екі көрсеткіштерді қосып көрсетеді (қысым мен желді, температура мен жауын-шашынды) (6-сурет). Аналитикалық және кешенді карталарды құрастыру үшін метеорологиялық элементтердің жылға, маусымға, айға немесе басқа маусымға есептелген орташа көпжылдық және ең көп көрсеткіштерімен амплитудаларын пайдаланады. Сонымен қатар, болжамды көрсеткіштер қолданылады: ықтимал, қайталану мүмкін, қамтамассыз ету және т.б. Климатты көрсету үшін қазіргі кезде тек аналитикалық карталарда көрсеткіштердің саны 300 –н асады.
Синтетикалық климаттық карталар ерекше топ құрайды, олар әр аймақтағы климат элементтері арасындағы байланыс, заңдылықтар негізінде климаттың ерекшеліктері туралы көрініс береді. Синтетикалық карталарға климаттық аудандастыру карталары жатады (жалпы климаттық және қолданбалы). Қазіргі кезде жаңа карталар типтері құрастырылуда - синтетикалы-аналитикалық, оларда аудандастыру климаттың негізгі көрсеткіштері бойынша аналитикалық көрсеткіштерімен толықтырылады. Жеке аймақтардың климат аудандастыру картасының құрастыру принциптері климаттық классификация әдістемесімен анықталады.Олардың негізінде:

  • климатты генетикалық негізде бөлу (Б. П. Алисов бойынша);

  • бір немесе бірнеше климат көрсеткіштері бойынша аудандастыру (В. Кеппен, А. Зупан, А.А. Камминский, Н. Н. Иванов классификациялары);

  • ландшафтты-географиялық принципі бойынша аудандастыру (Л.С. Берг, В.В. Докучаев);

  • озендер классификациясы (А. И. Войеков, А. Пенк, М. И. Львович және т.б.).




6-сурет. Батыс Қазақстан облысының климат картасы.


Қолданбалы карталар арасында маңыздылығы мен мазмұны бойынша агроклиматтық; био- және медико-климаттық карталар; құрлыс және инженер мақсаты үшін, көлі, авиация үшін және т.с.с. карталар ажыратылады. Агроклиматтық карталарда жеке ауылшаруашылық өнімдерін өсіру үшін климаттық ресурстарды бағалау мәліметтері немесе кешенді ауылшаруашылыққа арналған жерлердің кешенді агроклиматтық сипаттамасы көрсетілді. Рекреация және медициналық мақсатта қолданбалы климаттық карталар құрастырылуда. Бұндай карталар төменгі рангі топтарға бөлінеді.


Аумақтың көліміне және климат жағдайының зерттеуіне байланысты картографиялау масштабы таңдаладыү Әдеттегідей, Ресей және барлық бұрыңғы КСРО аймақтарына 1:35 000 000-н 1:10 000 000 дейін, ал жеке аймақтарға – 1:5 000 000 – 1:1 000 000 масштабтар қолданылады.
Микроклиматтық картографиялау 1:10 000, 1:25 000 (ірі масштабты) және 1:100 000 (микроклиматтық орташа масштабты) масштабтарда құрастырылады. Бұндай картографиялау ауыл шаруашылыққа, құрлысқа, жобалау жұмыстарына қажетті жер бедері, су көздерінің болуы, өсімдіктер жамылғысымен байланысты аймақтың микроклиматтық ерекшелігін бейнелеуге мүмкіндік береді.
Климаттық ақпарат алу және климаттық карталарды құрастыру үшін жақсы әдістер бар, олар И. А. Гольцберг, О. А. Дроздова, П. И. Колоскова, Е. С. Рубинштейн және т.б. еңбектерінде берілген.
Климаттық карталар табиғи ресурстарды зерттеу, табиғаттың басқа да компонентерімен (бедер, топырақ және өсімдіктер жамылғысы) байланысын талдау үшін өте маңызды. Карталар ауылшаруашылықта, құрлыста, курорты және медицинаны зерттеуде, рекреацияда, туризмде және т.б. ауылшаруашылық салаларында пайдалынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет